Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

57. Hawkwind — Hassan I Sahba

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Топ Hawkwind/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Ұлы британдық Hawkwind тобының стилі әдетте спейс-рок деп аталады, бұл композиция ғарыштың барлық талаптарын толығымен қанағаттандырады. Ол Низарит Исмаилит мемлекетінің (бұл исламның шииттік тармағы) негізін қалаушы Хассан ибн Саббахтың (1050–1124) жолын әнге қосады. Ол бұл мемлекетті хашашиндерге берілген және өзін де, құрбанды да аямайтын, қайда болсын, кімді болсын өлтіруге бар содырлар тобының негізінде құрған. Саббах барлық нәрседе қатаң аскетизмді уағыздады және тау бекінісінде кез келген сән-салтанат көрсетуге тыйым салынған тирандық коммунаның бір түрін құрып, байлықтың мәнін жойды. Христиандар мен мұсылмандарға теңдей жеккөрініш танытып, оларды жанкешті лаңкеске қатысты қолданылатын «хашашин» сөзі олардың түбегейлі тақыр кедей екенін («шөп жегіштер») нұсқайды, дегенмен зерттеушілер, атап айтқанда француздар 19 ғасырда бұл сөздің түбірі гашиш екенін және оның бәріне немқұрайлы қарайтын ессіздікті білдіретінін алға тартқан. Hawkwind-тің 1977 жылғы құйын тәрізді әні сөздің этимологиясына французша көзқараспен қарайды. Бұл ауыр фантасмагория, хашашиндердің өзінен жетпісінші жылдардағы Таяу Шығыстағы шындықтарға, мысалы, мұнай доллары мен палестиналық «Қара қыркүйек» тобына ауысып, шөл дала мен оазис туралы қараңғы тылсым аян арқылы шешімін табады.