Aй сөзі: cлоп
Жасанды интеллект - трештің жаңа патшасы
Айына бір рет Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға тырысады.
1924 жылы 19-мамырда ағылшындық әйел Беатрис Харрисон Суррей графтығының Октед қаласындағы бақшасына шығып, осы уақытқа дейін ешкім естімеген жанды концерт берді: ол виолончельде ойнады, ал бұлбұлдар ән салды. Бұл Би-би-сидің алғашқы тікелей эфирлерінің бірі болды. Бір жылдан кейін бұлбұл тоғайындағы таңдай қақтырарлық қойылым тағы қайталанды. Бірнеше жылдан кейін пластинкалар жарық көріп, адам айтса нанғысыз табысқа қол жеткізіп, виолончелші әйелді Бұлбұл ханым деп атай бастады. Алайда 2022 жылы бұлбұл үні шамамен имитацияланған болуы мүмкін екені анықталды, кем дегенде, орнитолог ғалымдар осындай шешімге келген, сондай-ақ Би-би-си қызметкерлерінің бұлтартпас дәлелдері де пайда болды. Беатрис Харрисонның өзі сірә оның жасанды екеніне күдіктенбеген болса керек, ал дыбыс жазатын продюсерлер көптеген сымдар мен микрофон құстарды қорқытады деп болжап, түн жамылғанын пайдаланып, Мадам Соберон лақап атымен сахнада өнер көрсететін бақта ән салған Мод Гулдың дыбысын жазып алған. Мадам қажетті партияларды шынайы бұлбұлша түпнұсқаға өте жақын орындап шыққан. Келесі жазбалардың бәрінде аппаратураны реттеп, нағыз бұлбұлдардың үні жазылып алынған. Дегенмен бұл түп мәнінде өзінше бейкүнә, бекзат, десе де жалған оқиға.
Тура бір ғасырдан кейін, яғни биылғы жылдың мамыр айында әлемдік лексикаға жаңа slop сөзі қосылды (ағылшын тілінен аударғанда slop жуынды деген мағынаны білдіреді). Бұл термин қазір нейрондық желілер жасаған әртүрлі қажетсіз және орынсыз контентті сипаттау үшін жиі қолданылады. Негізінде спам екеуінің арасында асқан бір айырмашылық жоқ, бірақ оны Жасанды интеллект өндірген. Спам танк сияқты алдындағының бәрін жайпаса, слоп ұшқышсыз ұшатын аппарат, ол іс жүзінде қайда қауіпті. Спам әрқашан бір ұялы маркетингтік қоқыс болды, ерекшелік ретінде екі мыңыншы жылдардың басында пошта жәшіктерін бомбалаған түрлі түсті нигериялық хаттарды атап өтуге болады. Слоптың сөзсіз қуатты сөйлеу құралдары бар және Беатрис Харрисон түсінде де көрмеген бұлбұлдай шырқау қабілетіне ие. Алты саусақты адамдар, асшаян Иса және өзінің 122 жылдығының құрметіне бәліш пісіріп жатқан әйелдер мүлдем негізсіз болып көрінбейді. Бір кездері Юрий Шевчук сан түсті жуынды деп атаған кітаптарға, әндерге, жарнамалық роликтерге және басқа да маңызды әлеуметтік-саяси перспективаларды айтпағанда, басқа да «слоп-артқа» айналатыны анық.
Слоп кез келген алдамшы сюжеттер жасауға қабілетті, бірақ бұл жағдайда қорқынышты нәрсе фейк емес. Сайып келгенде фейк және оған сену/сенбеу принциптері виртуалды кеңістіктің негізінде жатыр. Америкалық суретші Питер Штайнер 1993 жылы The New Yorker-ге арнап «Интернетте сенің ит екеніңді ешкім білмейді» атты карикатура салған, 96–97 жылдары рунет пайда болғанда бұл сөз тіркесі өзінше мемге айналды. Ал жасанды интеллектің арқасында жағдай өзгеріп, енді интернетте сенің ит еместігіңді ешкім білмейді. Фейкпен немесе спаммен бетпе-бет келгенде, біз ақпарат тізбегінің екінші жағында түсінікті алаяқтық немесе сексуалдық мақсаттарды көздейтін шамамен бірдей жаратылыс бар екенін түсінуге үйренеміз. Мысалы, ол өзіне тән емес дене мүшелерінің фотосуреттерін жіберсе де, бұл дене мүше онда болмаса да, бұл жер шарында, яғни басқа біреудің денесінде бар. Слоп жағдайында біз референті жоқ белгіге тап боламыз. Бұл манипуляцияның біршама басқа деңгейі және түйсіну шегарасынан асып түседі. Папарацциға қарсы шықсаңыз болады, бірақ бет-әлпетті тану жүйесіне қарсы шығу қиынға соғады.
Слопты тура мағынасында қате немесе алаяқтық деп атауға болмайды — онда алгоритмнің жасанды емес шынайылығы мен оның абсурдқа деген үнемі өсіп келе жатқан бейімділігі сезіледі. Мысалы, өткен жылы жасанды интеллект арқылы жасалған туристік Microsoft гайды қаланың басты көрікті жері ретінде тегін тамақ беретін Оттава азық-түлік банкіне баруды ұсынған кез болды (бұл Вуди Алленнің фильміндей кейіпкер жас қызды әуелі Холокост мұражайына жібереді). Белгілі бір мәнінде бұл қисынды қадам еді және адам моралына мүлдем қайшы келмейтін.
Жасанды интеллект адам табиғатын тура мағынада қабылдап, оның жетілдірілген нұсқасын ұсынуға тырысатындықтан, бұрмаланған шындық туындайды. Мысалы, қазір сөйлеу синтезі нарығының көшбасшысы болып саналатын поляктың ElevenLabs компаниясы жасаған жасанды дауыстар адамның дауысынан гөрі әлдеқайда шынайы шыққаны үшін танымал болды. Осылайша слопты тек қоқыс қана емес, қоқыстың идеалды үлгісі ретінде көрсету керек. Жарнамалық агенттіктердің әлеуметтік желілерде өз өнімдерінің толық ресми көрсетілімін Жасанды интеллект жасаған фейк деп қабылдайды деп тегіннен тегін дабыл қақпаса керек, себебі нағыз фейктер қайда сенімдірек көрінген. Slop озық шығу арқылы ойын ойнайды.
Жасанды интеллект контентінің негізсіздігінің рационал астары бар және бұл қорқыныш тудырады. Оның үстіне қорқыныш механизмнің жансыздығынан емес, керісінше оның дамып, адам әлемінің қыр-сырына демдеп ене алатынынан туындайды. Оған алты саусақ, 122 жасты тойлау сынды мысалдар келтіруге болады. Сайып келгенде, Иван Бунин айтқандай, адамның ақылы бай емес. Адамдардың тыйым салынған қиялдары әдетте Гитлер мен порнографиялық дипфейктерден аспайды және оларды цензуралау үшін анау айтқандай асқан ақылдың қажеті де шамалы. Адамды түзетуге әлеуетті мүмкіндігі бар жасанды интеллект мәселесіне келсек, мұнда қандай фильтр орнату керектігі айқын емес, ерте ме, кеш пе жасанды интеллект біздің төл игілігіміз үшін бізді өзі-ақ фильтрден өткізетіні белгілі.
Жүз жыл бұрын ағылшын бақшасында сүтқоректілер жұмыртқа салатындардың дауысын сәтті қолданды. Қалай болғанда да, бұл тірі табиғаттың шегарасындағы мимикрия мен қулық шеңберінің бір бөлшегі болды. Бүгінде бұл миметикалық шеңбер жасанды сана шабуылының арқасында бұзылды. Нейрондық желілер Аристотельдің идеяларымен таныс болса керек, сондықтан олар шынайы мимесис жай ғана еліктеу емес, заттарды қалай бар тек сол күйінде ғана емес, сондай-ақ болуы керек немесе кем дегенде біреудің пікірі бойынша бола алатындай күйде бейнелей алатын шығармашылық жаңғырту екенін жақсы біледі. Кім біледі, егер біз бүгін сол бақта болған кешті қайталауға өтініш жіберсек, Беатристің болуын міндет деп санамайтын техникалық мінсіз слопқа тап болуымыз мүмкін. Қайткен күнде Google сізді виолончелі бар құсқа айналдыратын алгоритм ойлап тапқанын ескерген жөн.