Жалғыздардың мекені қандай болмақ

Қиялында американ ақынның

Уоллес Стивенс/Qalam редакциясы

Жалғыздардың соңғы мекені,

Толқындаған жер болуы керек.

Әлде бұл жасыл баспалдаққа шалпылдап

Толқындаған мұхиттың ортасы бола ма?

Немесе жағажай  ма бұл —

Үздіксіз және толқын соғып,

Бірқалыпты, бір ырғақты шуменен,

Бір секунд та тоқтамай,

Әйтеуір үнемі толқындап жатуы керек.

Буырқанған, қайта келетін,

Ойың да толқынға батуы керек —

Бұл жалғыздар мекенінде,

Біз мұны әсілінде мәңгілік

Толқындап тұратын жер деп айта аламыз.iГ.М.Кружковтың аудармасы

Уоллес Стивенс (1879–1955) — америкалық ақын, 1910–1920 жылдары АҚШ-тағы «Поэтикалық қайта өрлеудің» алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді