Ерлан Нұрдыхан

Шаршаған мезгіл құсы сынық қанат

Ерлан Нұрдыхан/Qalam редакциясы

Шаршаған мезгіл құсы сынық қанат,

Сары қурай сақалына жұмыртқалап,

Елесі ертеңімнің жылап отыр,

Тыныштық нәрестесін ымыртқа орап.

Қаймағын қара судың Ай жалаған,

Жирен күз кісінейді айналадан.

Ақ жолақ аққан жұлдыз сияқты бір,

Мұңлы сөз таңдайымнан тайғанаған.

Бәлкім, бұл ауырлаған түс салмағы,

(Тәрізді арда Алтайдың қысқы орманы).

Қыраулы бір бұтақтан қанат қағып,

Түйсіктің түкпірінде құс самғады.

Ойлаймын: мекені не осы құстың?

Қанаты қандай жеңіл.

Асығыс тым!

Мен құстың қанатына хат байладым,

Қайғысын қас-қағымның ғасыр ішті...

Ерлан Нұрдыханұлы — ақын. 1975 жылы Шыңжаңдағы, Алтай аймағында дүниеге келген.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы