Самарқандағы қаңғыбас дәруіштер
Кісінің кісілігі киімінде емес...
«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халқымыздың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam оқырмандарды әртүрлі дәуірден бізге жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа бір айдар қосты. Осы аптада біз Орталық Азиядан шыққан қаландарлардың — қаңғыбас, қайыршы дәруіштердің суреттерін тамашалап, тарихымен танысамыз.
Қаландар мұсылман дінін ұстанатын қаңғыбас дәруіштер (сопы дуаналары) тармағының бірі болды. Бұлардың ілімі Орталық Азияда, ең алдымен қазіргі Өзбекстан мен Тәжікстан аумағында кеңінен тарады. Моңғол жаулап алғанымен қатар сопылық ілім Таяу Шығыстың басқа аймақтарын, соның ішінде Анадолы, Сирия және Мысырды да шарпыды. Жарғыға сәйкес, қаландар қайырымдылықпен өмір сүруі және ешқандай мүлкі болмауы керек еді.
1907 жылы Самарқанда Прокудин-Горский түсірген суретте біз жүннен жасалған халат пен үшкір қалпақтан тұратын әдеттегі «формадағы» қаландар тобын көреміз. Дәруіштердің арасындағы басына шалма орағаны оның басқа ру тайпасынан шыққанын немесе дәрежесінің басқа болғанын айтады. Беліне су құюға арналған асқабақтан жасалған биік құмыра байлаған. Кейбір жоғары дәрежелі дәруіштерде «Тыныштық тасы» деп аталатын, төртбұрыш тәрізді, ортасында дөңгелек көгілдір селенит болған. «Тыныштық тасы» фотосуреттің оң жағындағы екі дәруіштің белдеуіне байланған.
Суретке түсірілген бейнеде қаландар-ханелер дәруіштер жатақханасының жанында тұр. Сырттай ол қайыршыларға арналған баспанаға, шайханаға немесе наша шегіп, көкнәрiкөкнәрдан жасалған есірткі сиропы қосылған шай ішуге болатын буахана деп аталатын жерге ұқсайды.
Мына суретте дәруіштер енді шатырдың астында емес, Самарқандтағы Шердор медресесінің маңында.
Сергей Михайлович Прокудин-Горский (1863–1944) — ғалым, химик және өнертапқыш. Ол Ресей империясының әртүрлі аймақтарына саяхаттап жүріп, түсірген түрлі түсті фотосуреттердің коллекциясымен танылған.