Аскеза бір бөлек, аскезе бір басқа
Бұрынғы дін қызметкерінің пайымы
«Аскеза» сөзінің христиандық және бүгінгі қолданысын антикалық философиядағы askesis ұғымынан айқын ажырата білу керек. Антикалық ойшылдар бұл ұғымды тек рухани жаттығуларға, яғни ой мен ерік-жігердің ішкі күресіне арнаған. Ал кейбір антикалық ойшылдардың, мысалы, киниктер мен неоплатоншылардың, христиандық аскезамен ұқсас диеталық немесе жыныстық тәжірибелерге жүгінгені — бұл мүлдем басқа әңгіме.
Пьер Адо (1922–2010) — француз философы, антикалық дәуірді зерттеуші. Бір кездері дін қызметкері болғанымен, 1952 жылы діни қызметтен бас тартқан.