Исламға оралған поп

«Қазақ» газетіндегі рухани адасқандар туралы

«Қазақ» газетіндегі/Qalam редакциясы

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділерді ұсынамыз.

20 ғасырдың басындағы қазақ басылымдарында шоқынған қазақтар туралы жазбалар жиі жарияланатын. Ол жазбаларда миссионерлердің көбеюіне, жаңа шоқынғандардың қаржылық, мансаптық мүмкіндіктеріне шағымданатын. Ал «Қазақ» газетінің 1916 жылғы 172 нөмірінде Қазан қаласындағы «Рухани академияны» бітіріп, тіпті православтар шіркеуінің бүкілресейлік съезінде президиумда отырған, дегенмен исламға қайтқан қазақ туралы мынадай жазба жарияланған.

Торғай облысының Ырғыз қаласында «Николай Саркин» атты қазақтан шоқынған попы бар еді. Бұл кісі өзі Қостанай уезі, Кеңарал облысының қазағы, бұрынғы мұсылманша аты — Хәкімжан Сәрке ұғлы. Шоқынған соң фамилясы «Саркин» болып қалған еді. Осы кісі жаңада тиісті орындарға арыз беріп, христиан дінінен исламға қайтуға ізденіп жүр.

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген атамыздың мақалы бар, хош келдіңіз, Хәкімжан мырза Сәрке ұғлы!

«Қазақ» газеті — 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулат негізін қалаған қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси және әдеби газет. Барлығы 266 саны жарық көріп, таралымы 8000 данаға дейін жеткен.

«Қазақ» газетіндегі/Qalam редакциясы

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді