Тәубеге келіңдер, күнәһарлар!
«Дала уәлаятының газеті» қазақтардың сенімі туралы
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділерді ұсынамыз.
1882 жылдан бастап Ақмола облысы Әкімшілік орталығы Омбыда орналасқан Дала генерал-губернаторлығының немесе Дала өлкесінің құрамында болды.iсол кездегі Ақмола облысының аумағына қазіргі облыстың біраз жерлері, сонымен қатар Қарағанды және Солтүстік Қазақстан кірген Омбы әкімшілік маңызына байланысты қазақ баспасөзінің орталығының біріне айналды, мұнда, мысалы, патша әкімшілігінің ресми жарлығы мен қаулысы жарияланатын «Дала уәлаятының газеті» жарық көрді. Ол жерде негізінен қазақтардың тұрмысы мен мәдениетіне қатысты материалдар шығатын, дегенмен қазақ даласында шығатын газеттерге қарағанда, олар көбінесе әкімшілік орталықтың біржақты көзқарасын білдіретін.
Мысалы, 1894 жылғы 27 қарашадағы №47iескі стильсанында жарық көрген қазақтардың ырымшылдығы туралы мақалада оларды тым әсершіл, аңызға, ырымға көзсіз сенуге бейім деп сипаттайды
Сонымен, қазақтардың аңыздарына қарағанда, бұрын жер қардан да аппақ болған дейді. Жұмақ иісімен нәрленіп, мәңгілік көктем орнаған, бұрын соңды еш жерде болмаған дәмді жемістер өскен мекен деп айтады.
Автордың айтуынша, қазақтар, табиғаттың таңғажайып құбылысына қатты сенген
1887 жылы Алматыда болған жер сілкінісі туралы мынадай аңыз тараған: Жер қақ айрылып бүтін қаланы жұтып қойған, енді оның орнына сүт толған көл пайда болған. Сол көлдің бетінде жартылай адам, жартылай ит атқа мініп алып: «Тәубеге келіңдер, күнәһарлар!» деп айқалап, дамылсыз шауып жүрген көрінеді.
«Дала уәлаятының газеті» — Ақмола (1888–1905), Семей (1894–1905) және Жетісу (1894–1901) облыстық ведомостволардың қосымшасы болған. Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген.