ТАҢҒАЖАЙЫП АЛМАЗ АЛҚАБЫ

Үндістандағы Голконда тарихы

ТАҢҒАЖАЙЫП АЛМАЗ АЛҚАБЫ

Персия жеріндегі лағыл іздеу. Марко Полоның «Әлем ғажайыптары» кітабінан. 15 ғасыр қолжазбасы. Шебер Мусико иллюстрациясы/Getty Images

Көшеде кетіп бара жатқан адамнан қай тас ең қымбат екенін сұрасаңыз, көпшілігі бірден алмаз деп жауап береді және бұл дұрыс та. Кейбір зергерлер мен білгірлер лағыл деп жауап беруі мүмкін, өйткені кей жағдайларда ол құны жағынан бриллианттан да (өңделген алмаздардан) асып түседі. Көпшілігіміз ежелден солай болған деп сенімді болуымыз да ғажап емес.

Мазмұны

Алайда тек 14 ғасырда адамзат алмазды нағыз асылтасқа айналдыратын өңдеу тәсілін меңгерді, көз жанарын алатын бұғып жатқан әсемдегі енді бәрінің көз алдына шыға келді. Бұған дейін бұл тастар тек Қытай медицинасы туралы трактаттарда және Ежелгі Рим тарихшыларының жазбаларында кездесетін.

Ежелгі дәуірде алмаздарды табиғи кристалдық пішінінде қолданған, оларды аса қымбат бағаланатын тас деп есептеді, өйткені олар өте сирек кездесетін. Ол заманда бұл тастардың отаны — жұмбақ Үндістан болатын. Үлкен Плиний өзінің «Кәдімгі тарих» атты кітабында адаманттардыiἀδάμας — өңделуге көнбейтін, ұсақ бөлшектерге бөлініп кететін тастар тек императорларға ғана белгілі «геммалар» деп жазады.

Жақұт пен гауһары бар алтын жалатылған жүзік. Б.з.б. 4 ғасыр. Ауғанстан/ашық дереккөзден

Жақұт пен гауһары бар алтын жалатылған жүзік. Б.з.б. 4 ғасыр. Ауғанстан/ашық дереккөзден

Римдіктерден кейін алмаздар ұзақ уақытқа ұмыт қалды. Нарықта табиғи алмаз кристалдары әлі де кездесетін. Оларды асыл тас деп санағанымен, сұраныс аз болды. 14 ғасырда Венеция зергерлері көптен күткен қырлаудың тәсілін ойлап тауып, алғашқы бриллианттар бірден өз орнына, яғни патшалардың қазынасына келіп түсті. Еуропада алмаздар ең құнды әрі ең сирек заттардың қатарынан табылып, бірден патша қазынасына тапсыруды міндеттейтін жарлықтар пайда болды. Бұл заңдардың орындалуын ынталандыру үшін патшаға құнды сыйлықтар әкелгендерді алтынмен аптап, атақ және түрлі марапат беріп жатты.

Теңізші Синдбадты Рух құсы қайда алып келді?

Бұл уақытта еуропалық саудагерлерге алмаз Үндістаннан ғана табылатыны белгілі болды. Есепсіз байлыққа ие ғажайып Галконда патшалығы туралы өзінің «Әлем ғажайыптары кітабында» Венеция саяхатшысы Марко Поло былай деп жазған:

«Бұл патшалықта алмаз іздеумен айналысады, тіпті көптеген тауларда алмаз бар. Жаңбыр жауып, су таудан және үлкен үңгірлерден ағады, ал жаңбыр тоқтаған соң, су азайып, адамдар сол су ағындарында алмаз іздейді. Жазда су болмаған кезде адамдар жарқабақтардан біраз алмаз тауып алады, бірақ ондағы ыстыққа төзу мүмкін емес. Бұл тауларда көптеген улы жыландар мен басқа да жәндіктер мекендейді, сол себепті адамдар оларға сақтықпен қарайды, өйткені көптеген адам сол жәндіктерден зардап шеккен. Бірақ, мүмкін болса, олар сол жерден үлкен әрі ірі алмаздарды тауып жатады. Жыландар өте улы және адамдар олар мекендейтін үңгірлерге кіруге батпайды. Адамдар сол үңгірлерге басқа әдіспен кіреді. Терең аңғарлар мен таулар арасындағы үңгірлерге кіруге ешкімнің зауқы соқпайды. Сол кезде олар ет кесектерін алып, оны аңғарға лақтырады. Етке көп алмаз жабысып қалады. Ол жерде жылан ұстайтын ақ қырандар бар. Сол етті көрген ақ қыран оны басып алып, басқа жерге ұшып кетеді. Адамдар бүркіттің қайда ұшқанын бақылап, жете сала айқайлап, бүркітті шошытады. Содан азығын тастап ұшқан қыраннан қалған еттің ішінен алмаз тауып алады. Оның басқа әдісі де бар. Ақ қыран ет жегенде алмазды да жұтып қояды. Оны аңдыған адамдар құстың саңғырығынан да алмаз тауып алады.

Тағы айта кететіні, бізге жететіні тек бөлшектері мен қалдықтар. Себебі ең әдемі, үлкен алмаздарды жергілікті халық Ұлы Хан мен бұл елдегі басқа да билеушілерге алып келеді. Олардың қолында біздің елдің ең қомақты байлығы бар. Ал теңіздің ар жағынан келген көпестерге тек қалдығы тиіп жатыр».

Қазіргі зерттеушілер Марко Поло расымен өзі жазған елдерде болды ма, жоқ па деген мәселеде пікірлері екіге жарылады. Бәлкім ол сол кездегі Еуропа мен Азия арасындағы жолайрықта орналасқан ең басты қалалар Бағдат немесе Ормузда бұл әңгімелерді естіп алған шығар, қайдан білейік? Алмаз, қырандар мен жыландар туралы аңыздың кең таралғаны сонша, сол замандағы тағы бірнеше дереккөзде кездеседі. Оқырмандардың көбі «Теңізші-Синбадтың саяхатындағы» Алмазды аңғарды еске түсіріп үлгерген шығар. Ол жерде Рух деген алып құс Синбадты сол аңғарға алып келетін еді.

Қойшы төбенің басындағы қамал

Алайда біз 15 ғасырдағы Еуропаға қайта оралайық. Сол кезде қырланған алмаз патшалар сарайында кең тарала бастайды. Ал Үндістандағы «алмаз бекінісі» аталып кеткен ғажайып Галконда көптеген авантюристер мен саудагерлерді тартатын жарық жұлдызға айналады. Васко да Гама Үндістанға теңіз жолын ашқанда, оны да сол алмаз қызықтырған болуы керек, кім білсін...

Шын мәнінде, сол кезде Галконда қандай еді? 15 ғасырда бұл әлі патшалық емес, тек Қойшы төбенің (Галконда дәл осылай аударылады) басындағы балшықтан тұрғызылған бекініс болатын. Болжаммен сол кезеңде ресейлік көпес Афанасий Никитин жергілікті базарларды зерттеп жүрген еді.

 Мачилипантам — Голконда сұлтанатының басты порты. 1676 жыл/Wikimedia Commons

Мачилипантам — Голконда сұлтанатының басты порты. 1676 жыл/Wikimedia Commons

Никитин өзінің «Үш теңізге саяхат» кітабында Галкондаға жақын орналасқан Райчурдағы (Галкондадан алыс емес Кришна өзеніндегі қала) алмаз шахталары туралы айтады. Дегенмен Тверь саудагері жыландар, бүркіттер және алмазды жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жинау туралы ештеңе жазбайды. Никитиннің заманында Галконда маңында өзен жағаларында таяз кеніштерде алмазды ұйымдасқан түрде өндіру жүргізіліп жатты. Мүмкін, екі ғасыр бұрын Марко Полоның замандастары шын мәнінде өзен құмында алмазды кездестірген болуы мүмкін. Ал шетелдіктердің бұл жерлерге қызығушылығын тудыру үшін үнді саудагерлері улы жыландар мен қол жетпейтін жоғары таулар туралы әңгімелер ойлап тапты. Бірақ 15 ғасырда жергілікті халық алмазға деген сұраныстың жылдам өсіп жатқанын түсініп, оларды топырақтан арнайы шығара бастады және ниеті барларға кен орындарын берді.

Асыл тастың әлегі

Бұл жүйені сәл кейін еуропалық саяхатшылар сипаттап жазды. Оның ішінде Англияның граф-маршалы Генри Ховардтың Лондонның Корольдік қоғамына 1677 жылы жазған есебі әлі күнге дейін бар. Есепте үнділердің жинаған алмазын сипаттап жазады. Онда 16 ғасырдың басында (Үндістанға теңіз жолы ашылып, португалдық колония құрылғаннан кейін) барлық мүлкін сатқаны және Галкондаға алмаз іздеуге кеткен бір португалдық туралы қызықты әңгіме баяндалады.

s Голкордадағы алмаз кердері. 1725 жыл/Wikimedia commons

s Голкордадағы алмаз кердері. 1725 жыл/Wikimedia commons

Ол жер телімін алып, бір жыл бойы оны зерттегенімен, нәтиже оң болмаған. Соңында португалдық жұмысшыларға ақы төлеу үшін бар мүлкін, соңғы камзолына дейін сатуға мәжбүр болған. Бар ақшаны бергеннен кейін, бірде кешке ол өзіне у ішетін тостаған дайындайды... Сол кезде оның шатырынан бір қызметкер үлкен 400 караттық алмазбен жүгіріп кіреді, ол алмаз сол жердегі телімнен жаңа ғана табылған асыл тас еді. Португалдықтың қуанышында шек болмады. Ол бұл тасты алып, Еуропаға оралып, корольге сыйға тартып, өмірінің соңына дейін жақсы өмір сүру үшін жеткілікті ақша мен артықшылыққа ие болады. Үндістаннан туған еліне қайтпас бұрын, португалдық Гоадағы шіркеулердің бірінде жергілікті тілде жазылған ескерткіш тақта орнатқан:

Өз әйеліңді де, балаларыңды, өзіңде бардың бәрін сат, 

Киіміңді де сатып жібер, бостандығыңды да сат.

Қолыңда барды қонышқа басып, Галкондаға аттан бірден,

Белден қаз да жерді бұл, тағдырдың сыйына ие бол!

Жалпы 16 ғасырда бұл жерде нағыз алмаздың әлегі басталды, ал Галконда әйгілі Марко Поло айтқандай есепсіз байлыққа ие болған сұлтандыққа айналып шыға келді. Кришна өзенінің жағасында адамзат тарихындағы аңызға айналған алмаздар жуылды.

Голконда сұлтанатының ақсүйектерінің өмірі. 1725 жыл/Alamy

Голконда сұлтанатының ақсүйектерінің өмірі. 1725 жыл/Alamy

Аңызға айналған Галконданың алмаздары

Мысалы, Кохинур алмазы, оның атауы «Нұр тауы» деп аударылады. Бұл алып алмаз Малва сұлтандығы раджасының тәжіне тағылды және бұған байланысты тас өзінің орнынан түскенде сұлтандықтың күні батады деген жорамал болған.

Кохинур — 105 қаратты алмаз

Солай болды да, елді жаулап алып, алмаз жеңімпаздардың қолына түсті. Бірнеше ғасыр бойы бұл алмаз бір сұлтаннан екіншісіне өтіп отырды, бірақ әрдайым өз иесінің тәжінде оның ұлылығын айшықтағандай көрінді. Кохинур Британияға өтіп, Виктория патшайымға сыйға тартылғанда, ол да патша тәжіне орнатылды. Қазіргі таңда бұл тас әлі күнге дейін тәжде тұр, бірақ оны тек патшайымдар ғана киіп жүре алады. Пайым бойынша, ер адамдарға бұл алмаз бақытсыздық әкеледі, бұл бірнеше рет дәлелденген.

Кохинур гәуһарымен жалатылған Ана патшайым Елизаветаның тәжі Tim Graham Photo/Getty Images

Кохинур гәуһарымен жалатылған Ана патшайым Елизаветаның тәжі Tim Graham Photo/Getty Images

Хоуптың көгілдір алмазы — Галконда кеніштерінен табылған тағы бір таңғажайып тас. Оны әйгілі француз саяхатшысы және қазына іздеуші Жан Батист Таверне тапқан. Айта кету керек, Таверненің «Үндістанға саяхат» кітабы — 17 ғасырдың ортасындағы Галконда кеніштерін егжей-тегжейлі сипаттайтын қызықты құжат. Таверна бұл алмаз көзіне еуропалықтар арасынан алғашқылардың бірі болып жеттім деп санады. Бұл сирек көк түсті тас XIV Людовикке сыйға тартылды.

Хоуп алмазының салмағы — 45 қарат

Кейін ол бірнеше рет қайта өңделіп, британ королі IV Георгке, британдық банкир Томас Хоупқа, Пьер Картьеге және, ақырында, америкалық көмір мұрагері Эвелин Уолш-Маклинге тиесілі болды. Соңғысы Хоупты (ағ. «Hope» — «Үміт») Картье жасаған сәнді алқаға орнатып, жиі жоғалтып жүрді. Қазіргі таңда бұл тас Уашиңтондағы Ұлттық табиғи тарих музейінде сақтаулы.

1 / 3

Галконданың тағы бір жауһары Ұлы Моғол немесе Орлов деген алмаз туралы да аз-кем ақпарат бермеске болмас. Оны да алғаш рет Жан-Батист Таверне жазған. Ол Ұлы Моғолдар династиясының өкілі Аурангзебу шахтың сеніміне кіргені сонша, оған өзінің қазынасындағы асыл тастардың тізімін жасауға мүмкіндік берген. Таверненің айтуынша, Үндістандағы бұл үлкен тасты қырлап, әсемдеуді тапсырған шебер бұл тасты құртып, жарты салмағынан айырылған. Қалай десек те бүлінген күйінде де Таверне «Ұлы Моғол» деп атаған асыл тастың 200 карат салмағы бар еді.

Ресей қорындағы Ұлы Моғол гауһары/Getty Images

Ресей қорындағы Ұлы Моғол гауһары/Getty Images

Аурангзебу шахты тақтан тайдырған соң алмаз Азияны аралап кетті. Ол әртүрлі билеушінің қазынасында болғаны айтылады. Нәтижесінде Тамиландудағы Ранганатхи құдайының үлкен ескерткішінің көзіне тағылған. Кейін оны ол жерден иудаизмді әдейі қабылдап, ғибадатханада бірнеше жыл қызмет еткен француз сарбазы ұрлап кеткен. Сарбаз оны британ капитаны Мадрасеге сатып жіберген. Ал ол тасты Амстердамға апарып, ондағы бір дүкеннен граф Орлов ІІ Екатеринаға сыйға тарту үшін сатып алған. Сол кеште болған прусс елшісі граф Виктор фон Солмс былай деп жазады:

«Залдағы қонақтардың бәрі дерлік күздің соңы болса да үлкен гүл шоқтарын сыйға тартып жатты, ал әлдебір адам арнайы осындай шараға сақтаған ескерткіш сыйлық табыстап жатты. Граф Григорийдің құр қол келді. Бұл шараға сыйлық алмай келгенін байқаған соң ол қап әттеген-айға басып, алақанымен маңдайын ұрып: «Кешір, шешей! Бүгін сенің мерекең ғой, мен сияқты кәрі қақпастың есінен шығып кетіпті. Бір ашуыңды бер, міне, мұнда менде бір нәрсе бар... Бәлкім, керегіңе жарап қалар... Қабылдаудан бас тартпа», – деді. Осы сөзді айтқан соң граф күртесінің қалтасынан жалпақ қорапты алып шықты. Оның ішінде асыл тас бар еді».

200 қаратты «Ұлы Моғол» алмазы

Бүгінгі таңда Орлов РФ Алмаз қорындағы ең үлкен тас.

А.Антропов. II Екатеринаның портреті. 18 ғасырдың екінші жартысы. Тверь облыстық сурет галереясы/Wikimedia commons

А.Антропов. II Екатеринаның портреті. 18 ғасырдың екінші жартысы. Тверь облыстық сурет галереясы/Wikimedia commons

Әрине, бұл айтқанымыздың бәрі Галконданың таңғажайып қазынасының аз бөлігі ғана. 18 ғасырдың басына дейін Галконда әлемдегі жалғыз алмаз көзі болған. Дегенмен 1725 жылы Бразилиядан да алмаз табылды. 18 ғасырдың ортасында Үндістанның қоры таусылған соң, негізгі өндіріс сол жаққа көшті. Бүгінде Галконданың кен орындары болған аймақтың көп бөлігі су астында қалды, себебі Үндістанның өсіп келе жатқан қалаларын сумен қамтамасыз ету үшін Кришна өзеніне плотина тұрғызған еді.

Сондықтан қазір ол жерден алмаз табу мүмкін емес.