Сәнқойлық адамды қалай тұтқынға түсірді

Неміс археологы жауап береді

Лео Фробениус. 1890-1920 жылдар аралығында/Wikimedia Commons

Алғашқы қауым адамының сәнденіп, безенуден әсте бас тартпағанын бақылау өте қызық. Ол еңбек ету керек дегенді мүлде ойламады; өйткені көп жағдайда оны қоршаған жомарт және берекелі табиғат барлығын дайын күйде алдына тосып еді — тамақ пен сусынды да. Мұндай жағдайда ол еңбек, әрекет етуге мәжбүр болу сияқты нәрселер туралы ойлаған да емес еді. Бірақ ол өзін сәндеуге көбірек көңіл бөлген сайын, кенет жұмыс істеп жатқанын байқаған еді. Дәл осы жұмыс оның тамақтануы үшін мүлдем қажет емес еді — әшекей оған үнемі жетпей тұратын болғандықтан кенет ол өзінің жұмыс істеп жатқанын байқады.

Лео Фробениус (1873–1938) — неміс археологы әрі этнограф-африканист, диффузионизм жақтаушысы, яғни қоғамның дамуы мәдениеттің бір орталықтан екінші орталыққа алмасуы мен таралуы арқылы іске асады деп есептеген зерттеуші.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді