Ешкім түсінбейді деймісіз! Олай болса, тіпті жақсы.

Еркін ой-жүлге хақында АҚШ философы не дейді?

Ральф Эмерсон/Wikimedia commons

Егер сіз адам болсаңыз, бүгінге қатысты ойыңызды еш бұқпантайламай нақты айтыңыз. Сондай-ақ ертең не болары жөнінде санаңызда туған ой болса, оны да іркіп қалмай, төтесінен тартыңыз. Ойларыңыз бір-бірімен қабыспай қалады деп қорықпаңыз. «Ой, құрғыр! Сені ешкім түсінбей қалады ғой!» деп қамқорлық танытпақ болған кемпірлер өзеуреуі мүмкін. Сізді біреудің түсінбей қалуы, мәселе болып па! Өз заманында Пифагорды кім түсініпті? Ал, Сакратты ше? Лютерді ше? Галилей, Коперник, Ньютон және басқа ұлы тұлғаларды, өз болмысын бұрын-соңды таныған рухы таза адамдардың жанын кім ұғыныпты? Ұлы болу үшін, сізді ешкім түсінбеуі — шарт. Бұл — заңдылық!

Ральф Уолдо Эмерсон (1803–1882) — философ, ақын әрі ағартушы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы