Құдайсыздар курсының ашылуы

Совет заманындағы дінге қарсы пропоганда

«Дихан, олармен дос болма. Олар сенің қас жауың!» – тәжік тілінде, Ташкент, 1920 ж./ашық дереккөзден

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін, тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.

Дінге қарсы пропоганда совет өкіметі орнаған кезден басталды. Оған 1920 жылы құрылған Ресей коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі ықпал еткен. 1923 жылдан бастап атеистік үйірмелер құрыла бастады, ал 1925 жылы Бүкілодақтық «Атеистер одағы» құрылды, ол Қазақстанда қарқынды жұмыс істеген. Оған мысал ретінде 1928 жылы «Тілші» газетінің №2 санында жарық көрген Қазақстан астанасында атеистер курсының ашылғаны туралы хабарлама. Ол жерде сауат ашып, білім алумен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндігі де жоғары еді.

Құдайсыздар курсы ашылды

Алматы қаласындағы аудандық партия комитеті 40 кісілік құдайсыздар курсын ашты. Курста 40 сағаттай сабақ болады. Курсты бітіргендер қаладағы партия жашейкелерінің жанында құдайсыздар үйірмесін ашып, соған нұсқаушы болады. Курстың сабағы Орыс тілінде. Егер бұл жолғы курс тиімді болып шықса, кейін Қазақ, ТараншыiІле ұйғырларының ескі атауытілінде құдайсыздар курсы ашылмақшы.

«Тілші» газеті/Ашық дереккөзден

«Тілші» газеті/Ашық дереккөзден

1918 жылы шыға бастаған «Жетісу» газеті 1922 жылы «Тілші» деп өзгерді. 1929 жылдан кейін басылым «Еңбекші қазақ» газетінің құрамына кірді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы