Үшкір қалпақ киген билеуші ғалымдарға ежелгі түркілер жөнінде деректерді жеткізді.
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы ретінде танылған «Таңбалы»* кешенінің оңтүстігі мен солтүстігінде орналасқан Қоғалы және Алмалы аңғарында Халықаралық тарихи-археологиялық «Таңбалы» музей-қорығы мамандарының жүргізген кешенді дала зерттеуі кезінде маңызды жәдігер табылды.iЭкспедиция құрамында Қазақстан археологтарымен қатар, Қырғызстан А.Т. Сүлеймановамен Ресейдің (Г.В. Кубарев, О.А. Кащей) тасқа қашалған өнер және ежелгі түркі мәдениетін зерттеп жүрген мамандар қатысты. Музей-қорықтың директоры Бибігүл Дандығараеваның жетекшілігімен аталған экспедицияны музей-қорықтың қызметкерлері Р. Шарипов және Қ. Нұрмақсұтов бастаған топ жүргізіп келеді).
Сөз етіп отырған аймақтардағы екі бірдей қорымға жасалған қазба жұмыстары кезінде, жақын маңнан өте жақсы қалпында сақталып қалған мыстан жасалған тиын табылды. Аталған тиынға аты-жөні белгісіз, үшкір қалпақ киген билеушінің суреті салынған екен. Тиынның жиегіне соғды тіліндегі «bgy» (Құдай) және «prn» (Рақымды) деген екі жазылған. Ал артқы жағына — билеушінің жеке таңба-мөрі басылған.iiОсыған ұқсас таңба — Таңбалы тас қорығының ең қасиетті жерінде «күн басты» кейіпкерлердің бейнесінің қасындағы қашалған
Аталған тиын өте сирек кездесетін раритет емес, алайда Қазақстан аймағынан мұндай жәдігердің алғаш рет табылып отыр. Қалай болмасын мұндай тиын еліміздегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде алғаш рет табылып, құжатқа түсіп отыр. Сол үшін аталған мұра маңызды археологиялық дереккөз болғанын тілге тиек еткен жөн.
Тарих ғылымдарының кандидаты, экспедицияның мүшесі, Ә. Марғұлан атындағы археология Институтының жетекші ғылыми қызметкері Алексей Евгеньевич Рогожинскийдің айтуынша:
«Табылып отырған тарихи жәдігер өте сирек кездесетін тиындар санатына жатады: осы іспеттес екі тиын, Батыс Түрік қағанаты мен Түргештердің астанасы Суяб қаласы деп саналып келген Ақбешім (Қырғызстан) қалашығындағы христиандық (несториандық) ғибадатхананың орнынан; сондай-ақ Қытай аймағындағы Іле аңғарынан табылған. Ал Қазақстан аймағынан мұндай тиын алғаш рет анықталып отыр. Ерте орта ғасырлық түркі-соғдылық нумизматиканы зерттеген мамандар, мұндай тиындар 7 ғасырдың ортан тұсында жасалған деп жорамалдап отыр. Сондықтан музей-қорық экспедиция мүшелерінің Қоғалы аңғарындағы тарихи жәдігерлерге жүргізген зерттеуі кезінде тауып отырған осы бір тиынды, 7 ғасырдың екінші жартысы мен 8 ғасырдың алғашқы жартысында Жетісу өлкесін жайлаған батыс түркілерінің мәдениетіне тиесілі мұра деп санауға болады».