Жан алғыш—гүлдер

Бұл Ежелгі Римдегі хиппилердің сауық кеші емес, бұл — жаппай өлімге кесу сәті

Алма-Тадеманың "Гелиогабал Раушандары" (1888) / Wikimedia commons

Гелиогабала раушаны (1888)

Сурет қазір біреудің жекеменшік коллекциясында тұр

 

Гелиогабал император өзінің жауларын күлгін түсті раушан күлтесімен жастандырады. Ежелгі дәуір пасквилі мен викторияндық миф бір-бірімен қалай қабысып кетті?

Аталған өте әдемі әрі айтарлықтай үлкен (132:213 см) туындыны викторияндық Англияның сүйікті суретшілерінің бірі — Лоуренс Альма-Тадем салған.

Өнер тарихында бұл суретші жөнінде көп айтыла бермейді. Ол 19 ғасырдың аяғында «тарихи тақырыптарға» арнап салтанатты әрі тартымды туындыларды өнімді түрде жарыққа шығарып отырған шеберханадағы туындыгердің бірі саналады. Лоуренс Альма-Тадем туындыларында ұсақ-түйекке дейін мән беріп, әдемі адамдарды, шым-шытырық сюжеттерді, әсерлі киім-кешектерді және т.б. дүниелерді бейнелеп, буржуазияның таңданысын тудырған.

Лоуренс Альма-Тадема. 1870/Wikimedia commons

Лоуренс Альма-Тадема. 1870/Wikimedia commons

Дегенмен кейбір қыл қалам саудагерлерінің туындылары уақыт өте келе қайта ой елегінен өтіп, қайырымды уақыт таспасы олардың жартылай ұмыт болған есімдерін қайта жаңғыртып жатыр. Соңғы жиырма жылда тасада қалған туындыларына сұраныс қайта арта түскен Альма-Тадем сондай суретшінің бірі.

Оның ең атақты туындысы — «Гелиогабала раушаны». Аталған туындыда туғандары және достарымен бірге самалдықтан күлгін түсті раушан күлтесіне көмілген салтанат залының көз тартарлық көрінісін тамашалап тұрған Рим императоры Гелиогабала (218–222 ж.) бейнеленген. Раушан күлтесінің үйіндісінің астында сауық құрған өзге жандар жатыр. Олардың қатарында алтын түстес шашы өрілген, ауыр алқа таққан галль жауынгері де бар.

Алма-Тадеманың "Гелиогабал Раушандары" (1888) / Wikimedia commons

Алма-Тадеманың "Гелиогабал Раушандары" (1888) / Wikimedia commons

Дәстүрлі талқы бойынша аталған туындыда бейнеленген раушанның шырмауындағы масайған рәт күйдегі жандар, мәңгілік ұйқыға кетпекші. Раушанның аңқыған жұпары оларды тұншықтырып, гүлдер оттегін жұтып, уымен улап жатыр. Император (алтын жапқыш пен тәж киген) өлім құшағына енген жандардың жүзіне амалсыз зер салса, ал оның үстел басына бірге жайғасқан ет жақындары (арасында Гелиогабаланың анасы да бар) жауларының көз жұмған сәтін енжар күйде бақылап отыр.

Аталған сюжетті автор не Дион Кассияныңiiб.д. 2–3 ғасырда өмір сүрген Рим саясаткері әрі тарихшысыРим тарихынан, я «Августар Тарихы»iiРим императорларының өмірі бейнеленген, шамамен, 3 ғасырда жазылған жинақты осылай атау қалыптасқанеңбегінен алған деген тұжырым кең тараған.

Гелиогабал. Фрагмент/Wikimedia commons

Гелиогабал. Фрагмент/Wikimedia commons

Алайда Дион Кассий «раушан тойы» жөнінде ештеңе жазбаған әрі Элий Лампридий («Августар Тарихы» жинағындағы Гелиогабаланың оқиғаларын жазған автор) императордың аталған гүлге құмартқанын тілге тиек еткенмен, раушанды кісі өлтірер құрал ретінде қолданғанын мүлдем сөз етпеген.

«Ол асхананы, ложа мен сарайының кіре берісін раушан гүлімен көмкеріп, гүл астында серуендейтін... Ол су қоймасын шарапқа толтырып, бетіне раушан гүлінің күлтесін төгіп, жақындарымен бірге жуынатын».

Ал шегіргүлмен қонақтарды шошытты. Кейде ғимараттан адам шыға алмайтын етіп гүл күлтесін толтырып отырды. Расында ол бұл әрекеттерге кек алу мақсатында емес, қалжың ретінде барды.

«Төбесі жылжымалы асханасында ол арамтамақтарды шегіргүлдің арасына тастап, тұншығып, аспанға қарай ұмсынған байғұстар демі бітіп көз жұмды».

Гелиогабалдың құрбандары. Фрагмент/ / Wikimedia commons

Гелиогабалдың құрбандары. Фрагмент/ / Wikimedia commons

Демек механикалық тұрғыдан қарастырғанда адамдар гүлге тұншығып, салмағына бастырылып өледі деген сөз. Алайда өлімге кесудің бұл күдікті тәсілі жөнінде викторияндықтардың терең түсінігі қалыптасқан.

Өйткені «гүлдердің өлім құштыратын төсегі» — римдіктердің туындысы емес, бұл 19 ғасырдың классикалық қалалық фольклоры. Викторияндықтар гүлдердің жұпар иісі адамдарды өлтіре алады дегенге сенген.

Айталық гүлге толы бөлмеде ұйықтап қалар болсаңыз, таңертең басыңыз сынып оянуыңыз мүмкін. Өйткені түнде, тіптен топырақтан ажыратылған гүлдің өзі оттегіні жұтып, көмір қышқыл газын бөледі (күн көзінде кері процесс жүреді). Бірақ ауа өтпейтін әрі шамадан тыс гүл толған үлкен ғимаратта осында күрделі тәсілді қолданып, әлбетте, көмір қышқыл газына тұншығып емес, анафилаксиялық шоктан өліп кететін поллиноз (шаң-тозаңға аллергиясы бар адам) астматик болмаса, кісі өлтіруді көз алдыңа елестетудің өзі қиын.

Өлім сәтіндегілерге тамсана көз тастап тұрған бойжеткендер. Фрагмент/Wikimedia commons

Өлім сәтіндегілерге тамсана көз тастап тұрған бойжеткендер. Фрагмент/Wikimedia commons

Бірақ сол шақтағы ғылымды насихаттаушылар халық арасында кең насихаттаған өсімдіктердің газ алмасу процесіне қатысты қалыптасқан жаңа таным, айналасында жұрт жолдаған гүл шоқтарының арасында білмей ұйықтап кетіп, мәңгілік мекеніне аттанып кеткен сұлу ханшайымдар, әншілер мен актрисалар жөніндегі көптеген аңызды тудырды.

Аталған аңыздар 1875 жылы жарық көрген Эмиль Золяның «Муре аббатының әрекеті» деп аталатын романындағы Альбина есімді кейіпкер гүл толық төсекке жатып өлім құшқанда шырқау шегіне жетті:

«...Ақырын-ақырын суға батқан оны жұлдызшешектің керемет жұпары әлдиледі. Әрмен қарай ваниль мен жақындап қалған үйлену тойының иісі аңқыған гелиотроптің әуезі елітті. Ара-тұра түнгі шегіргүлдің үні еміс-еміс естіледі. Енді міне әуендері оркестріне раушанның маужыратар демі қосылды... Жүрек тұсын қолымен қысып, әл-дәрмені қалмай, діріл қағып тұншыға бастаған Албьинаның жаны кеудесінен шыға бастады. Ол өзін тұншықтыру тәлейіне жазылған ыстық өбісуді іздеп, аузын ашып ұмсынғанда сәтте сүмбіл мен ақ раушанның демі естілді. Олар қызды тіптен раушан хорының үнін басып кеткен шулы демімен үйіріп әкетті. Осылайша Альбина солып қалған гүлдердің соңғы демімен бірге жан тапсырды».

Қонақтарының үрейін гүл шоғырымен ұшырған Гелиогабаланың оқиғасы, қала аңыздарымен араласып кетіп, ақырында жауын гүлмен тұншықтырған императордың бейнесі біршама уақыт мәшһүр болған. Әрі бұл бейнені туындыға қосқан жалғыз Альма-Тадем емес. Айталық, П.А. Сведомскийдің «Гүлге жерлеу» (1886 ж.) деп аталатын туындысын еске алсақ та жеткілікті.

П.А. Сведомский. Гүлге жерлеу/Wikimedia Commons

П.А. Сведомский. Гүлге жерлеу/Wikimedia Commons

Дегенмен бұл Гелиогабала патшаға жағылған жалғыз күйе емес. Төрт жыл ғана тақта отырып, он сегізге толған соң айуандықпен өлтірілген жас өреннің есімі, екі мың жыл бойына, Калигула және Неронмен, сондай-ақ күрес барысында Рим иеліктерінен айырылып қалған, көзін шел басқан, қаныпезер билеушілердің қатарында аталып келеді. Оның өміріне қатысты шындық өзгеше.

Біріншіден, Гелиогабал деген есімнің өзі қате. Оның шын аты Варий Авит Бассиан болған, ал ұзақ уақыт бойына тақ мұрагерін таппай, ақыры таңдау соған түсіп, 14 жасында император атанғанда — Марк Аврелий Антонин деген есімді иеленген. Оны Гелиогабал деп атап кеткен себебі, нағашы атасы сириялық Элагабал (Күн құдайы) ғибадатханасының бірінде абыздың қызметін атқарған. Әрі баланың отбасы бастапқы Құдайларына табынғанды жөн көрген. Бақытына орай Римде аталған Құдайға арнап тұрғызылған кішігірім ғибадатханасы да болған; таққа отырған Гелиогабал ғибадатхананың қаржысын арттырып, қайта әрлеуге бұйырған.

Капитолий мұражайындағы император Гелиогабалдың бюсті. Рим, Италия. 3 ғасыр/Wikimedia commons

Капитолий мұражайындағы император Гелиогабалдың бюсті. Рим, Италия. 3 ғасыр/Wikimedia commons

«Гелиогабалға» қатысты бар білетініміз осы. Оған қатысты басқа деректердің барлығы, айталық жоғарыда сөз еткен Дионның ақпарлары да жеңіліс тапқан ханзаданы қаралау үшін ойдан құрастырылған жел сөздер ғана. Мұндай дереккөздерде олардың бәрі қызтеке, жезөкшелер үйінде тәнін сатқан, сонымен қатар тұрмыстағы әйелдердің етегін түрген, туған қарындастарымен төсектес болған және ғибадатханадағы қызметші қыздарды азғырған оңбағандар ретінде суреттелген. Сондай-ақ олардың құрбандық шалынар алаңда ақсүйектердің балаларын өлтіріп, өте сирек кездесетін «түйенің табаны, фламинго миы және попугайдың басы» сынды жағымсыз астарды талғажау етіп, өмірін жалмаған адамдардың қанын кешіп, жол-жөнекей ессіз билегені жөнінде де айтылады.

Дион Кассийдің өз еңбегін, Гелиогабалды анасымен бірге өлтіруге бұйырған Александр Севердің алқауымен жазғанын ескерсек, бұдан өзгеше ақпарды күту әбестік болмақ. Ал «Августардың Тарихына» келер болсақ, ондағы Гелиогабала жөніндегі тарауда — фантасмаго́риялық әрі порнографиялық суреттеулердің басым болғаны сонша, аталған туындыны тұщымды тарихи дереккөз ретінде бұрын-соңды ешкім қарастырмаған.

Сондықтан шындыққа жанасатын тарих бойынша, Гелиогабал анасы мен әжесінің айтқанынан шықпайтын жасөспірім-жігіт болып шықты. Саяси жеңілістен кейін ол әбден тепкінің астында қалып, ақыры анасымен бірге бауыздалып өлтірілген. Осы оқиғаның бәрі 222 жылы 11 наурызда орын алған. Ал өлтіруге бұйырған Александр Север, ақыр соңында император атанып, тарихшылардың өлім құшқан жас баланы өз қалауынша суреттеуін қадағалаған.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы