ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Империя қызметіндегі қазақ

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Ә.Қастеев «Ш.Уәлихановтың портреті», 1951/ Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі

Шоқан қысқа ғұмыр сүргенімен, қазақ пен орыс халқының тарихында өшпес із қалдырды. Оның өмірінде саяхат, таңдау, барлау қызметі, ғылым және соғыс та болды. Ал қазір Шоқанның дүниеден көшкеніне екі жүз жыл өтсе де оның өмір тарихына қатысты жауабы жоқ толассыз сауалдар қалды.

Шоқан Уәлиханов Абылай ханның шөбересі әрі Кенесары Қасымовтың інісі, яғни тікелей Жошының, Шыңғысханның үлкен ұлының ұрпағы. Ол өмір сүрген 19 ғасырдың басында мұндай тектілік аса қадірлі еді. Қазір де ел арасында құрметке ие.

1 / 2

Ол 1835 жылғы қарашада Аманқарағай сыртқы округінің Күнтимес қыстау ордасында (қазіргі Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Күнтимес ауылы) дүниеге келген. Күнтиместе оның әкесі Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов қыстап отырған еді.

Бала дүниеге келгенде оған азан шақырып, Мұхаммед-Қанафия деп ат қойылды, бірақ көп ұзамай анасы Шоқан деп атап кетіп, осы есіммен танымал болды.

Аға сұлтанның ұлы бақытты балалық шақты басынан кешірді. Олардың үйіне үнемі атақты қазақ әншілері, ақындар мен күйшілер қонаққа келіп тұратын. Шоқан осындай шығармашылық ортада өсті. Ол дала аңыздарын тыңдауды ұнатып, көп ұзамай оларды жазып ала бастады. Бұл қызығушылығы тез арада өмірлік миссиясына айналды. Қазір біз көшпенділердің көптеген аңыздарын тек Шоқанның сол кезде жазып алғанының арқасында білеміз. Сонымен қатар Шоқан сурет салуды да үйренді және ол өте дарынды еді: бұл өнерді орыстың картографтарынан меңгерді, олар да Шоқанның үйіне жиі қонаққа келетін. Шоқан жас бала болса да, ересектермен күрделі тарихи немесе саяси тақырыптарда сөйлесуді ұнататын, әрі ойының тереңдігімен таң-тамаша қалдыратын.

Уәлихановтың балалық және жастық шағы өткен Сырымбет иелігі / Yakov Fedorov/Уикипедия

Уәлихановтың балалық және жастық шағы өткен Сырымбет иелігі / Yakov Fedorov/Уикипедия

Баланың ерекше қабілеттері отбасында назардан тыс қалмады, сондықтан әкесі оларды барынша дамытуға бел буды. Қазақтар сол кезде Ресейдің қол астына кіріп, империя ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана бастады. Шыңғыс Уәлихановтың өзі Омбыда, Сібір шекаралық қазақ әскери училищесінде білім алды. Ол ұлын да сол жаққа жіберді, бірақ ол кезде училище Омбы Кадет корпусы болып қайта құрылып, әскери білім беру ісі екі екі астананы есепке алмағанда, Ресейдегі ең үздік оқу орындарының біріне айналған еді.

Шоқан үйде жатып бес тілде сөйлесуді үйренгенімен, олардың арасында орыс тілі жоқ еді. Сондықтан Омбыдағы алғашқы күндері оған оңай болмағаны анық: оны өзгеден ерек етіп тұратыны сол, тіл білмейтіні... Дегенмен бұл ұзаққа созылған жоқ. Шоқан орыс тілін тез меңгеріп алды, ал басқа кадеттер оны жылы қабылдап, өз қатарына қосты.

Шоқанның 1847 жылы Омбы әскери академиясына оқуға түскен кездегі суреті/Уикипедия

Шоқанның 1847 жылы Омбы әскери академиясына оқуға түскен кездегі суреті/Уикипедия

Корпуста Шоқанның дарынды және ақылды кадет екені бірден байқалды. Ол бір сыныпта болашақта танымал зерттеуші Гриша Потанинмен достасты. Потанин кейінірек Шоқан Уалихановты былай деп еске алады:

«Шоқан тез дамып, орыс жолдастарынан озып кетті... Көпшілік оның қабілетіне қызығушылық танытты, ол оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет салумен айналысты. Шоқанның жасы небәрі 14-15-де болғанымен, корпус оқытушылары оны болашақ зерттеуші әрі, мүмкін, ғалым ретінде көрді».

Омбы кадет корпусы өте кең және заманауи білім беретін оқу орны еді. Әлемде Үлкен ойын жүріп жатты, Ресей оңтүстікке қарай кеңейе берді, ал Британия әртүрлі әскери емес әдістермен британ тәжінің басты жауһарына айналған Үндістанға қарай орыстардың жылжуын болдырмауға тырысты. Патшаға оңтүстікте әскери және азаматтық мамандар үнемі қажет болды, сондықтан корпусқа қазақ даласының географиясы, жергілікті тілдер және тарихты зерттеу енгізілген болатын.

Н.Н.Каразин «Орыс әскерінің Самарқандқа келуі»/Орыс мемлекеттік музейі/Alamy

Н.Н.Каразин «Орыс әскерінің Самарқандқа келуі»/Орыс мемлекеттік музейі/Alamy

Шоқан осы жерде тек оқып ғана қоймай, сонымен қатар көп жаңа нәрсені өз мұғалімдеріне айтып бере алды. Ол далалық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған мұғалім Костылецкиймен достасып кетті. Шоқан осы тақырыпқа қызығушылық танытып, олар бір-бірінен көп нәрсе үйренді.

1853 жылы, 17 жасында, Шоқан кадет корпусын аяқтап, «армия кавалериясы» лейтенанты шенін алды. Оны жаңа ғана шығысқа қолы жетіп, сол жерде мүддесі бар Ресейдің барлық мемлекеттік департаменттер өз қатарында көргісі келді. Бәрінен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың асығы алшысынан түсіті — Уәлиханов формальды түрде Сібір казак 6-кавалериялық полкына қабылданды, бірақ шын мәнінде генерал-губернатордың жеке адъютанты ретінде қызмет етті.

Шоқан небәрі жиырмада болса да, ол Ресейдің ғылыми ортасында танымал болды. Петербургтік профессор Березинге Тоқтамыстың мөрінде жазылған ортағасырлық сөздерді аударуға қатысты консультациялар қажет болды. Бұл сөздер қазіргі татар тілінен жоғалып кеткен еді. Шоқан бұны аударуды өзі аудара алмады, олардың мағынасын қарт қазақтардан білді. Профессор мен адъютант арасында қызу хат алмасу басталды.

Кадет корпусын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы Шоқан Ресейдің интеллектуалды элитасына қосылды. Омбыда ол Фёдор Достоевскиймен танысты, ол Омбы түрмесінен жаңа шыққан болатын. Олар бірден достасып кетті.

1855 жылы Шоқан алғашқы ғылыми экспедицияға қатысты: генерал-губернатор Гасфортпен бірге Омбыдан Семейге, одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле Алатауының етегіне дейін жетті. Бұл кезде Верный бекінісі салынып жатқан еді, ол кейін Алматы болып аталды. Гасфорт Уәлихановтың жетістіктеріне таңғалып, оны наградамен марапаттауға ұсынды.

Алматы қаласы/ҚР ОМ КФКДЖ

Алматы қаласы/ҚР ОМ КФКДЖ

Генерал-губернатордың ұсынысында: «Менің жанымдағы лейтенант, сұлтан Уәлиханов, қызметте небәрі екі жыл болғанына қарамастан, қырғыз тілін және жергілікті әдет-ғұрыптарды жақсы меңгеріп, маған Қырғыз даласына сапар барысында үлкен пайдасын тигізді», - деп жазылған.

Жаяу әскер генералы Густав Кристианович Гасфорд. 1865/Деньер, Генрих Иоганн/Wikimedia

Жаяу әскер генералы Густав Кристианович Гасфорд. 1865/Деньер, Генрих Иоганн/Wikimedia

Шоқанға саяхаттау қатты ұнады. Келесі жылы ол жаңа экспедицияға аттанды: полковник Хоментовскийдің жетекшілігімен Ыстықкөлге сапар шекті. Екі ай бойы қырғыздар арасында тұрып, олардың аңыздарын жинап, Жетісудың флорасы мен фаунасын зерттеді. Ыстықкөл жағалауында Шоқан ежелгі қаланы тапты. Қырғыздардың киіз үйінде ортағасырлық «Манас» эпосымен танысып, оны алғаш рет жазып алып, еуропалық ғылыми айналымға енгізді.

Василий Верещагин. Ыстық көл, 1870 жыл/Мемлекеттік Третьяков галереясы/Wikimedia Commons

Василий Верещагин. Ыстық көл, 1870 жыл/Мемлекеттік Третьяков галереясы/Wikimedia Commons

Бұл тамаша уақыт күтпеген жерден үзіліп қалды. Ресей үкіметі Қытаймен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіреміз деп шешті, өйткені бұрынғы ресейлік фактория өртенген болатын. Алғашында Қытайға бір полковникті дипломат ретінде жібермек, бірақ кейін лейтенант Уәлихановтың бұл міндетті жақсы орындайтыны туралы шешім қабылданды. Оны шақырып алып, Шоқанға дереу Верныйға қайтып, одан әрі Құлжаға бағыт алуды тапсырды. Құлжада қытайлармен сәтті келіссөздер жүргізіп, достық қатынастарды орнатуға ықпал етті. Кейінірек Құлжада Ресейдің өкілдігі ашылды.

Ш.Уәлиханов пен И.И.Захаровтың Қытай үкіметінің өкілдерімен кездесуі. И.И.Захаров Тұғолдайға маньчжур тілінде диплом тапсыруда. 1856/Ш.Уәлиханов, Таңдамалы шығармалар. — Алматы, 1958/Wikimedia Commons

Ш.Уәлиханов пен И.И.Захаровтың Қытай үкіметінің өкілдерімен кездесуі. И.И.Захаров Тұғолдайға маньчжур тілінде диплом тапсыруда. 1856/Ш.Уәлиханов, Таңдамалы шығармалар. — Алматы, 1958/Wikimedia Commons

Шоқан Құлжада шамамен үш ай болды, содан кейін Омбыға қайтып оралды. Семейде ол орыс досы Фёдор Достоевскиймен қайта кездесіп, оның жағдайы да жақсы екенін білді: Достоевский Санкт-Петербордан прапорщик атағын алған болатын. Бұл атақ оған әдебиетпен айналысуға мүмкіндік берді, бұл арманы прапорщик Достоевский үшін көптен бері жүзеге аспай жүрген еді.

Шоқан сонымен қатар Петр Семёновпен танысты, кейінірек Семёнов-Тян-Шанский атанған. Ол Шоқанды Орыс Географиялық Қоғамына ұсынды және оны қуана қабылдады.

Бұл кезеңнің фотосуреті, міне, осы. Екеуі де маңғаз көрінеді: Достоевский өз жазушылық мансабының басында тұр, темекісін мыжғылап отыр, ал Уәлиханов империяның географиялық элитасына енген соң, қолында жалаң қанжар ұстап тұр.

Уәлиханов пен Достоевский. Семей. 1859 жыл, мамыр/Wikimedia Commons

Уәлиханов пен Достоевский. Семей. 1859 жыл, мамыр/Wikimedia Commons

Кейіпкерлер жетістігіне масаттанып жүре тұрсын, біз әлемдік картаның жаһандық жағдайына қайта оралайық. Әлемде Үлкен ойын жалғасып жатты. Британия Үндістанда бекініп, оған жету жолдарын нығайтуға, әсіресе Қашқарияны бақылауға ала бастады. Ресей қазіргі Қазақстан аумағын игеріп, әрі қарай кеңеюді жоспарлады. Сондықтан Қашқария Ресей үшін де қызығушылық тудырды. Бірақ шын мәнінде бұл Қытайдың провинциясы болатын және Пекин оны еуропалықтарға бере салу туралы ойламады да.

Қашқар картасы/Уикипедия

Қашқар картасы/Уикипедия

Қашқария бәріне керек жер болғанымен, сондай-ақ әдемі әрі қайғылы өңір еді. Шөл арасында орналасқан, Ұлы Жібек жолының бойындағы алты қаланы асырайтын құнарлы жер. Ежелде бұл Ұйғыр кағанатының аумағы болған, бірақ моңғолдар жаулап алғанда бәрін: тұрғындарды да, суару жүйесін де жойып жіберген. Қашқария Қытайға қосылды, бірнеше рет оған қарсы көтерілістер болды, бірақ қатаң басылып, еуропалықтардың кіруіне мүлде есік жабық болды.

Шынында да, 14 ғасырда Марко Поло болмаса, Қашқарияға еуропалықтар бара алмады. Еуропалықтарға Қашқария туралы тек бір нәрсе жақсы белгілі болды: онда әлемдегі ең жақсы есірткі жасалады. Бұл өте қызық ақпарат еді.

19 ғасырдың екінші жартысында Қытайда Цин әулеті құлдырауға бет алды. Қашқарияда бірнеше көтерілістер өршіді, Уәлихан төре деген біреу билік басына келді. Ресей Қашқариядағы жағдайды білуге ​​және мүмкін болса, біреумен одақтасып, осы жерді аннексиялауға ынталанды.

Жауаптарды тек Қашқарияға барып қана білуге болатын еді, алайда еуропалықтардың бұл жерде өмір сүруі қиын болды. Уәлиханнан бір жыл бұрын Қашқарияға Адольф Шлагинтвейт деген біреу кіріп, із-түссіз жоғалып кетті. Кейін Шоқан Уәлихан төренің бұйрығымен отыздан аспаған суретші-зерттеушінің қорған қабырғасында басы кесілгенін анықтады.

Адольф Шлагинтвейт/Уикипедия

Адольф Шлагинтвейт/Уикипедия

1858 жылдың жазында Шоқан Уәлиханов өзінің ең қауіпті әрі ең атақты сапарына шықты. Ол шашын қырып, басқа сауда керуеніне қосылып, ешкімнен ерекшеленбеді.

Олар Тянь-Шань тау жотасын кесіп өтті. Бұл жол қиын болды: малдың бір бөлігі қырылып, бірнеше рет тау шатқалдарында жорық жасаған таулы халықтардың шабуылына ұшырады.

Қашқарияда, тұрғындардың өздері «Алты қала» деп атайтын жерде, Шоқан саяси жағдайды тез арада түсінді. Билікке келген Уәлихан төре садист, маньяк және есірткіге тәуелді адам болып шықты. Ол негізінен жолда кездескендердің басын шауып, кесілген бастарды өзен жағасында үлкен үйінділерге жинайтын. Бұл бастарды жиі қарап жүретін.

Он жыл өткен соң, осы жерде басқа бір ресейлік саяхатшы, әйгілі суретші Василий Верещагин саяхаттап өтті. Уәлихан төре туралы әңгімелер оған «Соғыс апофеозы» картинасын жазуға шабыт берді. Суреттің шетінде суретші «Барлық ұлы жаулап алушыларға — өткен, қазіргі және болашаққа» деген жазуды қалдырды. Осылайша, сурет Әмір Темірдің бас сүйектерден мұнаралар жасағаны туралы аңызбен байланыстырылды.

Әмір Темір шынымен де бас сүйектерінен мұнаралар тұрғызған. Бұл үшін Темірдің сарбаздары бас сүйектерін цементпен бекітіп, құлап кетпеуі үшін арнайы конструкциялар жасаған... Жалпы, бұл күрделі инженерлік әдіс болды, бірақ картинаны қарағанда мұндай элементтер көрінбейді.

Василий Васильевич Верещагин “Соғыс апофеозы” 1871/Мемлекеттік Третьяков галереясы/Wikimedia Commons

Василий Васильевич Верещагин “Соғыс апофеозы” 1871/Мемлекеттік Третьяков галереясы/Wikimedia Commons

Уәлихан төре — бұл Әмір Темір емес. Ол үнемі есірткіге тәуелді және психикалық тұрғыдан тұрақсыз адам болған, инженерлікпен және жаулап алумен еш байланысы болмаған. Бас сүйектерін үлкен үйіндіге жинау — оның интеллектуалдық шегі болды. «Соғыс апофеозы» — бұл Уәлихан төреге арналған ескерткіш, бірақ бұл туралы көбісі білмейді. Ол өзі жолы болмаған адам еді, өлгеннен кейін де бейтаныс болып қала берді.

Шоқан Уәлиханов Қашқарияда қоқандықтардың ықпалы күшті екенін білді, олар орыстарға дұшпан еді. Олар тез арада Шоқан туралы хабардар болып, оның қалаға еніп кеткен орыс агенті екенін айтуға кірісті. Жағдай ушығып, Уәлиханов Қашқарияны тез арада тастап шықты.

Ол қайтадан Омскке оралып, 1859 жылдың тамызында Достоевскиймен қайта кездесті. Достоевскийдің осы жолы да жақсы жаңалықтары болды: оған Тверьге шығу үшін уақытша рұқсат қағазы берілді. Бұл оның каторга мен айдаудан кейін ұзақ күткен қайта оралуы еді.

Шоқан да Санкт-Петерборға сапарлауға дайындалды, Федор оны үнемі шақыратын еді. Беймәлім Қашқарияда болған барлаушы қызықты болды. Шоқан ғылыми жұмыстарын аяқтап, олар қазіргі географияның негізіне енген еді, империя астанасына аттанды.

Шоқан Уәлиханов Петерборда келгенде де бір шулатып алды. Император Александр II оны мұсылмандарға арналған 4-дәрежелі Владимир Святой Равноапостольный орденімен марапаттап, штабс-ротмистр атағын берді. Уәлиханов Генералды штабта жұмыс істеді, онда Орта Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасады.

1860 жылдың мамырынан бастап, сыртқы істер министрі князь Горчаковтың өтінішімен Азиаттық департаментте жұмыс істей бастады.

Александр II. С. Л.Левицкидің фотосы 1878-1879 жылдар/Уикипедия

Александр II. С. Л.Левицкидің фотосы 1878-1879 жылдар/Уикипедия

Петерборда Шоқанның жұмысы өте қызықты болды, сонымен қатар қалада шығармашылық өмір де қарқынды жүрді. Ол Достоевскиймен қайта кездесіп, сол арқылы орыс астанасының көркемдігімен танысты. Шоқан ақындар мен суретшілер арасында өз орнын тапты және оның әңгімелерінен шабыт алғандар кейін шығыстық өлеңдер жазды.

Шоқан жолда жазып алған аңыздарды жариялады және еуропалықтар алғаш рет дала шығармашылығымен танысты. Ол Ресейдің ең беделді ғылыми және географиялық қауымдастықтарының мойындауына ие болды.

Шоқан Петербордағы сәнді балдарда да көзге түсті. Оны зеректігі үшін құрметтеді, сәнді киінді және кішкентай саусағының тырнағын өсірді. Бұл бұрын Александр Пушкин сияқты дендизмнің жоғары түрі болатын.

Ш.Уәлиханов/Уикипедия

Ш.Уәлиханов/Уикипедия

Алайда Петербор оның денсаулығына кері әсерін тигізді. Шоқан туберкулезбен ауырып қалды. 1861 жылдың көктемінде ол астанадан тез арада кетті және туған жеріне, әкесінің ауылының маңайына оралды.

Ол жақта оны үлкен қуанышпен қарсы алды. Шоқанды жеке шатырға орналастырды. Жергілікті ақындар, музыканттар, әншілер және аңызшылар оған жиі келіп, шатыр маңы әрқашан көпшілік пен көңілді болды.

Қымыз, пісірілген қой еті және таза ауа оған денсаулығын тез қалпына келтіруге көмектесті. Шоқан өз халқының игілігі үшін қызмет етуге дайын болды. Ол Атбасар округінің аға сұлтаны лауазымына кандидатурасын ұсынды. Ол Достоевскийге хат жазды:

«Мен сұлтан болуды ойлағам, өзімді отандастарыма пайда келтіруге арнағым келді — оларды шенеуніктер мен бай қазақтардың деспотизмінен қорғау. Мен, ең алдымен, білімді сұлтан-басшының қалай пайдалы болатынын көрсету үшін жерлестеріме үлгі болғым келді… Шенеуніктер бай және амбициозды орда тұрғындарының мақтаншақтығын тудырады, оларды қорқытады: егер Уәлиханов сұлтан болса, бәріне жаман болады, өйткені ол теңдік туралы түсініктерді ұстанады дейді… және менің құдайға сенбейтінімді де пайдалануда».

Қызмет сайлау арқылы берілетін еді, бірақ мұндай нақты бәсекелестік жергілікті саяси күштер үшін күтпеген жағдай болды және олар оған дайын болмады. Ресейде Шоқан тек ақындармен ғана емес, сонымен қатар радикалды жастармен де араласты, сондықтан ең прогрессивті идеяларға толы болды. Білімді қазақ ретінде, империялық элитамен тығыз байланыста болған Шоқан жаңа дәуірдің жарқын символы еді. Атбасар округінің қазақтары шенеуніктер мен байлардың қарсылығына қарамастан, оны көпшілік дауысымен қолдады.

Алайда Шоқанның қуанышы ұзаққа созылмады. Батыс Сібір губернаторы Дюгамель оны қызметінен босатты, Шоқанның өзі осылай сұраған деп жариялады. Бұл шешімге ол жылы қабақ таныта қоймады.

Алайда губернатор Дюгамель өз жұмысын атқарды. Ресей осы жерлерді бірнеше онжылдықтар бойы басқарды. Ресейлік шенеуніктер мен ықпалды бай қазақтар өзара қатынас орнатты, келісімдер жүйесін құрды, қызметтер мен лауазымдарды бөлісті. Шоқан өзінің еуропалық идеалдарын көрсету арқылы, осы жүйені бұзуға тырысты. Шенеуніктер мен жергілікті элита мұндай өзгерістерге қарсы болды.

Шоқанның еуропалық емес, қазақ екенін және көптеген туыстары бар екенін де ескеру керек. Шоқан туыстарының пікірін елемей, еуропалықтарша әрекет ете алмады. Ру ақсақалдарымен бірнеше келіспеушіліктер болғаннан кейін, Шоқан губернаторға мойынсұнды.

Генерал-лейтенант Черняев Михаил Григорьевич, 1882 жыл/Уикипедия

Генерал-лейтенант Черняев Михаил Григорьевич, 1882 жыл/Уикипедия

Бұл да өзінше жақсы аяқталды деп айтуға болады. Тарихта идеалистер билікке келгенде, әдетте, жақсы аяқталмайды. Шоқан туған жерде біраз уақыт тұрды, қайтадан зерттеу экспедицияларына қатысты, ал кейін Петерборға емес, Омскке кетті. Өкінішке қарай, Петербордың климаты оған мүлде жақпайтын еді — Петербор сол кезеңде Лондонмен бірге туберкулездің әлемдік астанасы болды: халық тығыздығы, суық және ылғал бұл аурудың дамуына жақсы орта болды.

Шоқан осы жағдайдың салдарынан депрессияға түсті және кенеттен полковник Черняевтың экспедициясына қатысуға шешім қабылдады. Жоспар бойынша оңтүстікке барып, қоқандтықтардың зорлық-зомбылығынан зардап шеккен барлық қазақтарды империялық бағынуға алу керек еді. Шоқан осы тапсырманы орындауға қуана келісті.

Бастапқыда бәрі жоспар бойынша жүрді: бірнеше қазақ қалалары олардың жағына өтті. Бірақ кейін Қоқан жерлеріне кіргенде, жергілікті халық колонизаторларға жаулықпен қарады. Қақтығыстар басталып, көбінесе атысқа ұласты. Жергілікті халық мыңдап қырылды және олардың бәрі әскери адамдар болған жоқ.

«Сәтсіздіктен кейін», Василий Верещагин/Alamy

«Сәтсіздіктен кейін», Василий Верещагин/Alamy

Шоқан Уәлиханов үшін бұл қырылған адамдармен толған дала ашылмаған шындық болды. Ол әрқашан еуропалық нәрселерге құмар болып, Ресей империясына адал қызмет етіп, көп еңбектенді. Бірақ империя тек Петербордың салонында және әдемі кітаптарда ғана көркем болды. Ал шынайы империяның бейнесі сайлау мен соғыста көрінді.

Бұл тәжірибе Шоқанға қатты әсер етті, сондықтан ол одан әрі әскери жорыққа қатысқысы келмеді. Ол бірнеше басқа офицермен бірге артқа, жүк көлігіне отырып қайтты. Ал полковник Черняев өзінің жорықтарын жалғастырып, Ташкентті ауыр соғыс арқылы алды.

Шоқан сол уақытта Верныйға оралып, Омскке немесе тікелей Петерборға баруды жоспарлады. Бірақ жолда ауыр дертке шалдықты, сондықтан өз туысының үйінде қалуға мәжбүр болды.

Олардың кішкентай ауылының тұрғындарын Қазақстанның Жоғарғы Жүзінің генерал-майоры Колпаковский басқарды. Ол штабс-ротмистрдің денсаулығына алаңдап және көптеген мәселелер бойынша кеңес алғысы да келді. Шоқанның денсаулығы өте нашар болғандықтан, генерал-майор оған ешқайда шықпауға және туған жерінде күтінуге бұйырды. Сонымен қатар ол барлық дипломатиялық және барлау ақпараттарын қадағалауды тапсырды.

Қытайдың Іле провинциясында мұсылмандардың көтерілісі басталып, ауыл шын мәнінде барлау орталығына айналды. Мұнда барлық жинақталған ақпараттар жиналды, бірнеше барлау операцияларының штабтары орналасты. Шоқанның өмірінің соңғы жылы осылайша өте шиеленісті өтті. Ол бәрін орындады. Өмірінің соңғы бірнеше айында Айсара есімді қызбен танысып, олар бір-біріне ғашық болды және үйленді.

1865 жылы 10 сәуірде Шоқан Уәлиханов жиырма тоғыз жас, жеті айында өмірден өтті. Ол қайтыс болған жерге мрамордан жасалған тақта орнатылды, бұл тақта постсоветтік кеңістіктегі ең ерекше ескерткіштердің бірі. Оның ерекшелігі — революцияны өткергендігі, бұл революциядан бұрынғы ескерткіштердің көбі қирап қалған еді. Тақта сұлтан мен император офицеріне арналған болса да, большевиктер оған қол сұққан жоқ. Көп ұзамай, Сталиннің өлімінен кейін, оның орнына гранитті обелиск орнатылды. Ал 80-жылдардың соңында, Шоқанның туғанына 150 жыл толуына орай, мемориалдық кешен салынды.

Шоқан Уәлихановтың зираты/Yakov Fedorov/Уикипедия

Шоқан Уәлихановтың зираты/Yakov Fedorov/Уикипедия

Шоқан Уәлихановтың есімі таптық қақтығыстар мен саяси қарама-қайшылықтардан жоғары болды. Шоқанға және оның көзқарастарына қарамастан, оның жарқын өмірі трагедиялық түрде ерте үзілді, бұл кез келген адамды әсерлендірмей қоймайды. Алайда уақыт өткен сайын Шоқан тарихына қатысты сұрақтар көбейе түсті. Кейбіреулер оны империялық отарлаушы, өз халқының сатқыны деп санайды. Дегенмен Шоқан өзі империяны қазақтардың еуропалану құралы деп қарады және оны абсолютті игілік деп санады.

Кейде Веселовскийдің Шоқанды шығыстану ғылымының аспанында жарқыраған метеор ретінде сипаттаған хатыныц цитатасын келтіреді. Бұл метеор жиі тақырыптарға шығарылады... Шынында да, жарқырап өшкендей көрінеді. Бірақ қызықты сұрақ туындайды: егер ол өшпегенде қайда ұшар еді?

Шоқанның өмірінде екі негізгі конфликт сипатталады: губернатор Дюгамельмен сайлау мәселесі бойынша және полковник Черняевпен соғыс жүргізу әдістері бойынша. Алайда шын мәнінде ешқандай конфликт болған жоқ. Губернатор мен полковник Шоқанды сүйіспеншілікпен қабылдап, оны жоғары бағалады және оған ең жақсы сипаттамалар берді. Олар Шоқаннан ересек әрі ақылдырақ болды және оның жағдайын жақсы түсінді.

Жаяу әскер генералы, Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюамель Александр Осипович/Уикипедия

Жаяу әскер генералы, Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюамель Александр Осипович/Уикипедия

Шоқан Уәлихановтың өмірі кәдімгі жас өспірімдерге тән бір процесс — кітаптағы идеалдардың шындықпен бетпе-бет келгендегі шындығы. Бұл қайғылы ашылуды әрбір зерделі адам отыз жасқа қарай сезінеді және әлемнің кемшіліктеріне қатты ренжиді. Бірақ кейінірек олар әлемнің әділетсіздігіне мойынсұнып, осы өмірде қалай болса да өмір сүруге болатынын түсінеді. Шоқанға тек үлкендерге тән салмақты ойлау керек болды. Губернатор мен полковник оның болашақта мемлекеттік қызметте табысты болатынына сенімді болды.

Мүмкін олар бұл сенімде қателескен шығар? Мүмкін олардың Шоқанды өзімен салыстыру дұрыс болмады ма? Әрине, сайлау мен соғыс көргеннен кейін Шоқан империядан разы болмауы да мүмкін еді.

Шоқанның елу немесе алпыс жасында қандай болатынын елестету қызық. Ол өз жастық идеалдарына, еуропалық құндылықтарға адал болып қалар ма еді? Бәлкім ол саяхатын тоқтатар ма еді, себебі оның бұл қызметі жансыздың рөлін ойнауына итермелейтін.

Шоқан өмірінің соңғы жылдарында ол тек далалық ауызша шығармашылықты жинап, жазып алып жүрді. Ол барлық бос уақытын қазақ әншілерімен және жолаушылармен кездесуге арнады.

Шоқанның өліміне қатысты теориялар да бар. Кейбіреулер оны Санкт-Петербордан келген бұйрықпен уландырған деген күдік айтады. Орыс сарапшысының өз еңбегінде неліктен осындай кеңістіктегі ең үздік маманның өлімі қажет болғанын түсіндіретін түсініктемелер де бар.

Қазан университетінің салыстырмалы түркология профессоры Катанованың Шоқан туралы айтқан сөздерін еске алуға болады:

«Моңғолдар мен шығыс түріктер арасында шығыстану жолына үш адам түсті — Доржи Банзаров, Шоқан Уәлиханов және мен. Әрқайсысы толықтай орыс әдебиетіне арналды. Мен шамандықтан бас тарттым және христиан болдым, олардың ғылымына қызмет етемін. Шоқан мен Доржи 35 жасқа жетпей ішімдікке құрдымға кетті, өйткені орыс әріптестеріміз бізді тек ішімдікке үйретті».

Бұл сөздер шындыққа жанаспайды. Иә, Шоқанның соңғы хаттарында ол шампанның дәмін жақсы көргенін атап өткен, бірақ шампанды жақсы көру мен ішімдікке байланысты қайтыс болу екі түрлі нәрсе.

Профессордың тағы бір пікірінде орыс білімінің Шоқанға ешқандай пайдасы болмағаны туралы айтқан пікірлері де қате. Шоқан Уәлиханов Ресейде тек өз жерлестерінің қатарынан емес, олардың арасында үздік болып шықты. Ол орыстардың өмірі мен прогрессивті реформалар туралы армандарын бөлісті. Алайда Ресейде де, Қазақстанда да «еуропалық» жастардың көңілі қалып, сәтсіздікке ұшырады. Шоқанның досы Достоевский жастық идеяларынан бас тартты және ересек жастағы Ресейдің ерекше жолына терең сенді. Шоқан Уәлиханов тек жастық идеалдарынан көңілі қалды, жаңа бағыттарды табуға уақыты болмады.

Максим Кузнецов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ