Пюс түсі

Puce — «бүрге» сөзінен (фр)

Огюст-Гиацинт Дебе. Мадам Феликс Круси портретi. 19 ғасыр / Alamy

Пюс — қызылдау болып құбылған өте қою қоңыр түс, бұл тек бүргенің ғана емес, мыжылған бүргенің және де оған дейін қанға әбден тойған бүргенің түсі. Реңктердің атауларын ойлап тапқан париждік модельерлер осындай әзілқойлар еді. Ал пюс түсі тиімді, төзімді әрі кір көтеретін түс ретінде көп ұзамай аса ауқатты емес қарапайым адамдардың киімінің белгісіне айналды. Гувернанттар мен кедей шенеуніктердің түсі. Мәселен, Теофиль Готьенің «Капитан Фракасс» кітабында маркиза жібектен тігілген пюс көйлегін кигісі келеді, бірақ тек бойын сұңғақтау қылып көрсеткісі келетіндіктен, себебі пюс түсі — өте күңгірт түс қой.

Бүгінде дизайнерлер қабылдаған он алтылық код бойынша 47230a деп аталады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы