Гиппократ қалай антын бұзды?

Көне грек және ксенофобия

Анн-Луи Жироде-Триозон. Гиппократ Артаксеркстің сыйлықтарынан бас тартып отыр.1792/Wikimedia Commons

Гиппократтың әлемге әйгілі антында былай деп жазады: «Қай үйге кірсем де, мен науқастың игілігі үшін кіріп, қасақана, әділетсіз және зиянды істерден, әсіресе әйелдер мен еркектерге, еркін адамдар мен құлдарға қатысты махаббат істерінен аулақ боламын». Бұған сену қиын, дегенмен Гиппократ кемі бір рет өз антынан тайқыған.  

Б.з.д. 6 ғасырда Парсы патшалығы мен грек қалалары-мемлекеттері арасында бітпес қайшылық басталды. Грек-парсы соғысының басты себебі мынау еді: Парсының қуатты империясы кішігірім, бірақ бай грек қалаларын жаулап алып, Жерорта теңізіндегі сауданы өз қолына алғысы келді. Бұл соғыстар жарты ғасыр бойы жалғасып, парсылардың әскери күшінің айтарлықтай басымдығына қарамастан, олар Элладаны жаулай алмады, ал гректер өз еркіндігін сақтап қалды. Көне заман тарихшылары бұл күресті жақсылық пен жамандық, еркіндік пен деспотизм арасындағы шайқас ретінде сипаттады, ал гректер бірінші жақтың жауынгерлері ретінде бейнеленді. «Парсы» деген сөз сол уақытта «фашист» деген мағынаға ие болған, оны совет заманында және одан кейін де кейде қорлау мақсатында қолданған.

Жан-Доминик Ларрей. Анна-Луи Жироде-Триосонның портреті. 1804/Wikimedia Commons

Жан-Доминик Ларрей. Анна-Луи Жироде-Триосонның портреті. 1804/Wikimedia Commons

Бұл оқиғалардың арқасында грек-парсы соғысы өнер туындыларының тақырыбына айналғаны бізді таңғалдыра қоймайды. Мысалы, француз суретшісі Анн-Луи Жироде-Триозон (1767–1824) грек және рим мифологиясынан шабыт алып, көптеген картина жазған («Эндимионның түсі», «Пигмалион мен Галатея» және, тіпті, «Элизиумдегі француз республикалық генералдардың көлеңкесі» де бар). Триозон гректер мен парсылар арасындағы күресті де назардан тыс қалдырған жоқ.

Триозонның «Гиппократ Артаксеркстің ұсынысынан бас тартты» деген картинасының сюжеті грек-парсы соғыстарының соңында немесе гректердің жеңісінен кейін болған оқиғаларға негізделген. Парсы патшалығында індет пайда болғанда, I Артаксеркс Гиппократқа қымбат сыйлықтар ұсынып, көмек сұрап, елшілерін жіберді. Гиппократ парсы патшасының ұсынысын қабылдаудан бас тартып, Гистан есімді елшісі арқылы жауап жолдады:

«Геллеспонттың басшысы Гистанға Гиппократ дәрігерден сәлем. Сен патшаның хатын маған тапсырдың. Патшаға менің жауабымды жеткіз. Бізде азық-түлік, киім, баспана және өмір сүруге қажетті барлық нәрсе бар. Мен үшін парсылардың сыйлығын қабылдау немесе жауымызға ем көрсету дұрыс емес. Қош бол».iЖ. Жуанна. Гиппократ. Пер.с фр. — Ростов-на Дону, 1997.

 Анн-Луи Жироде-Триозон. Гиппократ Артаксеркстің сыйлықтарынан бас тартып отыр.1792/Wikimedia Commons

Анн-Луи Жироде-Триозон. Гиппократ Артаксеркстің сыйлықтарынан бас тартып отыр.1792/Wikimedia Commons

Бұл оқиға дәрігерлік этикаға қатысты көптеген мәселеленің бетін ашты. Гиппократтың замандастары бұл әрекетті патриотизмнің көрінісі деп бағалап, оны мадақтады. Көптеген ғасырлардан кейін А. Жироде-Триозон бұл оқиғаны Гиппократтың елшілердің ұсынысынан бас тартуы ретінде бейнелеп, дәрігерді үлкен патриот және альтруист ретінде суреттеді. Картинадағы Гиппократ қарапайым киім киген, ал елшілер қымбат киіммен келген. Ол алтынға толы қаптарды аяғымен таптап, парсылардың ұсыныстарынан бас тартып отыр.

Дереккөздерге сүйенсек, Гиппократ өзінің қызметі үшін аз ақша алмаған. Ол Афинада обамен күресті, эпидемия біткен соң жақсылықты ұмытпаған тұрғындар оны алтынмен аптап, оған ескерткіш те қойдырған.

Француз суретшісінің шығармасында көз алдымызға өз отанының жауына көмектесуден бас тартқан патриот пен альтруист көрінеді.

Бірақ Гиппократтың бұл әрекетін басқаша да түсіндіруге болады. Мысалы, ежелгі Римнің атақты саясаткері Үлкен Катон (б.з.д. 234–149 жж.) грек дәрігерлеріне сенбеу керек деген қорытындыға келген.

«Катон грек философтарын ғана емес, Римде емдейтін дәрігерлерді де жек көрді. Гиппократ туралы естіген шығар, ол парсы патшасының шақыруын қабылдамай, жауларға қызмет етпейтінін мәлімдеген. Катон мұндай антты барлық дәрігерлердің беретініне сенді және ұлына кез келген дәрігерден сақ болуға кеңес берді» .iМәтін мына баспадан алынған: Плутарх. Сравнительные жизнеописания в двух томах. — М.: «Наука», 1994. Издание 2-е, исправленное и дополненное. Т. I. Перевод С.П. Маркиша, обработка перевода для настоящего переиздания — С.С. Аверинцева.

Гиппократ (сол жақта) Косқа келген Асклепийді (емдеу құдайы) қарсы алуда. Римдік мозаика. Біздің заманымыздың 2-3 ғасырлары. Кос мұражайы/Wikimedia commons

Гиппократ (сол жақта) Косқа келген Асклепийді (емдеу құдайы) қарсы алуда. Римдік мозаика. Біздің заманымыздың 2-3 ғасырлары. Кос мұражайы/Wikimedia commons

Қазіргі заман дәрігерлері емдеуден бас тартуды дәрігерлік этиканың өрескел бұзылуы деп есептейді, ал оның негізгі қағидаттары Гиппократ антына енген. Дәрігер науқастардың шыққан тегіне немесе саяси көзқарасына қарамастан, оларға бірдей қарауға міндетті. Қазіргі заманғы дәрігерлік анттарда «жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шыққан тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дініне, көзқарастарына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және басқа да жағдайларға қарамастан, науқастың мүддесін ғана басшылыққа алу» деген сөз бар.

Көпшілігіміз бала кезімізде Эдуард Успенскийдің қолтырауын Гена және оның достары туралы тамаша кітабын оқыған шығармыз. Бірақ бәріміз есімізде сақтамасақ керек, онда Шапокляктың аузына доп кептеліп қалып, дәрігер Ивановқа жүгінгені туралы оқиға бар:

«Шапокляк допты түкіріп тастауға тырысты, бірақ ол шыға қоймады.

Енді не істемек керек?

Ол әйгілі дәрігер Ивановқа барды.

– Шубу, шубу шу, - деді ол оған.

– Шубу, шубу не? - деп сұрады дәрігер.

– Шубу, шубу шу!

– Жоқ, - деді ол. – Мен тон (шуба) тігіп бермеймін.

– Жоқ, шубу, шубу шу, - деп жауап берді Шапокляк, - допты!

– Сіз, бәлкім, шетелдік боларсыз! - деді дәрігер.

– Иә! Иә! - Шапокляк қуана басын изеді.

Оған шетелдік деп ойлағаны ұнады.

– Ал мен шетелдіктерге қызмет көрсетпеймін, - деді де Иванов Шапоклякты есіктен шығарып жіберді».

Дәрігер Иванов, бұл атақты балалар кітабындағы кейіпкер, дәл Триозонның суретінде бейнеленгендей Гиппократ секілді әрекет етті, науқасқа көмек көрсетуден бас тартты, бірақ бұл дұрыс емес әрекет, тіпті науқас Шапокляк болса да.

Шындығында, тарихта дәрігерлердің науқастың шыққан тегіне қарамастан, оларды емдеген көптеген мысалдары бар. Мысалы, Жан-Доминик Ларрейдің мемуарларында, Наполеон армиясының бас оташысы, 1812 жылы орыс тұтқындарына қалай көмек көрсеткені туралы жазылған. Н.И. Пирогов, эфирлі наркозды алғашқы рет соғыс жағдайында қолданған хирург, оның пациенттерінің арасында дағыстандық тұтқындар болғанын еске алады: «Мен тілмаш арқылы оның жанына жиналған мұсылмандарға эфирдің ішінде онымен демалғанда Мұхаммедтің жұмағына жеткізетін зат бар деп айттым. Таңғалғаным сол, жаралы науқас эфирдің күшіне қарсы келмегені былай тұрсын, біздің орыс сарбаздарына қарағанда құмарлықпен иіскеп жіберді. Отадан кейін есін жинаған соң ол адам нанғысыз жерде болғанын және ол жерде тағы біраз қалғысы келетінін айтты да, сол арқылы бұл заттың мен айтқан кереметтігін дәлелдегендей болды».

Этьен Ахилл Ревель. Анн-Луи Жироде-Триозонның Гиппократ Артаксеркстің сыйлықтарынан бас тартып отыр кескіндемесінен сурет. 1830/Wikimedia Commons

Этьен Ахилл Ревель. Анн-Луи Жироде-Триозонның Гиппократ Артаксеркстің сыйлықтарынан бас тартып отыр кескіндемесінен сурет. 1830/Wikimedia Commons

Бірақ Гиппократ пен Артаксеркс оқиғасы бұлай аяқтала салмайды.

Парсылар грек дәрігерлерін өте жоғары бағалаған. Гректер Парсы патшалығының сарай дәрігерлері болып қызмет еткені туралы бірнеше оқиға бізге белгілі. Бірақ олардың тағдыры әртүрлі болған. Бұл оқиғалардан сәл бұрын Артаксеркс сарайында Аполлонид есімді дәрігер болған, ол үлкен құрметке ие еді. Бірақ патшаның қарындасы Амитида ауырғанда, Аполлонид оны емдеу үшін жақын қатынасқа түсу қажет деп мәлімдеп, өзінің қызметін ұсынды. Бұл «емдеу» сәтсіз болды, ал науқас өлім алдында шешесіне Аполлонидтің іс-әрекетін айтып берді, содан кейін дәрігер жазаланды (оны тірідей жерге көмген). Гиппократ бұл туралы білгені күмән тудырмайды және, әрине, бұл оның шешіміне әсер етуі әбден мүмкін: Парсы империясының сарай дәрігерлерінің өмірі қауіпсіз емес еді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы