ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ӘЛЕМІ

1-дәріс. Ортағасырлық адам дегеніміз кім?

Иероним Босх. Жердегі ләззаттар бағы. Фрагмент. 1490–1500 жж. / Wikimedia

Тарихшы-медиевист Олег Воскобойниковтың дәрістері орта ғасырлардағы адамдардың дүниетанымы, махаббат пен отбасы, еркектер жайлаған әлемдегі әйелдердің орны, көбіне соғыстан зардап шегетін күнделікті күйбең тірлік, ортағасырлардағы еуропалықтар кімді бөтен санағаны туралы баяндайды. Бірінші дәрісте Олег Воскобойников орта ғасырдың уақыт және географиялық шекарасын сызып, ерекше ортағасырлық адам туралы әңгімелеуге бола ма деген сауалға жауап іздейді. 

Мен шамамен 5–15 ғасырлар аралығында өмір сүрген еуропалықтардың ондаған ұрпағы туралы әңгімелеуге тырысамын. Біз «орта ғасыр» туралы оның әралуан аймағына қатысты айтуға дағдыландық, дегенмен сөзіміз салмақтырақ болуы үшін бұл терминді тек Батыс Еуропаға қатысты пайдаланғанымыз дұрыс. Мұны 15 ғасырдағы еуропалық ғалымдар өздерінің білім ғасырын өздері табынған грек-рим Антика алтын дәуірінен бөлетін мыңжылдықты белгілеу үшін ойлап тапты. Бұл ғалымдар өмір сүрген заман көп ұзамай «Қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Осы кездегі әңгіме, әрине, ежелгі дәуірдің қайта жаңғыруы туралы. Антика мен Қайта өрлеу дәуірінің арасындағының бәрі «қараңғы» және «готикалық», яғни б.з. 410 жылы Римді талан-таражға салған германдық гот тайпасының атымен варварлық деп жарияланды. Дегенмен Батыс Еуропа тарихындағы бұл он ғасыр соншалықты «қараңғы» емес еді.11Әр әлемнің өз уақыты барЕуропалық дәстүр бойынша тарихты Ежелгі, Орта ғасырлардағы, Жаңа дәуір және Қазіргі кезеңге бөлеміз. Еуропалық жаңа дәуірді жандандырған "орта ғасырлар" немесе "қайта өрлеу" терминдерін Батыс Еуропадан басқа әлемге қолдану өте қиин әрі қисынсыз. Шын мәнінде, тарихтың еуропалық кезеңінің ең бейтарап терминдері - "ежелгі дәуір" және "кейінгі тарих". Алайда, ежелгі грек-рим өркениеті деп түсінеміз. Ал кейінгі тарихқа, кем дегенде, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі оқиғалар енеді. Бірақ батыста тағы бір дәстүр бар. Ол біздің уақытымызды "Постмодерн" деп атау, 18 ғасырда Англияда басталып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай аяқталатын "заманауи" (сөзбе-сөз) индустриалды дәуірді білдіреді. "Модерн" сөзін Жапония немесе Қытай тарихы сияқты сол мағынада қолдану орынды ма деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Ортағасырдағы Батыс өркениетінің өзі грек-рим Антика дәуірінің қойнауында дүниеге келген, өйткені ол осы өркениетке қалыпқа келтіретін дін — христиан дінін берді. Антика заманының зияткерлік және әдеби мұрасы ортағасырлық мәдениеттің бүкіл тарихында оған нәр берді. Латын тілі ұзақ уақыт шіркеудің, саясаттың және ғылымның басым тілі болды. Оның негізінде роман тілдері деп аталатын тілдер қалыптасты. Ал римдік ғимараттар, қабырғалар, жолдар, көпірлер, акведуктар, термалар, ареналар кейіннен де ұзақ уақыт бойы пайдаланылды. Тіпті кейбір қазіргі заманғы автобандар ежелгі Рим жолдарының үстіне салынған.

Банк ісі. 14 ғасырдағы Италиялық фреска / Photo by: Universal History Archive/Universal Images Group via Getty Images

Бірінші мыңжылдықтың ортасында орын алып, бүкіл Еуразия мен Солтүстік Африканы қозғаған халықтардың ұлы қоныс аударуы Батыс Рим империясы үшін қатерлі болды. Оның шегарасында ұзақ уақыт өмір сүрген германдықтар конфедерат-одақтастардан дербес саяси құрылымдарға айналды. Ақыр аяғында 5–6 ғасырларда вандалдар, готтар, лангобардтар, франктар мен англдар Батыс Рим империясының бұрынғы провинцияларында өз корольдіктерін құрды. Солай болғанымен, тайпадан жоғары тұратын мемлекет туралы естелік өте өміршең болып шықты және бұл ортағасырлық тарихтың таңғажайып оқиғаларының бірін: франк королі Карлдың 800 жылы Римде Рождество кезінде Батыс Рим империясының22Қасиетті Рим империясыФранктердің королі Ұлы Карл (768-814), 800 жылы Римде тәж киіп, Батыста Рим империясын қайта жандандырды, алайда 9 ғасырдың ортасына қарай 962 жылы Неміс королі Ұлы Оттон (936-973) Рим империясының тағына отырды. Содан бері ол оның ізбасарларына және басқа неміс әулеттеріне көшті. 12 ғасырдың ортасында империя Апокалипс қарсаңындағы соңғы патшалық туралы ежелгі библиялық пайғамбарлықты орындау үшін "қасиетті" деп атала бастады. 15 ғасырдың ортасында Император атағына Германияға сілтеме қосылды. Ол – "Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы" деген сөз. Империя 1806 жылға дейін өмір сүрді, сол кезде Наполеон Бонапарттың қысымымен Қасиетті Рим империясының соңғы императоры атақтан бас тартты. тәжін кигенін түсіндіреді. Содан бері Рим империясы қайтадан Батыс Еуропаның негізгі мемлекеті болып есептелетін болды, ал оның билеушілері — әуелі франк, содан кейін неміс корольдері — Август пен Тиберийден33Римнің алғашқы императорларыАвгуст Рим Республикасын б.з. д. 27 жылдан б. з. 14 жылға дейін биледі, ол "принцепс", яғни "сенаторлар тізімінде бірінші" бола отырып, әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Осылайша, жаздың соңғы айында, яғни еуропалық күнтізбеде аталған Авгус Рим империясының негізін қалаушы болды. Августтың орнын оның өгей ұлы Тиберий басты (б.з. 14 - 37 жж.). бастап өз есебін жүргізді. Халықтардың ұлы көші-қоны дәуірінде аман қалған Шығыс Рим империясы Батыста оның астанасы Византия-Константинопольдің ежелгі атымен Византия деп аталып кетті. Византия 1453 жылы Осман түріктерінің соққысынан тізе бүкті. Ал Батыс Рим империясы 1804 жылы Наполеон44Наполеон БонапартҰлы француз революциясы дәуірінің генералы. Және 1804 жылы өзін француздардың императоры деп жариялады. Ұлыбритания мен Ресей бастаған одақтастар коалициясынан әскери жеңіліске ұшырап, 1814 жылы тақтан бас тартты, содан кейін билікті қалпына келтіру әрекетінен соң 1815 жылы тағы да тәж киюден тартынды. өзін франктардың тікелей мұрагерлері француздардың императоры деп жариялағанға дейін жалпы алғанда мың жыл жасады.

Орта ғасырдың екінші жартысында, 11–15 ғасырларда, дүниежүзілік тарих үшін тағдыршешті жаңалықтар қатары ашылды. Жаңа қалалар желісі — шіркеу мен зайырлы биліктің ғана емес, сонымен қатар мүлдем жаңа экономиканың орталықтары қалыптасты. Бұл экономика Батыстың техникалық, саяси және мәдени ілгерілеуінің, оның ғаламшардағы көп ғасырға жалғасқан көшбасшылығының кепілі болды. Дәл сол жүзжылдықтарда парламент, әртүрлі қалалық кеңестер сияқты демократия нысандары дүниеге келді, жоғарғы билеушілерді — Рим папасын және Рим империясының императорын сайлау процедуралары кодификацияланды. Бұл рәсімдердің мұрасы қазіргі заманғы конституциялық құқықта сақталған. Сондай-ақ білім берудің жаңа моделі — университет, яғни нені, кімге және қандай ақшаға оқыту керектігін өз бетінше шешетін оқытушылар мен студенттердің еркін қоғамдастығы дамыды. Ақырында, бұл батыс-христиан әлемінің ішінде де, сыртқы күштермен — ислам әлемімен, православиелік Шығыспен және, әрине, азырақ дәрежеде — Орталық Азиямен және Африкамен де халықаралық қатынас жасау жүйесі. 15–16 ғасырлардың соңындағы географиялық ашылулар кезеңі осы барлық факторлардың арқасында мүмкін болды, бірақ бұл Батыс Еуропа өркениетінің ішкі тарихын аяқтап, оны дүниежүзілік тарихтың қатысушысына айналдырды.

Дегенмен қазір мені қызықтырып отырғаны оқиғалардың арқауы емес, хронологиясы емес, географиясы да емес. Менің ортағасырлық адамдарды, яғни қазіргілерге ұқсамайтын, бірақ оғаш болып естілсе де, дәл бүгін бізге түсінікті және тіпті жақын болып отырған бұрынғы адамдарды елестетіп көргім келеді. Мен олардың тарихын азды-кем егжей-тегжейлі әңгімелеп бере алмаймын, «заңдылықтарды» да, «үрдістерді» де көрсетпеймін. Менің ойымша, адамдардың өмірін оқиғалар мен үрдістер тізбегі ретінде ғана емес, сонымен қатар сезім, идея, іс-әрекеттер жиынтығы ретінде де сипаттауға болады және осылай сипаттаған жөн.

Сонымен ортағасырлық адамдар кімдер және неліктен бұқара, таптар, құрылымдар немесе мемлекеттер емес, адамдар? Немесе неге, керісінше, адам, индивид немесе тұлға емес? Осыны анықтауға тырысайық. Менің ұстаздарым (ал олардың кейбірі Екінші Дүниежүзілік соғысты есінде сақтаған) маған «тарих — адамдар туралы» деген қарапайым ойды үйретті. Ал күні кешегіге дейін «тарих — батырларды асыра мадақтау, ұлт пен мемлекетті асқақтатып көрсету» немесе «таптардың күресі» деп есептелді емес пе? «Батырлар» да, «ұлттар» да, «мемлекеттер» де, «таптардың күресі» де себепкер болған және адамзатқа үлкен қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін барлық жерде және барлық нәрседе тек адамдар ғана назар аударуға лайық екені көпшілікке белгілі болды. Көп жағдайда әртүрлі «құрылымдар», тіпті егжей-тегжейлі сипатталып, зерттелсе де, адамдарды ұмыттырып, бұқараға айналдырады. Ал «бұқарадан» оқ жеміне, лагерь тозаңына және «еврей мәселесін түпкілікті шешуге» дейін — бір қадам.

Доменико ди Микелино. Құдіретті комедия Флоренцияны дәріптеуде. Фреска. Санта-Мария-дель-Фьоре Соборы, 1465 жыл

Екінші жағынан, біз «ортағасырлық адам» туралы айтқанда, бұл жерде де қауіп бар, өйткені адамның әрқашан қолы, аяғы, басы болатынын байқау қиын емес: бұл жағынан оның өзгере қоймайтыны анық. Ол қоректенеді, көбейеді, соғысады, татуласады, Құдайды іздейді немесе Құдайларды іздейді. Мыңжылдықтар қатарында олардың біреуін «ортағасырлық адам» деп бөліп көрсету оңай, дәл осылайша неандерталдыққа уақыт аумағы бөлінді және ол тура 74 жас деп белгіленді — homo sovieticus.55Homo sovieticusӘдетте, кеңестік адамның сыни және ирониялық атауы. Неологизм латын тілінен тұрады homo (адам) және "кеңестік" латындандырылған эпитет. Бұл өрнекті жазушы А.Зиновьевтің "Гомо советикус" (1982) кітабыб арқылы таралған. Бұл термин тарихшылар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар және басқа да гуманитарлық зерттеушілер арасында ғылыми айналымға енді. Бірақ бұл «түрлердің» барлығы біртіндеп бір-біріне өтеді, бір-бірімен будандасады, әдеттерін, тіршілік ету ортасын және сыртқы сипаттамаларын өзгертеді. Орта ғасыр заманының шегарасы бұлыңғыр, өйткені ортағасырлық адамды ортағасырлық емес адамнан ажырату оңай емес. Ғалымдар «орта ғасыр» терминін ойлап тапқан күннің ертесіне дүниеге келген адам Қайта өрлеу дәуірінің адамы болған жоқ.

Орта ғасырлар заманына қатысты бірегей және сонымен бірге типтік, репрезентативті жүздеген тұлға туралы естелік сақталды. Әулие Людовикті, VII Григорийді, Петр Абелярды, Данте немесе Жак Кёрді жай ғана «адамдар» деп атау қиын. Олардың әрқайсысы — адам. Король, Рим папасы, философ, ақын, саудагер. Әрқайсысы бірнеше өмірбаян жазуға лайық болды, көпшілігінің интерьердегі отбасылық портреті салынған. Есімдерден алшақтап, жалпылай отырып, варвар көсемдері, монахтар, шаруалар, қала тұрғындары, императорлар, епископтар, елден безген маргиналдар және билік тізгінін ұстағандар туралы, өзіміздер (христиандар) және бөтендер (еврейлер, мұсылмандар, еретик-дінбұзарлар мен сиқыршылар) туралы, сондай-ақ зиялылар туралы және үні шықпайтын, қаналған көпшілік, еңбекші бұқара туралы да жазуға болады. Олардың барлығы — ортағасырлық адамдар, олар көбінесе бір-бірінен қатты ерекшеленеді, ал бізге тіпті ұқсамайды. Оларды бір дәуірдің адамдары ететін, біріктіретін не?

Фридрих Каульбах. Ұлы КарлғА тәж кигізу. 1861 жыл / Alamy

Дәстүр бойынша біздің кейіпкерлерімізді христиан дініне жататынына қарай анықтайды, өйткені бұл дін ғасырлар бойы бүкіл Еуропа үшін дүниетанымның негізгі қағидаларын, әлемнің бейнесін, құндылықтар жүйесін белгіледі. Материалист-тарихшы үшін ортағасырлық адам не билікке тәуелді, қаналған шаруа, не феодал болып шығады. Мұндай схемада дін бұдан былай анықтаушы фактор емес, Карл Маркс айтқандай, «халықтың басын айналдыратын апиын» немесе билеуші ​​таптардың халықты бағынышты етіп ұстау үшін қажет идеологиялық «біріктіргіш». Шартты түрде айтсақ, идеалистік және материалистік қағиданың екеуі де өзінше қолайлы: дін де, жер қатынастары да, соның ішінде феодалдық қатынастар шынымен де көп нәрсені түсіндірді және қазір де түсіндіріп келеді. Тек келісіп алатыны, феодалдық қатынастар деп аталып кеткен адамдар арасындағы қарым-қатынас нысандары ешқашан бірдей болмағаны сияқты, христиан діні де апостолдар дәуірінен бастап ешқашан біртұтас болмаған. Біздің ортағасырлық әлем туралы да, ортағасырлық әлемдер туралы да айтумызға бірдей хақымыз бар.

Христиан діні де, феодализм да пайда болды, дамыды, дағдарыс, тоқырау, кейде күрт бетбұрыс кезеңдерін бастан өткерді. Олар әртүрлі жерлердегі ортағасырлық адамдардың санасы мен жүрегіне әртүрлі дәрежеде еніп жатты. Бір минутқа елестетіп көріңізші, сонау 14 ғасырдың ортасында Данте өзінің «Комедиясын»66Данте АлигьериИталиялық ақын әрі ойшыл (1265 — 1321). Бұл жағдайда біз Дантенің басты шығармасы — "Құдіретті комедия"-да – католик христиандары (тозақ, тазарту, жұмақ) елестеткендей, ақырет әлемінің барлық бөліктерінің ауқымды бейнесі туралы айтып отырмыз. жазып болған кезде, яғни біздің тамаша дәуіріміздің шартты түрде аяқталуына небәрі бір жарым ғасыр қалғанда, Литва Еуропаның қақ ортасында орналасқан, пұтқа табынатын ең ірі князьдік болды. Сондай-ақ, Исландияда христиан діні шыққанға дейін болған кейбір ғұрыптар күні бүгін де күнделікті өмірде шындап пайдаланылатынын елестетіп көрейік және бұл «реконструкция» жасауға әуестіктің бір көрінісі емес, өмір сүру нормасы деп ойлайық.

Ақырында, бүгінгі таңда иерархиялық саты атаулы жойылды ма, ал бағыну қарым-қатынасында, мысалы, ортағасырлық феодализм үшін ең маңызды адалдық категориясы жоқ па? Оны «ниеттестік» немесе «корпоративтік этика» деп атасақ жеткілікті және Орта ғасырлар реинкарнациясы іске асты деп айтуға болады. Соғыс пен бейбітшілікті ақтау үшін бұрынғыдай біресе жалпы христиандық құндылықтар, біресе бір ұлт — Құдайдың таңдаған ұлты деген уәж немесе барлық тақуаларды жұмылдыруды талап ететін Әзәзілдің тіміскі әрекеті деген сылтау айтылмай ма? Бір сөзбен айтқанда, 5–15 ғасырлар аралығында Батыс Еуропада өмір сүрген адамдардан «орта ғасырлық» сипат іздеу оңай шаруа емес.

Родос бекінісінің 1486 жылғы көрінісі. Конрад Грюненбергтің жазбасынан алынған сурет / Wikimedia

Олег Воскобойников

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Көшірілді