КӨГЕРШІН ПОШТАСЫ

Ең көне мейл-қызметтің тарихы

КӨГЕРШІН ПОШТАСЫ

Миклош Барабаш. Көгершін поштасы (1843))/Wikimedia Commons

Қазіргі пошта құстарының тегі көк көгершіндерден тарайды, олардың бәрі дерлік өз ұясына қайтып оралатын қасиетке ие (хоумиң деуге болады). Бүгінде олар мыңдаған километрді артқа тастап, адам нанғысыз жылдамдықпен (сағатына 90 шақырымнан аса) ұша алады. Дегенмен бұл нәтиженің бәрі дерлік — еңбектің, үйреткеннің арқасы және бұл процестің тамыры тым терең кеткеніне күмән жоқ.

Мазмұны

КӨГЕРШІН — АДАМНЫҢ КӨНЕДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ДОСЫ

Көгершін — мифологиялық сюжеттерде жиі кездесетін кейіпкер. Бұл құсты кейбір құдайлар мен құдай аналарға (мысалы, Иштар мен гректің Афродитасы сияқты танымалдары бар) жиі теліп жатады. Бұл кейіпкерлердің ішінде пошташы қызметінен асып түсетін «бейбітшілік құсы» деген де атақпен кездесетіндері де бар. Пошташы-құстың ең көне суреті «Гильгамеш туралы эпоста» (ең көне сюжеттер біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда бейнеленген) салынған деп есептеледі. Ол жерде Бүкіләлемдік Топан су туралы миф баяндалады, ондағы Нұх секілді Утнапишти деген кейіпкер хақында жазылған. Бұл нұсқадағы сюжетте кейіннен шыққан Ескі Өсиеттегідей су кетті ме, жоқ па деп құс ұшырып көрген.

Ежелгі Мысыр мәртебелісі Птаххотептің қабіріндегі рельеф. Біздің эрамызға дейінгі 25-24 ғасырлар/Getty Images

Ежелгі Мысыр мәртебелісі Птаххотептің қабіріндегі рельеф. Біздің эрамызға дейінгі 25-24 ғасырлар/Getty Images

Мысыр мен Бергі Азиядағы археологиялық материалдарға қарасақ, көгершін қолға үйреткен алғашқы жануардың бірі және қолға үйренген ең алғашқы құс болған. Мысалы, Құнарлы жарты айiТаяу Шығыстың тарихи атауы, қыс мезгілінде бұл аймақта жауын-шашын көп болады. Ніл алқабы, Левант және Месопотамияны алып жатыр жерінде көгершінді қолға үйрету біздің заманымызға дейінгі VIII мыңжылдықта басталып кеткен сияқты. Сол уақытта жер игеру дамып, адамдар арпа мен бидай өсіре бастаған, нәтижесінде дәнді дақыл арқылы құстарды да өзіне жақындатуға мүмкіндігі болған. Қалай дегенмен құстардың сүйегі нәзік болатынын ескерсек, нәтижесінде олардың осы күнге дейін сақталуы да қиындау екенін ойға алсақ, көгершіндердің қолға үйрену хронологиясын дөп басып айту оңай болмайды.

Аккад мөрінің ізі. Онда жаңа жылдық рәсім бейнеленген. Солдан оңға қарай: садақпен Нинурта, қанатты Иштар, күн құсы мен араны ұста тұрған Шамаш және Еа, б. з. д. 22 ғ./Getty Images

Аккад мөрінің ізі. Онда жаңа жылдық рәсім бейнеленген. Солдан оңға қарай: садақпен Нинурта, қанатты Иштар, күн құсы мен араны ұста тұрған Шамаш және Еа, б. з. д. 22 ғ./Getty Images

Көне Қосөзен мәдениетінде тақтайшалардағы көгершін бейнесі мен терракот мүсіншелері шамамен алғанда біздің заманымызға дейінгі V мыңжылдықтарда кездеседі. Қалай десек те ең алғаш құстарды хат тасушы ретінде қолға үйретпеген деген пікір бар. Зерттеушілер әзілге салып, көгершіндерді көпфункционалды швейцариялық әскери пышаққа теңеп жатады. Себебі бұл құстарды тек ас ретінде пайдаланбай олардың саңғырығын тыңайтқыш ретінде қолданған. Кейіннен құстар қиындау тапсырмаларды да орындап үйренген, әлдебір уақытта көлемі кіші жүк тасу қызметі де пайда болды.

КӨГЕРШІН ПОШТАСЫ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Көне дәуірде-ақ пошта қызметін атқаратын көгершіндер айтарлықтай алыс жолға хат тасуға қауқарлы болатын. Бұған қатысты кейбір дереккөзден пошта көгершіндерін сонау мысыр пирамидасының алғашқы қожайыны және үшінші династияның негізін қалаушы, Джосер перғауынның (біздің заманымызға дейінгі 27 ғасыр) заманында өсіре бастағаны туралы ақпарат бар. Ол бұл құстарды көрші тайпалардың Мысырға шабуыл жасайтыны туралы хат алмасуы үшін пайдаланған-мыс. Перғауынның билік еткен дәуіріне тиесілі артефакттарды Ніл аңғарынан да Жоғарғы Мысырдан да тауып жатады.

Қалай дегенмен Ніл жағасындағы көгершіндерді қолға үйрету дәстүрінің тамыры тым тереңге кетеді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың ортасында біз құстың бейнесін мысыр өнерінде пайдаланған көптеген дәйектерге көзіміз жетеді. Бұндай деректердің ең танымалы реформатор-перғауын Эхнатонның (біздің дәуірімізге дейінгі 14 ғасырдың ортасы) астанасы болған көне Ахетатондағы қазба жұмыстары кезінде табылған фреска шығар. Эхнатонның билік еткен дәуірі мысырлық өнердің қарыштап дамыған шағы деген пікір қалыптасқан. Оның сарайындағы Жасыл бөлмеде пейзаж салынған, ол жерде басқа құстардан бөлек бірнеше көк көгершінді көруге болады.

Солтүстік Сарайдағы Жасыл Бөлмедегі факсимиль/Wikimedia commons

Солтүстік Сарайдағы Жасыл Бөлмедегі факсимиль/Wikimedia commons

Орнитолог-зерттеушілердің айтуынша, бұл құстар өзен жағасы батпақты жерді ұната бермейді, керісінше тастақты жерге құмар, бұл дегеніміз — көгершіндер бұл жерге кездейсоқ келмегені белгілі болады. Ахетатондағы осындай суретті «The Global Pigeon» кітабының авторы Колин Джеролмак былай деп баяндайды: топ кептерді қайта келуі үшін тордан босатып жатыр. Тель-эль-Амарнда (көне Ахетатонның орнындағы қазіргі елді мекен) археологтар тапқан көгершіндерді үйреткен көне жер тек өлара кезеңге жатады.

Кептерхана, Мысыр/Gunter Reitz/Getty Images

Кептерхана, Мысыр/Gunter Reitz/Getty Images

Пошта кептерлерін қалай пайдаланғаны туралы ақпараттың көбін біз антикалық авторлардың шығармаларынан білеміз. Кейбір деректерге сәйкес, бұл құстарды көне грек Олимпиада ойындарының қатысушылары пайдаланған. Спортшылардың әрқайсысы жерлестеріне жарыс нәтижесін, ең алдымен жеңіске жеткені туралы хабарды жеткізетін туған қаласы немесе ауылынан көгершін алып келген-мыс.

Хабар алмасу туралы Үлкен Плиний деген Рим зерттеушісі өзінің «Кәдімгі тарих» атты еңбегінде анық-қанығын жазады. Оның ішінде ол Цезарьдің баскесерінің бірі Децим Юний Брут қалыптастырған хабар алмасу жүйесу туралы баяндайды. Жалпы басқа да авторлар жылдам хабар жеткізу үшін Римде Гай Юлий Цезарьдің өзі де Галлиядағы консулдығы кезінде көгершіндерді пайдаланғанына куә болғанын жазады.

Афродита.  Б.з.б. 450 - 425/Neues Museum, Berlin/Wikimedia Commons

Афродита. Б.з.б. 450 - 425/Neues Museum, Berlin/Wikimedia Commons

Орта ғасыр басталғанда да еуропалық авторлардың көгершін поштасы феноменіне қызығушылығы басылмайды, дегенмен олар бұны Шығыс мәдениетімен жиі байланыстырып отырған. Әртүрлі дереккөзде пошта құстарын Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің билеушілері пайдаланғаны туралы айтылған. Олардың бірі 12 ғасырдың ортасында Бағдад пен Сирия арасында хабар алмасуды қалыпқа келтірген Зеңгілер династиясынан шыққан Нұр ад-Дин еді. Осыған ұқсас жобаны кейінгі орта ғасырлық Мысырда болғанын екі ғасыр өткен соң испаниялық саяхатшы Педро Тафур да сипаттап кеткен. Айта кету керек, сол замандағы еуропалық дереккөздер хат тасыған бұл құстарды әлдебір жабайылық ретінде көрсетеді. Антикалық дәстүрдің жалғасы деген түсінік мүлде қарастырылмаған.

Ж. Э. Милле: Көгершіннің Нұх кемесіне оралуы (1851)/Ashmolean Museum, Oxford/Wikimedia Commons

Ж. Э. Милле: Көгершіннің Нұх кемесіне оралуы (1851)/Ashmolean Museum, Oxford/Wikimedia Commons

СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ КӨГЕРШІН ҚЫЗМЕТІ

Еуропадағы құс поштасына жаңа және ең бірінші жалпы халықтық қызығушылық 1870–1871 жылдардағы франко-прустық соғыс кезінде оянған. Бұл жолы француздар антикалық тәжірибиеге сүйенуге мәжбүр болған. Себебі Парижге немістер басып кірген соң, телеграф жүйесі тоқтап, астаналық тұрғындардың сыртпен байланысы үзілген. Әлдебір Фюмаль-Деленьи деген мырза бір ақпараттық брошюра парағында оқырмандарға өз әсерін жеткізген: «Олар өте жылдам құстар: ПерпиньяннанiФранция мен Испания шекарасындағы қала таңертең дәл сағат алтыда жіберген хат Брюссельге кешкі төрт пен бес аралығында жетеді».

Француз-Пруссия соғысы кезінде (1870-1871) қоршауда қалған Парижге пошта көгершінінің келуі. Гравюра, 1871/Alamy

Француз-Пруссия соғысы кезінде (1870-1871) қоршауда қалған Парижге пошта көгершінінің келуі. Гравюра, 1871/Alamy

Жау қолындағы қалада көгершін поштасы стратегиялық ақпарат жіберуге де, жай хат алмасу үшін де пайдаланылған. Арнайы көгершін поштаматы жасалып, елдің әр ауданына 15000-нан аса көгершінграммiiкөгершінге арналған арнайы капсула үшін жасалған микрохаттар жіберілген. Бұл феноменнің ауқымы кең болғаны сонша, тіпті пруссиялық армия көгершіндерге қарсы қолға үйретілген қаршыға мен сұңқарларды жіберген деген ақпарат бар.

1870-1871 жылдары Парижді қорғағаны үшін Француз байланысшыларына берілген медаль/Wikimedia commons

1870-1871 жылдары Парижді қорғағаны үшін Француз байланысшыларына берілген медаль/Wikimedia commons

КӨГЕРШІН ПОШТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ?

19 ғасырда көгершін поштасы туралы толық жазылған дереккөздер көп. Хаттың көлемі мен салмағы құстың физикалық мүмкіндігіне байланысты шектеулі болды. Хатты арнайы жұқа қағазға жазып оны кейін құстың аяғына байлайтын капсула немесе мөшекке салған. Ғасырдың екінші жартысында, фотография дамыған шақта, протектордың көмегімен оқылатын басылған хаттың микрокөшірмелері жалпыға тарап кетті.

Германиядағы көгершін поштасы. 1874/Getty Images

Германиядағы көгершін поштасы. 1874/Getty Images

Адам мен құс арасындағы одақтың заңды нәтижесі әлемге әйгілі Бостандық ескерткішінің авторы Фредерик Огюст Бартольди жобалап, 1905 жылы Париждегі Терн алаңында ашылған қорғаныстағы көгершіндерге арналған ескерткіш болды. Дегенмен бұл ескерткіш бізге дейін жетпеді, Екінші дүниежүзілік соғыста ол қайта балқытылған болатын.

Фредерик Бартолди жобалаған Бостандық мүсіні/Alamy

Фредерик Бартолди жобалаған Бостандық мүсіні/Alamy

Бұл монумент пайда болғаннан бұрын Жаңа заманның бірінші тұрақты азаматтық көгершін поштасы жұмыс істеді. Біз сөз қылып отырған — «Үлкен Барьердің көгершінграмм қызметі». Бұл қызмет 19 ғасырдың соңында Окленд пен Жаңа Зеландия арасында жұмыс істеді. Оның жұмысы үшін әлемде ең алғаш авиапошта үшін осы мақаланың бас кейіпкері бейнеленген маркалар да басылды.

3000 шақырым — 1895 жылы бір пошта көгершіні америкалық жағалаудан ұшып шығып, еуропалық континентке аман жетіп, ең алыс жолды еңсерген.

Жүзжылдық тәжірибе көрсеткендей, үйретілген бес құстың төртеуі мың шақырымға жуық жолды ұшып өтіп, қайта өз ұясына қайтып келетіні белгілі болды. Тіпті, мынадай да қызық болған, 1895 жылы бір көгершін америкалық жағалаудан ұшып шығып, 3000 шақырымнан астам қашықтықты артқа тастап, еуропалық континентке аман жеткен. Бір қызығы, құстың қайтып келуіне кепіл ретінде ұяда қалған жұбын пайдаланған. Көгершін жұбына өмір бойы адал болады деп саналған, дегенмен жалғыз қалған құс алыста жүріп жұп құра алатын болған.

Көп ұзамай қанатты пошташылардың қызметін Еуропаның көп бөлігі және АҚШ та пайдаланды.

1 / 2

ШПИОН-КӨГЕРШІНДЕР МЕН ҚАҺАРМАН-КӨГЕРШІНДЕР

Планета тарихындағы ең бір қанды әскери қақтығысқа айналған Бірінші Дүниежүзілік соғыста адамдар он мыңдаған пайдалы құстарды әскери ниетте пайдаланғаны бізді таңғалдыра қоймайды. Бұл жылдары көгершіндерді тек әскери хабар алмасу үшін ғана қолданбаған. Неміс армиясы біраз уақыт бойы жаудың орналасқан жерін көру үшін камера байланған шпион-құстарды ұшырғаны туралы дерек бар. Пайдасы ұшан-теңіз болмаса да көгершіндерді сонау сенімді барлаушы-ұшақтар пайда болғанға дейін қолданған.

Батыс Фландрияда Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1914-1918) солдаттар көгершіндерге хабарлама іліп жатыр, Бельгия/Alamy

Батыс Фландрияда Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1914-1918) солдаттар көгершіндерге хабарлама іліп жатыр, Бельгия/Alamy

Дәл осы Бірінші Дүниежүзілі соғыста алғашқы қанатты қаһармандар пайда болды. Олардың ерлігі жекешелендіріп көрсетілді. Олардың ішіндегі ең танымалы франциялық Шер Ами болған шығар. Бұл құс басшылыққа жоғалған батальонды тауып, оларды аман алып қалуға көмектесіп, тағдырын шешкен он екі хатты жеткізген. Бұл үшін көгершін тіпті орден де алды. Бұдан кейін жануарларды марапаттау дәстүрі жаппай таралып кеткен. Екінші Дүниежүзілік соғыста Ұлыбританияның жануарлар үшін ең жоғарғы марапатына айналып, кейбір көгершіндерге де берілген арнайы Мария Дикин ордені пайда болған.

Адамның қанатты құстарына айналған көп ғасырлық жолды жүріп өткен көгершіндерді өткен ғасырдың екінші жартысында, біздің ойымызша әділетсіз, қаланың зиянды өкілдері деген атаққа таңып қойды. 1960 жылдардың өзінде ағылшын тілді баспалар, кейіннен әлемдік бұқаралық мәдениетте де «rat with wings» термині (қанатты егеуқұйрық) тарала бастады. Бұл термин ұзақ уақытқа көгершінге таңылып, стереотипті және негативті бейнесін қалыптастырды. Бұл оның бұрынғы атағын жоққа шығарып, оларды наркотрафикте қолдануына жол берген. 1870 жылы көгершіндер Париж бен сыртқы әлемді байланыстыратын жалғыз құс еді, ал 21 ғасырда Франция астанасында көгершіндерге жем бергені үшін адамдарды бірнеше жүз еуроға жазалайды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстағы француз армиясының" Көгершін көлігі " (күз 1916) / Wikimedia commons

Бірінші дүниежүзілік соғыстағы француз армиясының" Көгершін көлігі " (күз 1916) / Wikimedia commons

Сергей Никольский

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ