Билік пен бейбастық түсі

Сары өзен, сары патша һәм порнография

1889-1912 жалдардағы Қытай туы/Wikimedia commons

Қытай мәдениеті сары түсті ерекше құрмет тұтады. Мұның сыры неде?

Cарыөзенді (Хуанхэ) «күллі Қытайдың анасы» деп атайды. Өйткені аталмыш өзен алабының орталық бөлігінде тұнба шөгінділерінен пайда болған құнарлы Лесс үстіртінде Қытай өркениеті қалыптасты. Бұл тек әншейін аңыз емес. Қытайлық археологтар Хуанхэ өзенінен оңтүстікке қарай екі шақырымдай жерде орналасқан орталық Хэнань провинциясында кем дегенде 5300 жыл бұрын болған үлкен қаланың қирандыларын тапты.

1 / 2

Бәлкім, дәл осы көне қала бір кездері Қытайдың алғашқы мифтік императоры Хуан Ди басқарған, халық арасында оны Сары деп те атаған екен. Қытайдағы даосизм философиясын «сөзбен сипаттауға болатын дао нағыз дао емес» философиясын құруға себепкер болған Хуан Ди бүкіл қытайлықтардың алғашқы атасы болып саналады.

Ол қай заманда өмір сүрді, тіпті ол өмірде болған адам ба, белгісіз. Оның бейнесі адамдарға аспаннан от жеткізген, сөйтіп адамзатты оттың көмегімен ас пісіріп, құмыра, кетпен, тағы да басқа тірлікке қажет құралдар жасауды үйреткен грек титаны Прометейдің бейнесіне келіңкірейді. Хуан Ди адам өмірін жеңілдеткен көптеген өнертабыстарымен де танымал. Ол адамдарға арба, қайық жасауды, ағаштан үй салудың тәсілін көрсетті. Көзеші шарығын ойлап тапты, жазуға баулыды, күнтізбе мен бамбук ағашынан флейта да жасап шығарды. Таңғалатыны жоқ, Қытай әдебиетінде көне дәуірге тап болған қазіргі адамдар туралы шығармалар бар, ондағы қаһармандар сан қилы шытырман оқиғаларды еңсеріп шыққан соң Хуан Ди атанып жатады.

Хуан-ди, немесе Сары император/Wikimedia Commons

Хуан-ди, немесе Сары император/Wikimedia Commons

Неліктен Хуан-Ди «Сары император» аталды? Иә, қытайлықтарда осы түспен байланысты идеялардың тұтас кешені бар.

Ежелгі қытайлардың көзқарасы бойынша ғаламның негізгі параметрлерін анықтайтын у-синнің бестік құрылымындаiбес элемент; бес стихия; бес әрекет; бес қимыл-қозғалыс; бес кезең; бес хал сары түс – Жердің сипаты, өмір мен өлімнің көрінісі. О дүниені «Сары кілттер» деп атады, бірақ сары тырна мәңгі өмірдің аллегориясы болды, яғни даостық ажалсыз адамдар сары тырналарға мініп, бұ дүниеден арғы әлемге ұшып кетеді деп сенген.

Бірақ, ең бастысы, қытай тілінде көптеген басқа тілдердегідей «сары» және «алтын» сөздері бір ұғымға саяды. Орыс тілінде де бұл сөздердің шығу тегі ортақ, көптеген герман тілдерінде жақын мәнді сөз ретінде қарастырылады.iгерман тілінде Gelb (сары) — Gold (алтын)

Сары тырна мұнарасыңдағы мурал. Ухань, Қытай/Alamy

Сары тырна мұнарасыңдағы мурал. Ухань, Қытай/Alamy

Қытайлықтар үшін «сары» (黄, хуан) шын мәнінде «алтын» (金黄, джин хуан, сары металл) дегенді білдіреді. Сондықтан көптеген халықтың алтын жүрек, алтын ғасыр немесе қолы алтын деген мақтау мәніндегі сөз тіркестеріне қытайлықтар «алтынның» орнына «сары» сөзін жалғап айтады. Ал патшаның лақап атын «Алтын патша» деп аударсақ, дұрысырақ болар еді, бірақ тарихи тұрғыдан ол басқаша болып кетті.

Қытайда сан ғасырлар бойы сары түсті киімдер киіп, аксессуарларды тағынуға тек патшалар немесе ақсүйектердің ғана хақы болған, ал қараша халық сары түсті киім кимегені анық, себебі бұл өлім жазасына кесілгендердің киімі еді.

Сары лак жағылған Қытай вазасы. 17 ғ. соңы - 18 ғ. басы. Уильям Уолтерстің “Шығыс керамикасының коллекциясы” кітабынан алынған сурет. 1897/Alamy

Сары лак жағылған Қытай вазасы. 17 ғ. соңы - 18 ғ. басы. Уильям Уолтерстің “Шығыс керамикасының коллекциясы” кітабынан алынған сурет. 1897/Alamy

Біздің заманымыздың екінші ғасырында болған ауқымды көтерілістің бірі «Сары шүберек байлағандар» көтерілісі деп аталды. Себебі кейін Хан әулетінің жексұрын үкіметін құлату үшін бәріне баруға дайын екенін көрсеткісі келген төңкерісшілер бастарын сары шүберек орап алды. Ол кезде бұл түске тыйым салынған-ды. Көтерілісшілер жеңісінен кейін «Зұлымдықтың көк аспаны» «Әділеттің сары аспанымен» ауыстырылады деп мәлімдеді. Жаппай тәртіпсіздік жиырма жылға жуық уақытқа жалғасты. Қара халық қатігездікпен жаншылды, мемлекет үш тәуелсіз патшалыққа ыдырап кетті. Екі тарап та жеңілді.

Соған қарамастан, ашық, қанық реңді сары түс тыйым салынған империялық түс болып қала берді.

Сары түсті патша халаты Қытай сарайында еуропалық соттардағы тәждің рөлін атқарды. Солтүстік Сун әулетінің негізін қалаушы, әскери көтеріліс нәтижесінде билікке келген қолбасшы патша Чжао Куанин (927 ж., 21 наурыз – 976 ж. 14 қараша) туралы мынадай әңгіме бар. Көтеріліс кезінде солдаттар мен офицерлер Чжао Куаниннің бөлмесіне баса көктеп кіріп, оған алтынмен кестеленген сары шапанды күшпен кигізіп, сөйтіп оны жаңа патша етіп сайлаған.

Император Чжу Юанжан. Мин Империясының алғашқы императоры. 14 ғасыр/Wikimedia commons

Император Чжу Юанжан. Мин Империясының алғашқы императоры. 14 ғасыр/Wikimedia commons

Цин династиясы кезінде (1636–1911) император ерекше еңбек еткен шенеуніктерді сары магуаiшапанның сыртынан киетін күрте жауып марапаттады. Ал бірақ оққағарлар болса, сары магуаны киюге тек сарайда қызмет етіп жүрген уақытында ғана хақы болды, демалыс кезінде тыйым салынған.

Патша мінген күйме — «Сары үй», патша жүрген жол «Сары соқпақ» деп аталды, тексеріс сапары кезінде патшаның үстінен желбіреген жалаулар да сары түсті болған. Хандық биліктің мөрі сары матаға оралған. Ал қызыл қабырғалары мен сары тақтайшалары бар ғимараттарда тек патша әулеті ғана өмір сүретін. Мұндай ғимараттар Бейжіңдегі «Тыйым салынған қалада» әлі күнге дейін сақталған.

Бейжіңдегі тыйым салынған қала/Shutterstock

Бейжіңдегі тыйым салынған қала/Shutterstock

Ма ЛиiМинск, Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті «Қытай кескіндемесіндегі түс символы» мақаласында: «Бүгінде сары түс әлі де ежелгі Қытайды бейнелейді», – деп жазды. – Кескіндеме саласында сары түс қуаныш, нұр, құрмет пен үмітті бейнелеу үшін қолданылады. Сондай-ақ суретшілер сары түсті тектілік пен байлық мәнінде жиі пайдаланады, сары түс ашықтық, атақ-даңқ пен амбицияның символдық мағынасын білдіреді».

Сары айдаһар. Керамикалық рельеф. Бейжіңдегі тыйым салынған қала/Alamy

Сары айдаһар. Керамикалық рельеф. Бейжіңдегі тыйым салынған қала/Alamy

Тарих ғылымдарының докторы Ян Хайюнь және оның аспиранты Лю Юйхуэй былай түсіндіреді:i«Қытай мәдениетіндегі сары түстің мәдени коннотациялары» мақаласында «...Үлкен жан-жақты фразелогиялық сөздікте және Қытайдың ұлы фразелогиялық сөздігінде жазылған 76 фразеологиялық бірлікте «сары» сөзі бар». Бұл фразеологиялық бірліктерде «сары» сөзінің мынадай негізгі мағыналары берілген:

1) Бақыт пен табыстың нышаны: мысалы, император болу немесе жеңіске жету — сары шапан кигізу,ihuang pao jia shen және тез көтеріліп, табысқа жету — жоғары өрлеп, қарғыған сары атifei huang teng da

2) Ұзақ өмірдің нышаны: сарғайған шаш пен ала арқа,ihuang fa tai bei сары шаш пен сүт тістерihuang fa er chi — ұзақ өмір сүрген, қарт адам;

3) Жоғары адамгершілік қасиеттің символы: қарттық пен сары гүлiwan jie huang hua — қартайып, қаусаған адамға деген құрмет мәніндегі сөз тіркесі.

Буддизм мен даосизмде сары түс — қасиет, тақуалық пен салтанаттың символы. Буддистердің, әсіресе Тибеттегі Гелугпа мектебінің киімдері сары түсті. Сондықтан болар, моңғол тілділер буддизмді «Сары дін» деп атайды.

Дәстүрлі сары киімдегі будда монахы/Getty Images

Дәстүрлі сары киімдегі будда монахы/Getty Images

Бірақ бұның бәрі жайдан-жай емес. Ян Хайюн мен Лю Юйхуэй атап өткендей, 黄 (сары) иероглифінің Қытайдың ауызекі тілінде жиі қолданылатын басқа да бірнеше мағынасы бар:

1) Сәтсіздік символы: кәсібі сарғайдыizhe jian shi huang le — бизнес немесе жоспары сәтсіздікке ұшырады;

2) Өлім нышаны: сары бұлақihuang quan — ақырет;

3) Сырқат түрі: сары бетihuang lian — ауру адамның жүзі;

4) Пісіп-жетілмегендіктің белгісі: сары шашты қызihuang mao ya tou — жас, пісіп-жетілмеген, тәжірибесі аз қыз;

5) Порнографияның символы. Қазіргі Қытайда сары түс көбіне порнографиялық материалдармен байланыстырылады, мысалы, сары түсті картинаihuang tu порнографиялық сипаттағы бейнені білдіреді, сары кітапihuang shu — сол сипаттағы кітап; «Сарыны тазарт»isao huang da fei жамандықты жеңу дегенді білдіреді. Мәселен, Қытай полициясы порно материалдарын сатушылар мен жезөкшелерге қарсы рейд жүргізгенде осы сөздер жазылған баннер іледі.

Қытайдағы рейд/Photo by Luo Yunfei/China News Service/VCG via

Қытайдағы рейд/Photo by Luo Yunfei/China News Service/VCG via

Өлім мен сырқатты түсінуге болады, яғни ежелгі Қытайдың «сары» ақыретімен байланысты делік. Ал порнографияны ше? Қасиетті империялық түстің мағынасы Қытай жерінде қалайша жаман жағына өзгеріп кетті? Иә, бұған сары түске екіұшты көзқараспен қарайтын Батыс мәдениетінің шабуылы кінәлі. Айталық, «Сары үй» (психикалық науқастар ауруханасы) немесе «сары баспасөз» сияқты негатив мәнді тіркестер.

Журналист Эрвин Уордман 20 ғасырдың басында расталмаған сенсациялар мен әртүрлі лас айла-амалдар арқылы танымал болғысы келген басылымдарды сипаттау үшін қолданған «сары баспасөз» термині бүкіл әлемге тарап кетті және Аспан асты патшалығына да жетті. Бұл сөз тіркесі алғаш рет 1936 жылы Қытайда шыққан сөздікке енді, оның мағынасы «таблоидтық жаңалықтар мен төмен дәрежелі сенсацияларға құштар оқырмандарды тартатын төмен дәрежелі басылымдар» деп түсіндірілді. Бірте-бірте «сары» сын есімі порнографиялық әдебиеттерге, газеттерге, фильмдерге және телехикаяларға қатысты қолданыла бастады.

"Сары бала".  "Сары басылым" идеясы газеттерді сату үшін сенсациялық әсер берген оқиғаларға сілтеме жасады және "сары бала" комикстерінің атымен аталды. Бала қытай-жапон соғысы оқиғаларына байланысты пайда болды (1895)/Wikimedia commons

"Сары бала". "Сары басылым" идеясы газеттерді сату үшін сенсациялық әсер берген оқиғаларға сілтеме жасады және "сары бала" комикстерінің атымен аталды. Бала қытай-жапон соғысы оқиғаларына байланысты пайда болды (1895)/Wikimedia commons

Жақында Хайнан провинциясы үкімет басшысының орынбасарларының бірі Лин Фанлюй ашуға булығып: «Сары патшаның (Хуан Ди) ұрпақтары ретінде қытайлар үшін сары түсті порнографиямен байланыстыру дегенің барып тұрған көргенсіздік. Сөз бен ресми іс-қағаздарда «сарыдан тазарту және заңсыз әрекеттермен күресу» деген сөзді қолдануды тоқтатып, оны «порнографияны жою және заңсыз әрекеттермен күресу» деген сөз тіркесімен алмастыру қажет!», – деді. Бірақ оның бұл ұсынысына әлі де жауап жоқ.

Бангоктағы Чайнатаун. Мандайша жазулардың көбісі сары/Shutterstock

Бангоктағы Чайнатаун. Мандайша жазулардың көбісі сары/Shutterstock

Юлия Боровинская

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы