Алматының 60 жылдардағы базарлары

Америка тарихшысының көзімен

«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халықтың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam түрлі дәуірден бізге кеп жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа айдар қосты. Бұл жолы 1964 жылы америкалық атақты тарихшы және саяхатшы Томас Тейлор Хаммонд түсірген Алматы базарларының фотосуреттерін ұсынып отырмыз.

Жаңа жыл қарсаңында, отбасы болып бас қосып, дастарқан жаятын һәм ас үйде жанталасып алуан-алуан тамақ пісіретін кезде дүкен мен базар аралаудан, бітпейтін ұзын-сонар кезекте тұрудан бетің қайтып қалған сияқты-ақ болады. Дегенмен мұндай сезімге қарайлай бермейсің, себебі жылқының етін, салатқа керек балғын көгөніс пен үйдің құртын мейрамға дейін тауып үлгеру керек. Осындай ойлар жетегінде жүріп, ата-әжелеріміздің заманындағы алматылық базар қандай болды екен деген ізденіп көрдік.

Бұл фотосуреттерді Виргин университетінің танымал профессоры, атақты фотограф және саяхатшы Томас Тейлор Хаммонд түсірген екен. Ол Кеңес тарихын жақсы білген, жекелей алғанда, Одақ құрамындағы мұсылман халықтарын зерттеген. Кейінірек, нақтысы 1982 жылы Хаммонд «Ауғанстан үстіндегі Қызыл Ту: Кеңес Одағының Ауғанстанға басып кіруі және оның салдары» (Red Flag over Afghanistan: The Soviet invasion of Afghanistan and its consequences) атты белгілі кітабын жарыққа шығарады. 1950–60 жылдары саяхатшы бүкіл дерлік КСРО-ны аралған, соның ішінде Қазақстанда да болған.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді