Ай сөзі: кәрілік
Қазіргі геронтократияның ерекшеліктері
Qalam редакциясы айына бір рет қоршаған әлемді түсінуге арналған маңызды сөзді таңдап алып, оның мағынасына бойлауға тырысады.
Осыдан бес жыл бұрын, Америкадағы президент сайлауы қарсаңында The Atlantic журналында «Жетпіс жастағылардың тираниясы» деген мақала жарық көрді. Мақала авторы Эндрю Фергюсон АҚШ билігіне үміткерлер – «гериатриялық медицина жетістігінің дәлелі» дей келіп, адам қартайған сайын дана бола түседі деген сынды тезистің күмәнді екенін жазған. Еске сала кетейік, сол кезде жетпіс алты жастағы Байденмен қатар жасы жетпіс жетіге жеткен социалист Берни Сандерс те президент тағына отыруды көздеп жүрген еді. Ал кабинетіне жайғасып алған жетпіс үштегі Трамптың тіпті есімінен жиіркенгендей, оны «Макдональдсты сүйіп жейтін президент» деп қана атаған.
Одан әрі аталмыш мақалада Фергюсон Аристотель даналығына сүйене отырып, саяси ұрпақтың жаңаруы керегін, сондай-ақ жасы келгеннен кейін биліктен өз еркімен кету де – тектілік пен ұлылық белгісі екенін талдап жазды. Нақтырақ айтсақ, мәтінде Сандерс пен Байден 2016 жылы президент боламын деген амбициясын тежеп, сол жылы-ақ зейнетке кетуі керек еді деген ойын ашық жеткізген. Автордың пікірінше, Сандерс Никарагуаға келген туристерге тамаша гид болып қызмет етіп, ал Байден болса кез келген мәселенің күрмеуін шешетін үкімет кеңесшісі міндетін керемет атқарар еді. Сондай-ақ Фергюсон асқан сенімді түрде «Олар. Ешқашан. Кетпейді» деп, дәл осындай емле әдісімен шегелеп тұрып жазды.
Ақыры, Фергюсонның айтқаны айдай келді. Шын мәнінде ешкімнің де өз еркімен биліктен кеткісі жоқ. Ал жетпіс жастағы шалдардың тираниясы ақырын ғана келесі ондыққа өтіп кетті. Байден ақырғы сәтке дейін күресіп бақты және үш-ақ апта бұрын мені сайлау додасына түсуден бас тартқызуға тек Құдайдың ғана қауқары бар деп мәлімдеген-ді. Шамасы, бұл жағдайда Барак Обаманың «қарттарға мұнда орын жоқ» деген әйгілі пікірі теофания құбылысы ретінде қабылданған сыңайлы.
Заманауи геронтократия мен жетпіс жастан асқандар тираниясының күшеюін жас саясаткерлердің дағдарысынан туған реакция деп бағамдауға болады. Шындығында, қырық жас пен алпыс жас аралығындағы басқа да қазіргі еуропалық көшбасшылар геронтократия туралы түсірілген «Мұрагерлер» сериалының азғын кейіпкерлеріне ұқсайды және өздерін солай әйгілеп жүр. Осының аясында Байден оң жоба ретінде қарттық картасын ойнауға тырысып бақты. Жақында америкалық демократия мәңгілік құндылық атағын талап етер болса, оның негізгі өкілі былтыр жарыққа шыққан «Outlive: the Science & Art of longlevity» («Ұзақ өмір: Ғылым және ұзақ жасау өнері») бестселлерінде жазылған үлгілерді қолданып, өмір сүру мен билік ету мерзімін ұзартуға ұмтылатыны белгілі.
Байденге қатысты шиеленіс оның сексеннен асқан шағында бүкіл дәстүрлі либерал және әдепкі ілгері қоғамның үмітін ақтауға шақырылғандығынан туындады. Бұл келешектің келбеті (бұл кезде Трам – жабайы кекшіл) деген болжам жасалды. Шын мәнінде, осыған ұқсас жағдайлар бұрын да болған. Айталық, солшыл сенатор Сандерс праймериз кезінде жастар қаһарманы болып танылды. Сонда оның жасы жетпіс жетіде-тұғын. Биліктен кеткісі келмейтін кәрі тиран бейнесі әлем мәдениетінде әлдеқашаннан әйгілі. Бұған «Патриархтың күзінен» бастап (1975 жылы жылы шыққан Габриэль Гарсиа Маркестің Латын Америкасы диктаторының өмірі туралы романы) Скотт Уокер шырқаған қайта айналып орала беретін қарт туралы әніне дейін мысал бола алады.
Дегенмен Байден дәстүрлі түрде әлемнің басқа елдеріндегі әртүрлі диктатураларға қарсы күрескер ретінде саясат сахнасына көтерілді, онысы кейін саясат пен билікте қалу әрекетіне баланып, кейінгі жылдары танымал болған қосымша когнитивті бұрмалануға ұшырады.
Байденнің кәрілігі оған түрлі жолмен абырой әкелді. Алғашында оның жасы жеткендігі пайдасын шешілді, өйткені Байден сияқты қуатты қария ғана Трамптай құбыжықты жеңеді алады деп сенді жұрт (себебі ол мұны бір кездері жасаған). Қуаты қайтпаған қарттың халық алдында құлағаны риториканы өзгертті, бірақ өмір жасы тағы да жақсы ат әкелді, өйткені оның кәрі болғандығы атына кір келтірмей, өз еркімен биліктен кетуіне және әлгі құбыжықты жаншып, демократияны өркендететін әлдеқайда жас та жігерлі кандидаттарға жол беруіне сеп болды. Енді ол сайлауға түсуден бас тартқаннан кейін халқы Байденді ел үшін ерге тән шешім шығарды деп бағалады, ол қызметтен кетуі арқылы кейбір құбыжықтар сияқты өз қара басын емес, Отаны мен партиясының қамын ойлайтынын көрсетті.
Сондай-ақ Трамптың өзі Байденмен құрдас болса да, оның кәрілігі туралы сөз қозғалмайды. Себебі Трампқа қарсыласының әлсіздігі тым тиімді жағдай жасады және кейбір қарсы лагерьдің медиа белсенділігінің де әсері бар. Осы жылдар бойы демократиялық баспасөз Трампты жүйеден тыс кейіпкер ретінде күн сайын демонизациялаумен және дегуманизациялаумен белсенді түрде айналысқаны соншалық, (әсіресе The Atlantic ешкімге дес бермеді), нәтижесінде одан антисуперқаһарман жасап шығарды.
Сөйтіп, адамдықтан жұрдай қылып көрсеткен соң, оның өмір жасы да маңызсыз болып қалды. Мүмкін, демократтар Макдональдсты сүйіп жегіштің кез келген артықшылығын жоққа шығаруға тырысып, бұл жағдайда Шекспирдің кәрілік ақылды адамды құлдыратады, ал, керісінше, ақымақты өрістетеді деген идеясына сүйенді. Қалай болғанда да, Трамп, шамасы, өзі мұны білмесе де, жабайылықтың бетін одан да асқан жабайылықпен қайтаруға болатынын айтқан Гетені Шекспирден артық көргенге ұқсайды. Ал Трампты кәрі дегеннен гөрі жабайы десек дұрыс болар.
Порноактриса Сторми Дэниэлспен кәдімгідей көңіл жарастырып жүргені, сөзсіз, қарттықтың белгісі емес. Иә, ақырында, тарих қойнауынан жетпіс сегіз жастағы саясаткерді біреу өлтірмек болған оқиға таппадық. Айтпақшы, осы қастандықтан жасқа қатысты мем пайда болды, сөйтіп құлағына оқ тиген Трамп бірден ұлт жанашыры боп шыға келді, ал қарсыласына бұл жағдайда коннотациялар мен салдарын арқалаған қарияның рөлі қалды.
Француз философы Бруно Латур Трамптың бірінші билігі кезінде былай деп жазды:
«Трамптың ерекшелігі сол, («қарапайым халықтың» мүддесін миллиардерлер де қорғасын!) деген ұранмен, тыс қалғандардың тағдырына бей-жай қарай отырып, максимал пайдаға қарай ілгері жүреміз, ал жалпы халық кері қарай, яғни байырғы ұлттық, этикалық категорияларға оралсын деді («Make America great again»). Анық постмодерндік тұлға Трамп қайшылықтарды ойнатуды және өз жасымен ойнауды керемет жүзеге асыра білді. Айта кетейік, Латурдың өзі құлағын таңған адамның ақырзаманы орнамас бұрын қайтыс болды.
Осыдан қырық жыл бұрын Жапонияда «Нарайама туралы аңыз» (1958 жылғы жапон фильмінің ремейкі) фильмі көрерменге жол тартқан. Сюжеті Убасутэ әдет-ғұрпына негізделген, онда қарт адамдарды жетпіске толған шағында Нараяма тауына апарып тастайды да, олар сол тауда жан тапсырады. Фильм тек 1988 жылы ғана кеңестік ауқымды прокатқа шықты. Қайта құрудың геронтофобиялық рәсімінің өзі сол кезде қайта құру кезеңіндегі көрерменіне азды-көпті абстрактілі экзотика болып көрінген. Өйткені лафеталар жарысы жақында ғана болған, бірақ ол өткен нәрсе, ал картинаның айналасындағы толқулар өте қарабайыр сол кезгі эротикалық көріністермен суреттелген. Ал қазір біз сол фильмнің ремейкіне кезіккендей болып отырмыз, яғни қарттарды билік тауына қарай, мәңгі өмірге қарай сүйрелеп бара жатқандаймыз. Ал әлем құрбан боп қала берді. Ал енді бұл жағдайдан біз ешқандай экзотиканы да, абстракцияны да байқамаймыз, себебі бұл – бүгінгі шындық. Жоғарыда айтылған Бруно Латур жазғандай, «Маркстің айтқанына қарамастан, тарих дегенің тек трагедия мен фарс болып қана емес, кейде зиянкес сайқымазақ кейпінде қайта оралады».