Партия ұяшықтарындағы бай үстемдігі

Совет пропогандасындағы таптық жауға қарсы күрес

Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары/РГУ ЦГА КФДЗ

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділерді ұсынады.

1932–1933-жылдары Қазақстанда ашаршылық кезеңінде Совет Одағы басқа өңірлердегідей ауқатты адамдарға қарсы ресми совет пропогандасын жасады. Оларды ұжымдастыру саясатына саботаж жасап, кедергі болды деп айыптады. Совет өкіметін дамытуда қазақ даласында осындай малы көп, жері бар байларды «Таптық жау» және «Эксплуататорлар» ретінде көрсетті. Олар малдың өліміне ғана емес, егін еккені үшін де кінәлі болды. Мұндай идеологиялық үгіт-насихаттың айқын мысалы — «Казакстанская правда» газетіндеiҚазақстан-Қазақстанның 1936 жылға дейінгі ресми орыс тілді атауы1932 жылғы сәуірде жарияланған «Байлар егіс науқанына дайындалуға кедергі жасады» деп аталатын мақаласы.

Казахстанская правда/Ашық дереккөзден

Байлар егін егуге дайындалуға кедергі болды

1929 жылы Қызылорда ауданына қарасты №6 ауылдың партия ұяшығы 13 мүше мен кандидаттан тұрды. 1932 жылға қарай бұл ұяшық 2 партия мүшесі және 3 кандидаты бар топқа айналды. Ауылдың 20 колхозшысының тек 50-і ғана колхозда қалды. Бұл екі-үш жыл бойы ауылда байдың үстем болуымен байланысты. Ауылдың ең ірі байы Оразбаев Сәдуақас партияға қабылданып, партия ұяшығының хатшысы болды. Сонымен қатар, бірқатар байлар мен атқамінерлер партия ұяшығы мен ауылдың басқару органдарында болды.

Батрақтар, кедейлер, орта тап пен колхозшылар үшін партияның есігі жабық болды. Колхозшылардың басым бөлігі үнсіз, әкімшілік қысым мен «басшылардың» қорлығынан қорқып отырды.

Байлар тобының басшылығымен колхоз малы жаппай қырылып жатты. Нәтижесінде «Шұлан арық» колхозындағы 50 өгіздің 11-і ғана, 200 жылқының 40-ы ғана қалды. «Қозыбай» колхозында 150 жылқының тек 32-сі ғана аман қалды. Көктемгі егіске дайындық мүлдем болған жоқ: 100 центнер бидай орнына тек 19 центнер ғана тұқымдық материал жиналды.

№6 ауылдағы мұндай ауыр жағдай бірнеше жыл бойы жалғасып, таптық қырағылықтың әлсіреуі, аудан аппаратының кейбір бөліктерінің бөгде элементтермен және оппортунистермен толығуының салдары болды.

«Байлардың зиянкес тобына» қарсы жүргізілген тұтқындаулар мен сот процесстерінен бөлек, аштықтан босып кеткен тұрғындарды қайтаруға бағытталған мәжбүрлі шаралар қолданылды.

Совет және партия жұмысын күшейту үшін ауылға тұрақты жұмыс істеу үшін бірқатар білікті мамандар жіберіліп, оларға ауылдан кеткен колхозшыларды қайтару бойынша бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.

«Егемен Қазақстан» — алғаш рет «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда жарық көрді. Кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді