Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

53. Morrissey – Bengali in platforms

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Morissey/Nathan Parsons/Legion-Media

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бенгалдардың Бангладештен Лондонға жақсы өмір іздеп, циклондар мен соғыстардан бас сауғалап, қоныс аударуы өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталды. Олар әлбетте Ист-Эндеге қоныс теуіп, ондағы ақ нәсілділерді жақтаушыларға қоқан-лоққы көрсетті. 1978 жылы мамырда жиырма бес жасар Альтаб Уайтчапел жолының қиылысында үйіне қайтып бара жатқан жолда үш нацист жасөспірімнің қолынан қаза табады. Бұл Бангладештен келген жеті мың адамның наразылық шеруіне шығуына түрткі болады. Жалпы, сексенінші жылдардың басындағы скинхедтердің жекпе-жек атмосферасы Сэм Мендестің жақында түсірген «Жарық империясы» (2022) фильмінде жақсы берілген.

The Smiths бұрынғы лидері «Bengali in platforms» әні 1988 жылы жарық көрді, онда ешқандай трагедия жоқ, бірақ қазір де айыпталуы бек мүмкін ирония бар (қайткен күнде Морриссидің өзі ирландық болғандықтан, туындыны тұтас британ қоғамына және оның шеттен келгендерді ассимиляциялау саясатына қатысты сатира ретінде қарастыруға болады). Моррисси өзінің дауысына тән меланхолик салқындығымен британ қоғамына бейімделуге тырысатын әрі оның әдеті мен мінез-құлқын бойына сіңіруге ұмтылатын жас бенгалдықтың портретін салады («Колибри» тобының «Автобустағы негр» әні осыған ұқсас). Дегенмен мұндай деколониал нәзік тұстарды мамандарға қалдырып, музыкалық тұстарға назар салайық. Атап айтқанда, сексенінші жылдардағы маңызды Durutti Column тобында өнер көрсеткен қайталанбас музыкант Винни Райли мұнда гитарада ойнайды, бұл туралы жақында жаңа шығарылымдарда сөз қозғайтын боламыз.