Тарихшы-медиевист Олег Воскобойниковтың дәрістері орта ғасырлардағы адамдардың дүниетанымы, махаббат пен отбасы, еркектер жайлаған әлемдегі әйелдердің орны, көбіне соғыстан зардап шегетін күнделікті күйбең тірлік, орта ғасырдағы еуропалықтар кімді бөтен санағаны туралы баяндайды. Шіркеу отбасы, неке мен жыныстық қатынасқа қандай көзқарас танытты, неге тіпті патшайым бола тұра әйел күйеуіне бағынды, орта ғасырда романтикалық махаббатқа орын болды ма сынды сұрақтардың жауабын курстың екінші дәрісінен біле аласыз.
Кез келген өркениеттің негізінде адамдар арасындағы байланыстар жатыр. Мұндай байланыстардың ең дамыған түрі — саяси құрылымдар деп есептеуге болады. Минималды түрі деп отбасын атаған жөн. Содан бастайық.
Неке
Ортағасырлық адамның дүниеге келуі үшін еркек пен әйел керек болды. Одан кейін баланы не отбасы, не ата-анасының бірі, не туыстары немесе қандай да бір топ, асырап алған ата-анасы тәрбиелеп өсірді. Барлығы біздегі сияқты. Бірақ дәстүрлі қоғамда отбасының құрылысы мен күнделікті өмірі діннен түсіндірме тауып, дінмен айқындалды және осы тұрғыда христиандық догматикада парадокс бар. Мәриям ет пен сүйектен жаралған, бірақ пәк адам, ол еркектің ұрығынсыз ұл туады, оның ұлы бірдей дәрежеде Құдай және адам болады. Ол — өзінің Әкесінің, көк пен жерді Жаратушының ұлы, бірақ сонымен бірге анасының да ұлы. Ол уақытында дүниеге келеді, бірақ Үштікке кіретін тұлғалардың бірі ретінде ол «ғасылардан бұрын» бар, яғни өзі өмір сүріп жатқан дүние мен өзін туған анасы дүниеге келгенге дейін бар болған. Сонымен бірге Мәриямның «некелесі» бар: Жүсіп ұста. Ол — бұл жалғанда қиын-қыстау жағдайға тап болған «қасиетті отбасының» қамқоршысы, оны халық санағына апарады, Құдайдың сәбиін Иродтан құтқару үшін онымен Мысырға қашады. Бірақ ол Інжілдегі хикая шарықтау шегіне жеткенге дейін оның, яғни Ұлының және бүкіл адамзаттың тағдырын Көктегі Әкесі шешіп, ол креске керіліп шегеленгенге дейін жоқ болды. Ақырында, сөзбе-сөз айтсақ, құрсағына «сыймайтын» Құдайды сыйғызған Мәриям қисынды түрде Құдайдың жердегі өкілі саналатын Шіркеумен байланыстырылатын болды. Бірақ бұл рөлінде Мәриям-ана Мәсіхтің қалыңдығы да, тіпті оның қызы да болып шығады.
Діндегі мұндай парадокста біздің ғана емес, ортағасырлық христианның да шатасуы ғажап емес. Жаратушы Адам ата мен Хауананың ұрпақ әкелуіне батасын берді, бірақ екеуін де мойынсұнбағаны үшін айыптады: Хауа Ана Құдайдың қатаң тыйым салғанына қарамастан жыланның азғыруымен жақсылық пен жамандықты танып-білу ағашының алмасын жеді, содан кейін оны Адам атаға да берді. Осы оқиғаны баяндайтын «Жаратылыстың басталуы»i
Иса әртүрлі отбасының үйіне жиі барып, жесірлер мен балаларға көмектесіп, сонымен бірге ана мен әкеден бас тартуды талап етеді. Оның жолын қуған апостол1
Осылайша отбасы, қандастық және туыстық байланыстар статусы орта ғасырларда «кедергі тасқа» айналды. Рим азаматы — өзінің құқықтары мен міндеттеріне орай бір мезгілде ата-бабаларымен және ұрпақтарымен байланысты үй иесі. Оның отбасы — seminarium civitatis, «мемлекеттің тәлімбағы». 5 ғасырдың өте жемісті және ықпалды ойшылы, Шіркеудің Әкесі Августин2
Жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастар бұдан былай қандастық байланысқа ғана емес, сонымен бірге одан кем түспейтін дәрежеде рухани жақындық негізінде құрылады. Орта ғасырларда таза христиандық құбылыс — шоқындырған әке феноменінің жетістікке жетуі мұның дін мамандарының қиялы емес, адамдар өмірінің негізін терең қайта құру екенін көрсетеді. Егер бүгінде Еуропада шоқындырған әке, яғни кіндік әке мен кіндік баланың арасындағы байланыс әркімнің жеке ісі, жергілікті немесе отбасылық дәстүрге құрмет болса, осыдан он ғасыр бұрын бұл талассыз ақиқат еді. Бірінші мыңжылдықтың өзінде қандас туыстардың шоқындыру рәсіміне қатысудан дәйекті түрде шеттетілгені кездейсоқ емес. Шіркеу де, оның соңынан ерген қоғам да көп дәрежеде қандастық, туыстық байланысын (осылай деуге болатын болса) сумен және рухпен бекітілген байланыстармен алмастыруға тырысты.
Барлық қоғамдар отбасын жеке адамды қарым-қатынас шеңберіне кіргізудің басқа тәсілімен ауыстырудың әртүрлі формаларын біледі, бұл: рулық қауым, клиенттермен қарым-қатынас, пионерлер лагері. Ақырында, баршамызға үйреншікті міндетті бастауыш білім мен әскери борыш та жеке адамның, отбасының, қоғамның және мемлекеттің арасындағы өзара әрекеттестіктің ұзақ кезеңдері, сонымен қатар қарама-қайшылық болып көрінеді. Ортағасырлық әлемде міндетті білім беру де, әскери борыш та жоқ, бірақ ол өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін отбасының жеткіліксіз екенін, әрбір үй иесі қорғауға тиіс болатын «отбасылық мүдде» айналадағының бәрін және отбасының өзін жойып жіберуі мүмкін екенін түсінді. Демек оның өмірін реттейтін басқа, оған қатысты алғанда сыртқы тетіктер қажет болды. Қандастық, туыстық байланыс емес, діни борыш және ойын ережесі ретінде қабылданған рухани байланыстар осы рычагтардың біріне айналды.
Әйел
Біз бір жағынан орынды түрде әйелді отбасының қамқоршысы деп санаймыз. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қызғылықты емес жағдайда тіршілік етіп жүрген мыңжылдықты елестету оңай: ол құрсақ көтереді, босанады, нәрестесін құндақтайды, кір жуады, тамақ пісіреді, қайтадан құрсақ көтереді, қайтадан босанады, қайтадан нәрестесін құндақтайды... Осындай тіршілік шамамен қырық жасқа дейін жалғасады... Бала өлімі өте жоғары болды: нәрестелердің төрттен үштен төрттен біріне дейін дүниеге келген алғашқы күндері немесе алғашқы айларда шетінеп кететін, ал шамамен жартысы тоғыз жасқа жетпей көз жұматын. Сондықтан бірнеше баласы аман қалуы үшін, айталық, 12 баланы дүниеге әкелу қалыпты жағдай болды. Күйлі тұратын ақсүйек әйел кейбір функцияларын өзінің күтушілеріне жүктей алатын, сонда оның міндеті бала көтеру, босану және кесте тігу, ал 11 ғасырдан бастап анда-санда ұйымдастырылатын ақсүйектер мерекесін — турнирді тамашалау және қонаққа келген жарамсақ ақынның бір-екі әнін тыңдау болатын. Бұған қоса, кез келген әйел — алманы бірінші болып алып алған және сондықтан бәріне кінәлі деп танылған күнәһар Хауа Ананың мұрагері. Демек адамзаттың әдемі жартысы мың жыл бойы үнсіздік сақтады және бұл үнсіздікте оның жылағаны да естілмейді.
Мұның бәрі шындық және ортағасырлық қоғам тұтастай алғанда, әлбетте, ерлердің қоғамы, оның «дәреже табелінде» еркектен бөлек әйелдің дәрежесі қарастырылмаған. Королева жесір қалғаннан кейін оған дәрежесінен де, мүлкінен де айырылу қаупі төнді. Дегенмен мыңжылдық бойы ерекше әйелдерді — өктемшіл және ықпалды, талантты және іскер, күйеуге шыққан және жесір қалған, шешен және тіпті жауынгер әйелдерді (әңгіме тек Жанна д’Арк4
Осы «қоғамның ұяшығы» туралы айтқанда, бейбітшілік — негізгі сөз шығар. Мұндағы әйел — еркектердің өзі қажет ететін осы «бейбітшіліктің» құрбаны, оған тек олжа, бойтұмар, кепіл немесе тіпті тұтқын рөлі ғана беріледі деген шешімге келуіміз ғажап емес. Бір қарағанда, бұл жерде адамның тұлғасына да, махаббатқа да, ерік-жігерге де, бақытқа да орын жоқ, ал отбасы — үлкен, кіші, тіпті микроскопиялық саясаттың туындысы. Қалыңдықты «табыстау» соған сай ұйымдастырылып, оған қоса рәсімге куә болған көпшіліктің алдында оның жасауы тапсырылатын. Мереке, сыйлықтардың саны мен сапасы, қонақтардың саны мен мәртебесі — осы мән-жайдың барлығының заңды күші болды және бірігіп отырған отбасылардың деңгейіне байланысты саяси және экономикалық салдарға әкелді. Бұл үрдіс қалыңдықтың қоныс аударуымен шектелген жоқ, сонымен бірге заттар, адамдар, тіпті қалалар мен елдер қозғалысқа келетін. Ортағасырлық Италияның қалаларында саяси ахуал шиеленіскен жағдайда үйлену жолымен бір партиядан басқасына өтуге немесе тіпті жаңа партия құруға да болатын еді: ақ гвельфтер (мәселен, Данте осы флоренциялық партияға мүше болған) 1300 жылы Черки әулеті мүшелерінің бірі Адимари әулетінің бір қызына үйленгеннен кейін өзара араздықты қойып, бірікті және керісінше, қалыңдығын немесе әйелін өкпелеткен адам және оның бүкіл әулеті бәлеге қалып, көп жылға жалғасатын «файдаға»i
Бірте-бірте ортағасырлық «варварлық» қойнауында Батыс Еуропада үйреншікті болған әйел эмансипациясы және демек, отбасындағы салыстырмалы түрдегі тең құқықтылық жетілуі үшін біздің дәуіріміздің соңғы ғасырларында әйелдердің заңды мәртебесінде біршама ілгерілеу болғанын күтуіміз керек сияқты. Алайда экономикалық жағынан да, заң тұрғысында да мұндай жағдай болған жоқ. Мезгіл-мезгіл мұра әйел жағынан өтетін жағдайлар да болды, кейде мұраның қомақты болғаны соншалық, бұл мәселеге орай 14 ғасырда болғандай жүз жылдық дүниежүзілік соғыстың басталуы мүмкін еді. Ағылшын королі III Эдуард анасы жағынан француз короліне жиен болды, сөйтіп Капетинг әулеті 5
Орта ғасырлардың кейінгі кезеңіндегі әйелдің күнделікті өмірінде, тіпті өзінің жасауына билік етуіне көп шектеу болған. Оның үстіне, заңтану ғылымының және қоғамдағы куртуаздылық — сыпайылықтың дамуындағы бүкіл жетістікке қарамастан, сұлу ханымның экономикалық дәрменсіздігі ерлердің құндылықтар жүйесінде әйелдің құнсыздануына әкелді. 12–15 ғасырлардағы клерикалдық және сатиралық әдебиеттің, мысалы, «Некенің он бес қуанышы»7
8
Әлбетте, әңгіме дуэль туралы емес, сот жекпе-жегі туралы. Онда ер адам, жауынгер өзінің намысы үшін басын қатерге тігеді. Дауды Құдайдың өзі шешеді, кімдікі дұрыс болса, сол жеңіске жетеді дейді. MeeToo дәуірінде тіпті 20 жыл бұрын орын алған жыныстық зорлық-зомбылық бойынша айыптау ер адамның мансабы мен өмірін ешқандай сот талқылауынсыз құртуы мүмкін. Ал мен айтып отырған заманда өзі танитын еркекті зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған әйелдің сөзі жеткіліксіз болатын және де оның күйеуі сотта жеңіліп қалған жағдайда әйелді өтірікші деп танып, өртейтін еді.
Махаббаттан туған неке болды ма?
11 ғасырдан бастап Шіркеу екі жастың некесін қию үшін олар әрқашан көпшілік алдында келісім білдіруге тиіс деген талапты белсенді түрде насихаттағаны белгілі. Бұл үшін бастапқыда бұқаралық сипатта болған үйлену салты барған сайын шіркеу рәсіміне көбірек ұқсайтын және оған діни қызметкерлер көбірек қатысатын болды. Шіркеу алдында, портал жанында немесе оның нартексінде,i
Отбасы — қарапайым адамдардың шаруасы. Мұның себебі, ең алдымен католик дінін ұстанатын Батыс 11 ғасырдан бастап өзінің дін қызметкерлеріне үйленбеу (целибат) талабын белгіледі, оның түсінігінде дін қызметкерінің некеге тұруы, кез келген жыныстық қатынас жасауы, тіпті нәпсісі да ауыр күнә, ол діни рәсімдермен мүлдем үйлеспейді. Дегенмен тіпті некеге тұратын қарапайым адамдардың арасындағы сексуалды құштарлық, ең болмағанда, өзара құштарлық жақында ғана бізге үйреншікті мағынаға ие болды. Ортағасырлық мәтіндерден отбасылық сүйіспеншілік, адалдық, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қолдауының, сыйластығының, балалар мен немерелерге деген сүйіспеншілігінің айғағын табу қиын емес. Бірақ ынтызарлықты былай қойғанда, кездескен екі жастың бірін-бірі ұнататыны аздық ететін сияқты. Айталық, «Нибелунгтар туралы жырда»9
Әрине, Қасиетті жазба, көркем әдебиет және шіркеу уағызы махаббат туралы айтқанда оны отбасының негізі ретінде қарастырады, бірақ қоғам сүйіспеншіліктен туындаған некені тіркеу қажет деп таппады. Ол, былайша айтқанда, некеден туындайтын махаббатты тіркеді. Шыдасаң, ғашық боласың дегендей.
Таңбалау, жоралау, тән инстинктін қауымның ырғағына, діни қызметкердің айтқан уәжіне, шіркеу күнтізбесіне және емшілердің, тіпті ғылыми медицинаның айлалы нұсқауына бағындыру — осының барлығы ортағасырлық отбасылық өмірдің шындығы. Медициналық трактаттардан ерлердің денсаулығын бұзбау үшін жыныстық қатынас жасаудың санына қатысты нұсқаулық табуға болады. Анықтама бойынша сексуалдықтан ада және жыныс өміріне қызығушылығы жоқ деп есептелген клириктер діншіл адамдарға өзін дұрыс ұстауға кеңес берді. Бұл «бейнеде», біріншіден, жыныстық қатынасқа тыйым салатын христиан мерекелері мен оразасының, екіншіден, «табиғи» деп саналатын нәрсенің, соның ішінде ерлі-зайыптылардың дене қалпының ескерілгенін аңғару қиын емес: әлсіз жыныстылардың күшті жыныстыларға қатысты көлденең субординациясы шегінен шығатын барлық нәрсені айып көретін. Сол сияқты клир және медицина әйелдердің бала емізетін кезде, жүктілік және етеккір кезінде қатынас жасауын айыптады. Жүктілікті тоқтату және контрацепция сирек болды.
Ортағасырдағы некеде тәртіпке ұмтылу да зор болды және бұл ұмтылыс ерлі-зайыптылар арасында екіге бөлінді. Біз «бейбітшілік», «ар-намыс» туралы айттық, бірақ отбасы үшін билік ұғымының маңызы одан кем болған жоқ деп есептеуге болады. Ер адам әйелге қарағанда кемелірек, өйткені ол бірінші болып жаратылған. Адам ата мен Хауа Ана бірге «ата-баба» деп аталса да, Адам ата тұңғыш жаратылған болып есептелетін. Сондықтан күйеуінің әйеліне билік жүргізуі табиғи нәрсе болып көрінетін. Әйел барлық жағынан дерлік әлсіз, яғни онда дене күшінен бастап ақылға дейін кемшін, оның өнегесіндегі айырмашылық ақыл-ойдан гөрі сезімталдықтың басым екендігімен түсіндірілді, сондықтан оның ауқымы өзінің мүддесінде шектеулі болды. Оның күнделікті бүкіл «географиясы» бірнеше бөлме, ас үй, базар, шіркеу және құдық айналасынан шықпайтын.
Үйге қатысты алғанда еркек — түздің адамы, ол оны сырттан қамтамасыз етеді: тамақ, байлық және адами байланыс алып келеді. Осы барлық ресурстарды күнделікті басқару міндеті әйелге жүктеледі. Қалалық әдебиетке қарағанда, жақсы әйел бұл міндетті ойдағыдай орындай біледі. Ол негізінен ер адамның еңбегімен өндірілген өнімдерді өмірде дұрыс пайдаланудың жолын табады.