Амиштердің құрақ бұйымдары

Бір кезде кедейліктен сіңірі шыққан халықтың бүтін бір индустрияға айналған кәсібі

Амиш фермасы, Ланкастер округі, Пенсильвания / Alamy

Амиштер — АҚШ-тың солтүстік-шығысында тұратын, әсіресе, Пенсильванияда шоғырланған діни қауымдастық. Өз қоғамының прогресін саналы түрде 18 ғасырмен тоқтатып қойған, осылайша өркениеттің кейінгі жетістіктерін мойындамай өмір сүруде.

Амиштер атпен жүреді, дәстүрлі киім киеді, электр қуатын пайдаланбайды, егіншілікте химиялық қоспаны пайдаланбайды, жалпы оларды тірі музей экспозициясы деп атауға болады.

Амиштердің бейбітшілдігі мен еңбекқорлығы ел аузындағы аңызға айналған, кейде олардың қауымдастығы ұстанатын ережелер азамат құқығын қорғаушылардың сынына ұшырайды. Бірақ жалпы алғанда, Америкада амиштерді жақсы көріп, құрметпен қарайды. Тіпті олардың фермерлік өнімдерін, амиштердің ер кісілері қолдан жасаған жиһазын, әйелдері қыста тігетін құрақ-кестелерін зор ықыласпен сатып алады.

Қолдан жасалған Амиш көрпесі (квилт). Brubakers Quilt дүкені / Getty images

Қолдан жасалған Амиш көрпесі (квилт). Brubakers Quilt дүкені / Getty images

Пэчворк, квилт — амиштер құрақ тігу тәсілінің каноны. Бір кезде кедейліктен сіңірі шыққан халықтың индустрияға айналған кәсібі бұл, оның баламасы жоқ, өте қымбат, амиштердің қолынан шыққан құрақ көрпелер мен кілемдер — шүберек атаулыны сән-салтанат бұйымдарына айналдырды.

Жарасымды геометриялық өрнек ретінде біріктіріліп тігілген тоқыма мен шыт матадан қиылған шаршылар (амиштер өсімдік әлеміне ұқсас немесе қияли машықтарды пайдаланбайды), кереғарлық ретінде жиі пайдаланылатын қара түс, қарапайым болғанмен, көзге анық түсетін көп еңбекті талап ететін жұмыс — амиштер құрақ бұйымдарының ешкімге ұқсамайтын айқын сипаты.

Амиштерді байытқан (олар өте бақуат тұратын қауымдастық) негізінен әйелдің қолынан шыққан бұйымдар, олар қысқы кештерде әңгіме айту үшін бір үйге жиналып, ортақ үстел үстінде қайталанбас құрақ көрпелер тігеді.

Амиш балалары / Getty images

Амиш балалары / Getty images

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы