Мақта өндірушілер

1865 жыл

«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халқымыздың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam оқырмандарды әртүрлі дәуірден бізге жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа бір айдар қосты. Бұл жолы сіздерге 1860 жылдары Өзбекстандағы мақта өндірісінің кейбір кезеңдерін көрсетеміз.

19 ғасырдың 60 жылдарының басында АҚШ мақта өндірісі бойынша дүниежүзінде бірінші орында болды. Тоқыма өнеркәсібінің алдыңғы қатарында тұрған Ұлыбритания өз мақтасының 80%-ын АҚШ-тан сатып алатын. Алайда 1861 жылы АҚШ-та Азамат соғысы басталып, мақта бағасы күрт өсті. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі өндірушілерді бидайға жарамды жерлерге мақта егуге итермеледі. Бұл жағдай Орталық Азияға, ең алдымен Өзбекстанға да әсер етті, өйткені Ресей бұл аймақты империяның мақта базасына айналдыруды жоспарлаған. Өзбекстанда мақта өсіру мыңдаған жылдар бойы бар болатын. 1864 жылға қарай Ресейге импортталған өзбек мақтасының көлемі америкалық мақтадан асып түсті. Алайда шикізаттың сапасы империяның көңілінен шықпады. Сондықтан генерал-губернатордың бұйрығымен Түркістан аймағына америкалық мақта егу технологиясы мен тұқым әкеле бастады. 1916 жылға қарай мұнда 235 мақта өңдеу зауыты жұмыс істеп тұрды. Өзбекстанның арзан мақтаның көзіне айналуы совет кезінде де жалғасты, бірақ бұл экологияға қатты зиян еді, бірақ бұл мүлде басқа әңгіме.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді