Офелия (1852)
Джон Милле
Картина Лондондағы «Тейт» галереясында тұр
«Рафаэлитизмге дейінгі бауырластықтың»i1848 жылы кескіндемеде жаңа принциптерді ұстанатын жас британ суретшілерінің қоғамдастығы құрылды. Негізін қалаушылардың бірі — Джон МиллеiДжон Милле (1829-1896) — британдық суретші және график. Бұл картинаны бауырластық жариялаған барлық кескіндеме талаптарын қатаң сақтай отырып салып шықты.
1) Пейзаж тек табиғатқа қарап отырып тууы керек пе, әрі мейлінше дәл салынғаны дұрыс па?
Суретші тәулігіне он бір сағат бойы Хогсмилл жағалауында отырып, кенепке әр шөптің сабағы мен судың бетіндегі әр жарқылды құлша күш-жігер жұмсап, түсіруге тырысады. Ғасырлар бойы бұл жағалау өздеріне тиесілі болса да, суретші бұл жерден өзіне қасақана ұя салып жатыр деп ойласа керек, оны маса, шыбын-шіркей ызалана шағады, жақын маңда емін-еркін жайылып жүрген өгіздер, су бетінде қалқып жүрген аққулар да суретшіге тыным бермейді.
2) Картина Ренессанс дәуірінен белгілі символдарға толы болуға тиіс пе?
«Офелияда» салынған әр гүл дестесі осы символика заңдылықтарына негізделген, мұнда Шекспир айтқан, ессіз Офелия қолына ұстаған розмарин, аскөк, рута бейнеленбеген, есесіне қайғыны білдіретін адонисті, рақымсыздықты білдіретін сарғалдақты, адалдықтың символы — ботагөзді көреміз.
3) Натурашы кенеп бетіне түсетін сезімдерді көз сендірерліктей дәл көрсетуі керек пе?
Он тоғыз жасар Элизабет Сиддалдың бірнеше сағат су толы ваннада натурашы боламын деп өкпесі қабынады, суды жылытуға тиіс лампалар істен шығып, суық болғаннан кейін қыз өкпе дертіне шалдығады. Оны емдету үшін суретші елу фунт төлейді, бұл ол кезде қомақты қаражат еді, суретші бұл қаражатпен бір жыл алаңсыз өмір сүре алатын. Ұзақ уақыт суға түскеннен әбден бүлінген «көненің көзі» саналатын сәнді көйлектен ескі заттарды сатып алушылардың өзі бас тартады, бұл суретшіні тағы шығынға батырды.
Бір қызығы, қалың көпшілік картинаны суық әрі сыни қабылдады. Жұртты ұлы пьесада керемет суреттелген өз-өзін өлтіруші жанның жан тапсырар алдындағы бейнесі абдыратты, бұл таласқа келмейді, бірақ натурализмнің қажеті қанша? Міз бақпайтын бет-әлпет, аппақ қудай өлі мойын, ақсиюдың керегі не? Мұндай картинаны үйге іліп қоя алмайсың, әсіресе үйде сезімтал қыздар бар болса. Жалпы бұл картинада табиғаттан тыс, жағымсыз әрі қорқынышты әлдене бар.
Сыншылар боямалық, астарлылық (мысалы, картинаның жартылай шеңбер іспетті негізсіз пішіні таңғалдырды), христиандық картиналарға орынсыз пародия жасады (Офелияның бет-әлпеті мен қалпы айқышқа шегеленген Мәсіхтің дәстүрлі бейнесінен алынған деп саналды) деп тарпа бас салды.
Бар күш-жігерін аямай салған «Офелияның» көз алдында құрдымға кетуі Милленің көңілін су сепкендей басты, ол Рафаэлитизмге дейінгі идеялардан бас тартып, портреттер, пейзаждар мен тарихи кенептер сала бастады. Үйленді, танымал болды, Баронетке дейін көтерілді, Корольдік өнер академиясының президенті болды, көп байлыққа кенелді. Даңғойлықтан ада жастық құмарлығы туралы еске алмауға тырысатын.
Ал қазір «Офелия» суретшінің одан кейінгі тартымды, дұрыс, десе де көрнекті кескіндеме өнері деп атауға келмейтін картиналарынан қарағанда ең үздік, ең қызық туындысы саналады.