Паранжымды қалай тастадым

«Әйел теңдігі» журналына оқырманнан келген хат

«Әйел теңдігі» журналының мұқабасы

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін, тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.

Қазіргі «Қазақстан әйелдері» деген атпен шығатын журналдың алғашқы сандары 1925 жылы 5 мамырда өлкелік партия комитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде «Теңдік» деген атпен Орынборда басылған. 1926 жылы газет журналға айналып, «Әйел теңдігі» деген атпен Қызылорда қаласынан шыға бастаған. Бірақ 1935 жылдан 1954 жылға дейін бұл әйелдер журналының атауы «Сталин жолы» деп өзгерді.

«Сталин жол» журналының мұқабасы

«Сталин жол» журналының мұқабасы

«Әйел теңдігі» журналында сол кездегі тұрмыстың ауырлығы мен консервативтік дүниетаным туралы айтып қана қоймай, мансабына қатысты және сол мәселелерді тиімді шешетін жол ұсынды. 1928 жылы журналдың №3 санында басылған жазбаны ұсынамыз:

Паранжымды қалай тастадым?

Әкем қара шаруа кедей адам. Мен 1903 жылы туып, 15 жасқа шықпай-ақ әкем мені тұрмыстың ауырлығынан өзбекке күйеуге берген.

Онда 1925 жылға шейін ауыр бейнет, көп қиыншылықтар көріп келдім.

1926 жылы Түркістан уезінде ашылған сауатсыздар мектебінде 15 күн оқып, сауатым ашылған соң бетке жапқан паранжымды тастадым.

Сол жылы өкіл әйелдер жиылысында өкіл болып сайланып, 27-жылға шейін әйелдер арасында қызмет істеп келдім.

27-жылы Мангент қыстағында ашылған 1 жарым айлық болыстық партия қызметкерлерін даярлайтұн курста оқып, оны бітірген соң Түркістан уезі, Жаңақорған болысына шығып қызыл отауда бір айдай қызмет істедім.

Осы күні өлкелік әйелдер курсында оқып жүрмін.

Өзім күңдік көрген, езілген әйелдің ортасынан білім іздеп шыққандықтан, ендігі алған білімімді бұқара әйелдер ортасына тартпақпын.

Тұрсынбайқызы Алма

«Әйел теңдігі» 1928. №3(27)

Алма Тұрсынбайқызының хаты

Алма Тұрсынбайқызының хаты

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы