Израилге бас сұқсаңыз асшаянды кошер тағамдарды әзірлейтін мейрамханадан және кошер өнімдерді сататын дүкеннен таппайсыз. Танахадаi
Аталған тыйым, айталық, діни негіздемесіз де түсінікті: теңізде тіршілік ететін улы жаратылыстардың (медузалар, теңіз жұлдыздары, фугу балықтары, актиниялар және т.б.) шын мәнінде, көбі қабыршақсыз болады. Сондай-ақ теңіз жануарларын бұрыс аулап, дұрыс сақтамай, қате әзірлеген жағдайда аллергия тудыруы мүмкін. Бұл кейде удан да қатерлі болу кәдік. Тоңазытқыштар мен санитариялық бақылау болмаса — теңіз өнімдерін тұтынып басты қатерге тігудің қажеті жоқ.
«Қанат» сөзін балықтарға қатысты қолданғанда «желбезекті» білдіреді және осы бір қанаттар еврейлердің асшаянды тұтынуына кедергі келтіріп отыр. Кашрут комиссиясы асшаянды кошер ас деп мойындау бойынша бірнеше кеңес өткізген. Өйткені асшаянның сыртқы қабығы іс жүзінде қабыршақ қана, ал құйрығында жүзбе қанаттары бар. Бірақ раввинаттың қабыршаққа қатысты күмәні болғанымен, асшаян құйрығын жүзбе қанат деп мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Мұсылмандар үшін теңізді мекен еткен тіршіліктің бәрін (соның ішінде асшаян да бар) жеуге болады. Өйткені әл-Бұқари, Муслим және өзге де ғалымдардан жеткен хадистерде, теңізді мекендейтін жан-жануардың бәрі адал делінген.
Олай болса асшаянды (сондай-ақ акула, мидий, устрица және өзге де экзотикалық теңіздегі тіршілік иелерін) мұсылмандарға харам деп жүрген кімдер? Іс жүзінде исламда тек жеуге тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктерді ғана харам демейді. Басқа да ескеру қажет маңызды дүниелер бар. Айталық, жануарды бауыздау әдісі, күйі мен т.б. Сондай-ақ мұсылмандарға жеріндіретін, көзге қораш әрі жеуге жарамсыз көрінетін асты тұтынуға тыйым салынған. Дегенмен халықтардың аймақтың климатына, айрықшалғына және дәстүріне байланысты тұтынатын асы әртүрлі болады. Сондықтан ауа райы жылы, мұхит жағалауында қоныс тепкен индонезиялықтар үшін асшаяндар немесе теңіз ирекшелерін жеу қалыпты әрі үйреншікті іс. Ал Қазақстанның тұрғындарына белгілі себептерге байланысты ұзақ ғасырлар бойына (дегенмен асшаяндардың бірнеше ұсақ түрі Каспий теңізін мекен етеді және олар бұл көлде тек 20 ғасырда ғана пайда болды: мұнда асшаяндарды аңдамай аквомәдени кәсіпорындар әкелген; асшаяндарды Каспий теңізінің фаунасын байыту үшін кефаль сынды балықтармен бірге жіберілген) жетпей келді. Сондықтан аталған бейтаныс ас түріне қазақтардың бастапқыда үрке қарау қалыпты дүние. Қазір асшаяндар барлық дүкендегі тоңазытқыштарда толып тұрған уақытта, бұл асқа тыйым салу сап тыйылды әрі заманауи қазақстандықтарды асшаянмен шошыту мүмкін емес. Дегенмен ханафилік мазхабтың (Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі ұстанатын дәстүрлі сунни мектебі) үкімі бойынша, халал мейрамханалардың ас мәзірінде құрамына асшаян қосылған тағамдарда ескертпе болуы қажет. Өйткені тұтынушы теңіз өнімдерін тұтынып-тұтынбасын өзі шешуі тиіс.