Соз һәм ішкі ауруларды емдеу

Семейде тұрған жұмбақ жапон дәрігері

«Сарыарқа» газеті

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін, тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.

Семей қаласында 1917 жылғы маусым айынан бастап «Сарыарқа» газеті шыға бастады. Газет беттерінде Алаш зиялыларының ұлттық мәселелері, съезд шақыру, жиналыс жасау, жер, оқу-білім, аш қазақтарға жәрдем жинау, Алашорданың бұйрық-жарлықтары, Алаш әскерінің соғыс жағдайы жайлы түрлі тақырыптағы жазбалары кездеседі. Сонымен қатар Семей қаласында дәрігерлікпен айналысқан жапон азаматының газетке берген «Жапон дәрігері» жарнамасы бар. Бұл жарнама газеттің 1918 жылғы №61 және №62 сандарында басылған.

Ысылған жапон докторы

(Шан-Хун-Йоки )

Тамыр ұстайды, соз һәм ішкі аурударды қарап емдейді.

Қабыл етеді: Күн сайын сағат 9-дан 2-ге дейін. Жексенбіде қарамайды. Мекенжайы: Семейде Александровский һәм Усткаменогорский бұшбақта Рукавешниковтың үйінде.

Жапон дәрігерінің хабарламасы

«Сарыарқа» газеті 1917–1919 жылдары Семей қаласында қазақ тілінде аптасына бір рет шығып тұрған. Әр жылдары газеттің редакторы қызметін Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов сынды алаш қайраткерлері атқарған. 1919 жылы газет жабылғаннан кейін орнына «Қазақ тілі» газеті шыға бастады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді