Бізді бұл жарадар күйге кім түсірді?

Бұл сауалға неміс философы жауап береді.

Петер Слотердайк/Leonardo Cendamo/Getty Images

Ежелде өмір сүрген халықтар (сондай-ақ кейін қалыптасқан халықтардың басым бөлігі олардан қалыс қалмайды) — көбіне-көп жарақаттардан түзілген коммуналар іспеттес. Олар өздерінің артынан қалған ұрпақтарына салдары ұзаққа созылатындай терең жаралайды. Бұл құдды бір денені өткір ұстараның жүзімен тілімдеп өткендей ауыр жара. Сондай-ақ олар көтермелеп айтылатын қорлық пен кек алуға бағыттайтын жүйкені жұқартар әрекетке жол салып береді. Осыған байланысты кейінгі буынның өзіне дейінгілер қалдырған жарақаттар жолымен жүргеннен басқа амалы жоқ.

Петер Слотердайк (1947 жылу туған) — кең ауқымда ойлана алатын неміс философиясының жарқын өкілі, «Сфералар» деп аталатын іргелі үш томдықтың авторы және адам санасының қасиеттері мен даму жолын түсіндіруге талпыныс жасаған ойшылдың бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы