Алматыдағы украин кеші

Тарас Шевченкоға арналған ескерткіштің ашылуы

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

Qalam 19–20 ғасырда газет беттерінде басылған материалдарды зерттеуін жалғастырып, бір ғасыр бұрынғы Қазақстанның тұрмыс тіршілігінің көрінісі қандай болғанын көрсетеді. Бүгін Алматы қаласында «жалған сәуегейлік» тамыр жайып, қалай дамығаны туралы айтамыз.

2000 жылы Алматыда Достық-Шевченко көшелерінің қиылысында украин ақыны Тарас Шевченкоға (1814–1861) ескерткіш қойылды. Украин кобзарынаiукраин халық әншілерін осылай атайды ескерткіш ашылуы бекер емес: Шевченко Маңғыстау облысында жеті жыл айдауда болған. 1897 жылғы халық санағы бойынша украиндықтардың 5%-ы Алматыда өмір сүрген. Алайда Шевченко ескерткішін қалаға қоюдың алғашқы әрекеті 1911 жылы жасалғанын көп адам біле бермейді. Олай дейтініміз «Жетісу облыстық ведомостары» газетінің 50-санында мынадай хабарлама шыққан:

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

«Биыл 20 наурыз, жексенбіде Алматыдағы қоғамдық жиналыста украин мәдениетіне арналған кеш өтеді, кеште жиналған қаражат Т.Г. Шевченкоға ескерткіш қоюға жұмсалады.

I.

НАЗАР СТОДОЛЯi1843 жылы Тарас Шевченко жазған пьеса

3 актілі украин пьесасы хормен орындалады.

Пьеса үшін арнайы декорациялар жасалды. «Вечорницы» пьесасының екінші актісі (муз. Нищинский) орындауға музыкалық қоғамның хоры мен оркестрі қатысады. Сол мезетте бишілер сахнаға шығып, украин биін билейді.

II.

УКРАИНА ЖӘРМЕҢКЕСІ

Полтава земствосының қолөнер қоймаларынан және Киев қолөнер музейінен алынған қолөнер бұйымдары алдын ала белгіленген бағамен сатылады.

ЖӘРМЕҢКЕДЕ кобзарлар, балалар мен қыздар парубкалардың әндерін шырқап, бандура, кобзе, сопилка және виппа секілді музыкалық аспап тартады.

ДЕМАЛУҒА түнде украин бұрышы беріледі.

Бөлмелердің бәрі украин мәнерінде безендіріледі. Үзіліс кезінде және спектакльден кейін әскери оркестр музыкалық шығарма орындайды. ЖӘРМЕҢКЕ ЖАНЫНДА шарапхана бар.

СПЕКТАКЛЬ САҒАТ 20:00-ДЕ БАСТАЛАДЫ.

Украин халқының ұлттық киімін киіп келсеңіз жақсы болады.

Жауапты басқарушы – И. Редко».

1 / 2

Алайда ескерткіш қойылған жоқ, дегенмен украина кешін өткізу тұрғындарды біраз әбігерге салды. Газеттің 58-санында фельетон жарық көрді, онда жергілікті тұрғын украин тілі тақырыбында сөз қозғайды және кешке арнайы келгендер өздерін украин емес, Бессарабия мен Тамбовтан келген мигранттар деп мәлімдейді. Басқа автор, керісінше, декорацияның шынайылығына, қойылымның сапасына тәнті болды, сонымен бірге қоғамдық жиналыс ғимаратының кіреберісі қапырық, тар әрі таза емес деп шағымданған. Сондай-ақ, іс-шарадан кейін тұмау көбейгені айтылған, ол туралы газеттің №62-санында жазылды.

Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткіші / Shutterstock

Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткіші / Shutterstock

Алматыда 1870-жылдан бастап аптасына бір рет, 1884–1918-жылдары аптасына екі рет шығатын «Семиреченские Областные Ведомости» газеті өлкенің негізгі басылымы болды. Газетте елдегі және әлемдегі жаңалықтарды, жергілікті оқиғаларды, қылмыс хроникаларын, хабарландырулар мен жарнамалар жарияланған қос тілді басылым болды. Газеттің қазақша нұсқасы мазмұны жағынан өзгеше «Туған бөлім» деп аталды.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы