19 ғасырдың кітаптарында келешек қалай сипатталды?

Синоист әрі дәрігердің болжамы

Макс Нордау (1849 - 1923), Венгрлік дәрігер және жазушы, шамамен 1905 жылы Парижде тұрды / Getty Images

Кітаптар, кітап қалпында сәннен шығып кетеді. Олар қара, көкшіл я алтын-сары түсті қағазға өзге бір бояумен басылып жатады; мәтін байланысы жоқ сөздерден не буындардан, тіптен жай әріптерден я символдық астары бар сандардан тұрады. Оқырман оның сырын қағаз бен басылымның түсіне, кітаптың форматына, көлемі мен қарпіне қарап ашуға тырысады. Атағы шыққан жазушылар, мәтінді символикалық қаріптермен әрлеп, қағазды қандай да бір әтірмен хош иістендіру арқылы, оқырмандардың кейінге қалдырсам деген еңбегін жеңілдете түседі. Жарыққа бірнеше әріптен я ешқандай да мазмұны жоқ түрлі түсті қағаздардан тұратын шығармаларын шығарған ақындар, көптің таңданысын тудыратын болады. Ақырында мұндай кітаптарды талқылайтын тұтастай қауымдастықтар құрылады және олардың бұл іске құмартатыны соншалық, пікір білдірген топтар мен оларға қарсы шыққандар өз талқысын жақтап, бір-бірімін қырық пышақ болып қырқысудан таймайды.

Макс Нордау (1849–1923) — неміс дәрігері, жазушы, 19 ғасыр соңындағы философиялық және көркем тәжірибелерді психикалық ауытқулар тарапынан қарастырған, «Азғындау» деп аталатын атақты еңбектің авторы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді