ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

1-дәріс: Мәскеу империясының баламасы ма?

Мариан Ежи Фида. Ядвиги патшаймның Пшемыслдағы Казимирдің сарайына келуі/ Пшемысль сарайы, Польша/Artur Widak/Getty Images

Ұлы Литов княздігін (ҰЛК) ауызекі тілде жиі «Литва» деп айтады, бірақ оның түпнұсқадағы атауын ешкім егжей-тегжей анықтап жатпайды. Ұлы Литов, Орыс және Жемайт княздігі. Мұндағы «орыс» сөзі сән үшін тұрған жоқ, керісінше Балтық және Қара теңіздің ортасында орналасқан ерекше мемлекеттің мәнін ашып тұр. Бұл жерде литов, украин және белорусь халқы қалыптасқан.

Мазмұны

Қуғын. Литва Ұлы Герцогтігінің елтаңбасы, 1780 жыл. Ресей империясының Герольдия бөлімі/Wikimedia Commons

Соңғы екі жылдағы қиын жағдайда Ұлы Литов княздігінің сағымы қайта пайда болғандай көрінді, себебі Киев, Вильнюс және Варшава деген княздіктің көне қалалары қайта Мәскеумен жауласа бастады, ал саясаткерлер мен тарихшылар украиндардың этникалық және тарихи-мәдени ерекшелігін басып көрсетуге тырысып, «бір халық» деген тезисті жоққа шығару – мақсаты. Қарсылық білдірген ресейліктер 16 ғасырда қашып кеткен алғашқы орыс диссиденті князь Андрей Курбскийi(1528-1583) сияқты әлі де Литваға бет алады. (Иван Грозныйға жақын княздің жазасынан қорқып, 1564 жылы Ұлы Литов княздігіне қашып кеткен. Сол жерде патшамен хат алмасып, оның тирандық әрекетін айыптағанБелорусс оппозициясы үшін де, «Литвада» олардың саны біршамаға жеткен, ҰЛК елдеріне қатысы бар мемлекет «тарихи өрекениетті таңдауы бар» және Еуропаға «оралу» мүмкіндігі бар екенінің дәлелі іспетті.

Князь Андрей Михайлович Курбский және воевода Даниил Федорович Адашев, Немістерге Воеводалардың шабуылы (Иван Грозныйдың шежіресінен миниатюра) XVI ғасыр/Wikimedia Commons

Әлбетте бұл Ұлы Литов княздігінің тарихына көз жүгіртуге мүмкіндік беретін жалғыз дәйек емес. Ресей империясында славян бауырларына жанашырлық таныту үрдісі қалыптасқан. Оларға екі ел 1569 жылы толыққанды біріккеннен кейін Литва мен Польшаның католик пандары күн көрсетпепті-мыс. Нәтижесінде орыс патшасы «діні бір бауырларына көмекке келіп», «күпірлердің» қолынан тікелей мағынасында жұлып әкеткен, ал Польшаның бөлінуіi1772, 1793, 1795-жылдары Польшаны Пруссия, Ресей және Аустрия бөліп алғансекілді ұсақ-түйек нәрселер — «бұл славяндардың өз дауы, үй ішіндегі ескі дау» (А.С. Пушкин).

Поляк-Литва достастығының үш аумағы. Кейін қосылған аумақтар ашық түспен боялған/Halibutt/ Wikimedia Commons

Ал кеңестік мектептерде «литов феодалдары» 1237–1240 жылдары болған моңғол-татар шапқыншылығын пайдаланып, көнеден орысқа тиесілі жерді басып алып, 17–18 ғасырларда «бауырлас елдердің» бақытына орай, патшаның қол астында қайта күшіне енген Ресей ол жерлерді қайтарып алғанша ұятты ысырып тастап, бөтен жерде тайраңдап жүрген деп оқытты.

Ендеше бұның қалай болғанын анықтап көрейік.

Басы: татарлар мен немістердің арасында

Тарихшылар әлі күнге дейін бұл мемлекеттің не үшін және қалай пайда болғаны туралы дауласады да жатады. Бұл әңгіме ең алдымен Литва, Белорусь, Украина ғалымдарына қатысты. Олар өздерін ҰЛК-ның мұрагеріміз деп санайды. Мұндай тереңге кеткен тарихты бір ұлттың жобасы ретінде, іргетасы қарастыруға әркімнің-ақ таласы бар. Тіпті, қазіргі Литваның аты сол көне Литовтан шығатыны рас болса да оны бір ұлтқа телуге болмайтын сияқты. Қалай десек те, қазіргі ұлт туралы түсінікпен 13–14 ғасырлар туралы әңгіме айту қате болар еді.

ҰЛК-ның пайда болуы туралы дауласу қиын: бұл мемлекет аймақтағы вакуумның нәтижесінде, дәуірдің геосаяси оқиғаларының себебінен 13 ғасырдың ортасында пайда болған. Баяғы Киев Русі бөлінгеннен кейін, оған қоса 1240 жылы татарлар Киевті өртеп жіберген соң, шешім қабылдайтын, оны халық шешім қабылдайтын орын деп белгілеген орталық жойылды.

Осы кезде Еуропада колонизация алауы лап етіп, аз қоныстанған жерлерді жаулау басталады да, барлық макроаймақтар тыным таппай іске кіріседі. Француздар Испанияға, италиялықтар Италияның солтүстігінен оңтүстігіне, немістер шығысқа қарай шабуылдай бастайды. Балтық теңізінің жағасында немістер өзінің крест ұстаушылар плацдармын құрады. Алдымен 1202 жылы Ливонияда Қылыш ұстаушылар орденін құрса, кейін Тевтон ОрденінiРухани-рыцарлық ордендер, Бірінші монах-рыцарлар ордендері Киелі жерде 11–12 ғасырларда пайда болған. Олар зиярат етушілерді, кейіннен христиан жерлерін қорғау үшін жасақталған. Мұндай ордендердегі бауырластар монахтық неке қимау, кедейшілік пен даналық антын ұстанып, христиан сенімін қорғау мен оның жауларымен күресуге өмірін арнаған. Қылыш ұстаушылар ордені 12 ғасырдың соңында Ливонияда, ал Тевтон ордені неміс (тевтондық) рыцарлар үшін Киелі жерде құрылғанОлар Польшаға 1226 жылы поляк князінің шақыруымен пұтқа табынушы прустармен күрес үшін келген. Алдымен тевтондар прустар, курш, земгал және т.б., тайпалармен әлек болып жүрді, олардың жерінде жаңа Отанын құрып, оны Шығыс Пруссия деп атағанын біз білеміз. Бірақ көп ұзамай тевтондар көне сенімдегі Литваға да көз тіге бастады.

Осылайша Балтық пен Қара теңіз арасындағы «теңізаралық» (Intermarium) жер екі оттың ортасында қалды. Солтүстік пен батыстан 1237 жылы бірігіп алған Қылышұстаушылар мен Тевтон ордені төніп тұрса, оңтүстіктен орыстың бас қалаларын басып алған татарлар бар еді.

Дәл осындай жағдайда 1240 жылдары қызық бір мемлекет пайда болады. Оның аты — Миндовг Литвасы еді. Бұлай аталу себебі сол, 1253 жылы қазіргі Белорусиядағы Новогрудкада (бұған дау айтатын тарихшылар да бар) патша деп көтерген алғашқы билеушінің аты берілген. Жаңа мемлекеттің орталығы — «Понеманье» деген Неман өзенінің жағасында орналасқан аймақ еді, онда балтық және славяндар мекендеген. Бұл жердің аса көп бөлігі қазіргі Белорусь жеріне тиесілі. Қазіргі Украина жерлерінің басым көп бөлігі жау қолында болса да, татарлар бұл аймақты әлі жаулай қоймаған еді. Қалай дегенмен көшпенділердің жорығы үйреншікті жағдайға айналған, үнемі толық жаулап алу қауіпі төніп тұратын.

Мидовг Литвасының саяси және әскери элитасының басым бөлігі этникалық балтықтар, көне сенімдегі адамдар еді. Қалаларының басым бөлігі Киев Русі заманында салынған славяндықтарға, провославтарға тиесілі болатын. Бір қызығы, Балтықтан шыққан княздердің өзі орыс жерлерін біртіндеп бір идеология астына жинауға әрекет етпеген, яғни Киев Русінің мұрагері ретінде көрсетпейді. Дегенмен кейде дін ауыстыру сияқты айлаға барған. Мысалы, Войшелк Миндовгович деген князь (1264–67) провослав дінін қабылдаған.

Князь Миндовгтың шоқындыру рәсімінен өтуі. "Берекелі Вит" кескіндемесінен үзінді (Новогрудский епископы,Ұлы Литва Герцогтігіндегі алғашқы заңды епископ/Lithuanian Art Museum/Vilnius/WIkimedia Commons

Ол Литваның жалғыз провослав князі болса керек. Олардың өзі болмаса да, аналары мен әйелдері провослав болған оқиғалар жиірек кездеседі. Уақыт өте қыздарын тверлік, псковтық, новгородтық, тіпті кейде мәскеулік князьдерге тұрмысқа беру қалыпты жағдайға айналған. Әкелері дәстүрлі көне дін өкілі, кейіннен католик болса да, қыздары провослав дінін қабылдап, елдер арасында дипломатиялық көпір немесе «жұмсақ күш» болған.

Жоғарыда айтқанымыздай, кеңестік тарихшылар «литов феодалдары басып алды...» деп үйретті. Мұндай шешім шығару үшін арқа сүйейтін дәйек жоқ. Қақтығыстар туралы жазбалар да жоқ, археологтар да түк таппады. Бұл жерде әңгіме орыстар мен литовтықтардың өзара пайдалы талаптар бойынша одақтас екені туралы болса керек. Балтық сарбаздары «лейталар», «Литва» сөзі содан шыққан, неміс және татар басқыншылығынан қорғаған. Қалалық-славяндар мен саудагерлер экономиканы тұрақтаған. Бұл жағдай 8–9 ғасырлардағы Русьтің генезисін еске салады. Сол кезде славяндар мен финн-угор тайпалары шведтің жауынгер-княздерін шақырған. Олар тарихта РюриковичтерiРусьте 862–1598 жылдары билік еткен Рюрик норманынан тараған княздік династиядеген атпен белгілі. Бұл — тек басы ғана еді.

14 ғасырда ҰЛК территориясын әжептәуір кеңейтіп алды. Жаңа мемлекет Киев Русінде «билік аяқ астында» жатқанда, нақтырақ айтсақ, аймақтық элитаның қолында болған кездегі дағдарыс салдарынан пайда болған бос жерлерді толтырумен айналысты. Анығында бұрынғы орыс жерлерін жинай бастады және олар енді жаңа бренд — Литва деген атпен танылды.

Литва Ұлы Герцогтігінің 1462 жылға дейін өсуі. Литва Ұлы Герцогтігінің картасы 1462 жылға дейін/Wikimedia Commons

1362 жыл тарихты өзгертіп жіберді: Көк Суларда Литовтың ұлы князі Ольгердтің (1345–1377) басшылығымен алғаш рет әскері татарларды тас-талқан етті. Қазіргі Украина жерін Литва шеңберіне кіргізу процесі басталып кетті. Киев княздігі, Подоль және Дикая поляның бір бөлігі енді. Осылайша қызық жағдай болды. Шығыс Еуропада аяқ астынан ірі империя бой көтерді, оның оннан бір бөлігі таза балтық жері болса, қалғаны кейін Белорусь пен Украина болған Русь жері, яғни славян тілді, провослав дінін ұстанатын және мәдени бекгруанды да сондай аймақ.

Ақырындап ҰЛК элитасы славяндануға көшті және «русифицакацияға» бет бұрды. Құжат пен хат алмасу тілі — «орыс тілі»iБұл жерде және кейінірек те орыс тілі сөзін мен тырнақшаға аламын, себебі ҰЛК-дағы орыс тілі мен қазіргі орыс тілін салыстыруға келмейдіТіпті ұлы князь Ягайло (1377–1382, 1382–1392) 1386 жылы поляк королі болса да, латын тілін жетік білмей, «орысша» жазған. Оған бұл тілді Тверь князінің қызы, бұның анасы Уляна үйреткен. Литваның барлық басшысы баяғыдан католик болған 16 ғасырда мемлекет конституциясының барлық үш басылымы, 1529, 1566, 1588-жылдардағы ҰЛК статуттары латын тілінде емес, ұлы княздік канцеляриясының тілі — «орысша» жазылған. ҰЛК-ның ең танымал зиялысы Франциск Скоринаның (1517–1519) Інжілі де «орыс тілінде» басылған.

Геосаяси таңдау

Қалай дегенмен 14 ғасырда көне сенімде болған литовтық элита мемлекеттің басым бөлігінің сеніміне айналған провослав дінін қабылдауға асықпайды. Олар католицизмді жөн көрген. Жалпы литовтық княздар жиі шоқынған. Витеньнен (1295–1316) бастап литовтық әр князь Батысқа өзінің шоқынғаны туралы декларация жіберіп отырған. Бұл жердегі мақсат құдайға мойынсыну емес еді. Шоқынамыз деген уәде Тевтон Орденінің шабуылын тоқтатуға мүмкіндік беретін. Олар өздерінің «жарғылық құжатына» сәйкес тек пұтқа табынушы көне сенім өкілдерімен ғана соғысуға құқылы еді. Кресшілердің қысымы азайған кезде литовтық элита уәдесін әп-сәтте ұмытып кетіп, астанасы Вильнода көне құдайларға құрбандықтық шалынып, от лаулап тұратын.

Ұлы князь Ягайло Ольгердовичке берілген мүмкіндік болмаса, бұл аса құдіретті комедияның қанша уақыт жалғасатынын құдай біледі. Ягайлоның анасы Ульяна Тверская ұлын Рюриковичтердің Софья Московскаясымен некелестіруге тырысып, сол арқылы мәскеуліктермен альянс құрып, «шығыс векторын» ұстануды ойластырған. Бірақ Ягайло 13 жасар поляк королінің қызы Ядвиганы таңдаған. Бір қызығы поляк басшылары варварды қабылдаған (Литов пен Польшаның одақтасу мотиві туралы үшінші лекциядан біле аласыздар). Некелесуден кейін саяси манифест болды. 1387 жылы Литов католицизмді қабылдап шоқынды. Мына нәрсеге аса мән беру керек, қазіргі Литва территориясының пұтқа табынушылары және Гродненщина мен Понеманья ғана шоқынған. Ал провославтарды католикке ауыстыру болмаған, Киев, Смоленск, Полоцк, Чернигов, Брест және т.б. алып аумақты алып жатқан тұрғындар провослав болып қала берді. Тек рухани қызметкерлер мен тұрғындар ғана емес, бұрынғы жергілікті княздар да өздерін «русь» деп айтатын, кіші әріп болғаны сол, бұл жерде мемлекет туралы емес, тіл және діни сенімдеріне байланысты жалпылама атауға айналған. Ал Ягайлодан кейін билікке келген княздардың бәрі дерлік католик дінін берік ұстанған.

Ягайлоның таңдауы мәскеуліктердің «азиаттық» таңдауына қайшы «еуропалық» бағытты ұстанғанын білдіреді деп айтуға келмейді. Қиын-қыстау заманда Ягайлоны «еуропалық құндылықтар» туралы бас ауыртпағаны анық, ол тек Тевтон Орденімен мәңгілік күресте, басқа да құндылықтан да маңызды шаруаларда Польшамен одақтас болуды қалаған сияқты. 15 ғасырдың басында бұл одақтың қаншалықты дұрыс болғанын іс жүзінде көріне бастайды. Ол кезде польша-литовтық әскер Грюнвальд соғысында (нақтырақ үшінші лекцияда айтамыз) Тевтон Орденіне жойқын соққы жасайды.

Московия. «Орыс жерлерін жинақтаудағы» бәсекелестік

ҰЛК мен Солтүстік-Батыс Русьтің (Владимир-Суздаль княздігі, кейіннен Мәскеу княздігі) қарым-қатынасына қарап отырып, ықпал ету аймағына бәсекелестіктің қайда екенін, владимирліктер де, кейін мәскеулік княздар да 15 ғасырдың соңына дейін Ордаға тәуелді болғанын ескерсек, Ордамен қақтығыстардың қайда екенін нақ басып айту қиын. Оған қоса сол заманда Мәскеу «Үшінші Рим» идеясын және «орыс жерлерін қайта жинау пункті» туралы ойды әлі қолға алмаған еді.

14 ғасырда Литваға шегарадағы Тверь Мәскеуге қарсы күш ретінде қызық болды. Қару ретінде соғыс қана емес, дипломатия да қолданылатын. Осы жерде ұлы князь Гедминнің (1316–1341) қызы тверлік князь Дмитрий Михайловичпен 1319–20-жылдары некелескенін айта кету керек. Бұл аймақтағы көшбасшылардың біріне ҰЛК тарапынан қолдау белгісі ретінде жасалған ишара еді. Одан әрі тверлік князь Александр Михайловичке 1329 жылы саяси баспана берген. Бірақ ол әрмен қарай ханмен келісімге келе алған. 1337 жылы Ордаға келіп мойынсұнған, ал Өзбек хан (1313–1341) оған Тверь княздігін қайтарып берген.

Бір жылдан кейін Мәскеу князі Иван Калита (1322–1340) өзі Ордаға барып, Өзбек ханмен кездесіп, «мәселені біржақты етті». 1339 жылы Тверь князін ұлымен қоса хан өлімге кескен. Зерттеушілердің пікірінше, Александр Михайлович пен оның ұлының тағдырын Калита ханға дәлел ретінде қолданған «литовтықтармен байланысы» шешкен. Міне, нақты мысал: Мәскеу князі хан мүддесін ескереді және оның ықпал ету аймағындағы маңызды жерлердің жау қолына өтуіне жол бермейді.

Александр Михайлович пен оның ұлы Федорды Ордада өлімі және олардың денелерін тасымалдау. 16 ғасыр. Иван Грозныйдың шежіресінен миниатюра/Wikimedia Commons

Новгородтың қуатты сауда республикасы өз кезегінде Ливон Ордені мен Тевтон Орденінің бір тармағы — Литва және Мәскеу арасында сәтті қатынас жасай алды. Саудаға ден қойған республиканың қатынасы қару асынған көршілеріне ұқсамайтын. Новгородтықтарда жерді басып алу деген мақсат болмады. Ең бастысы — Батыспен сауда жасау үшін соғысты болдырмау маңызды еді. Новгордтың қаруы дипломатия мен династиялық некелер болды.

Литваның шығыс саясатындағы өзгерісінің белгілері тек Ягайланың немере ағасы және 1392 жылдан 1430 жылға дейінгі тәуелсіз князь болған Витовттың билік еткен кезінде көрінеді. Витовт дәуіріндегі барлық маңызды оқиғалар Литва-Польша-Тевтон ордені үшбұрышының айналасында болғанына қарамастан, ұлы князьге Мәскеу де қызықты болғаны сөзсіз. Витовт ҰЛК-ға Смоленск княздігін қосып алды. Бұл ҰЛК-ның иелігіндегі шығысқа ең терең бойлаған шегарасы. Тіпті ықпал ету аймағын бөлуде керемет жоспары да болды: Орденге — Псков сауда Республикасы, Ал Литваға — Новгород.

Литваның ұлы князі Витовт. Брест Августин монастырынен портрет. Белгісіз автор, XVII ғасырдың екінші жартысы/Wikimedia Commons

1391 жылы Витовт өзінің қызы Софья Витовтовнаны Мәскеу князі Дмитрий Донскойдың ұлы Василий І-ге тұрмысқа берді. Қызы православ дінін қабылдап, бес ұл және кем дегенде төрт қыз тауып берді. Төрт қыздың бірі Анастасия 1417 жылы Случкийдің православ князі Олелькаға тұрмысқа шықты. Бұл неке де Витовтың ісі еді. Бұл ҰЛК-Московия арасындағы дипломатиялық көпір болатын. Бұған қоса Витовт киевтік Константинополь мен литовтық митрополит Григорий Цамбалакты мойындау үшін жұмыс істеді, өз жерлерінде православтық орталық құрды. Мәскеуде 1415 жылы Литваның орыс жерлерінде Киевтің тәуелсіз митрополиті немесе Литовтың және барлық Русьтің ресми митрополиті пайда болуын өте қызғанышпен қабылдады.iКонстантинополь бұған санкция берді ме, жоқ па, белгісіз

Карл Гун «Ұлы ханым София Витовтовна ұлы княз Василия Тёмныйдың тойында»(1861). Ұлы Витаутас әскери мұражайы, Каунас, Литва/Alamy

1425 жылы Василий І қайтыс болған соң Витовтың Мәскеудегі ойы жүзеге асуы мүмкін еді. Кремльдегі таққа оның жиен немересі, Софьяның ұлы отыруы тиіс болатын. 1427 жылы ол әкесіне Минскке қонаққа келеді де, ол өзінің «орыс жеріне» кетеді. Оған рязандық және новосильско-одоевкий княздіктерін береді. Бірақ ол Мәскеуге жетуі тиіс еді, бірақ Волыньға тоқтайды, кейін Ягайломен кездесуге кетеді.

1430 жылы Витовт қайтыс болады. Ол көп дүниеге қол жеткізуге үлгермей қалады. Мысалы, оған Рим Папасы берген тәж жетпей қалған (оны поляктар әдейі ұзақ ұстаған деген де нұсқа бар), сондықтан ол Литов королі емес, ұлы князь ретінде өмірден озды. Литов пен Московияны біріктіру бойынша күдік туғызбаған жобасы да іске аспай қалды. Бізге тек Вильно мен Мәскеу бір мемлекет құрған Еуразияның тағдыры туралы тек болжам жасау қалды. Витовтың жиен немересі Василий ІІ, Софьяның ұлы, таққа атасы өлген соң отырды. Оған князь атағын Ұлық-Мұхаммед хан берген. Салтанатты таққа отырғызу шарасын ханның елшісі 1432 жылы Владимирде өткізген.

1430-жылдары Московия да, ҰЛК да азаматтық соғыстан көз ашпады (феодалдардың таққа таласын «азаматтық» деген терминмен жазуға болатын болса, әрине), «орыс мұрагерлігі» туралы біршама уақыт ұмытуға тура келді.

«Орыс мұрасы» үшін соғыс

ҰЛК мен Московияның алғашқы қақтығысы сонау 13 ғасырда болған. Ольгердтің Мәскеудегі кремльдің қабырғасына жасаған жорығы 1368–1371-жылдарға тура келеді. Бұл әлі «толық жойып жіберу» үшін болған соғыс емес еді, тек Тверь, Брянск, Смоленск сияқты дау тудыратын жерлер үшін қақтығыс болатын. Мұндай жорықтар тек бейбіт кезеңмен емес, династиялық некелермен де алмасып тұрды. 200 жылдан кейін мұндайды елестету мүмкін емес еді.

Иван ІІІ (1462–1505), «орыс жерлерін жинаушы» кезінде жағдай мүлдем басқаша өрбіді. 14–15 ғасырлардағы қолжазбаларда бүгінгі күнге дейін сақталған барлық ежелгі шежірелік дәстүр Московия тарихын Новгород пен Киев Русінен бастады. Осылайша біртұтас жер мен біртұтас тарихтың санасы сақталып, үнемі қайталанып отырды. Мұның бәрі бір күні Мәскеу князінің «Отаны мен атасы» деген домендерді кеңейтуге «лицензия» болады. Иван «Бүкіл Русьтің ұлы князі» деген атақты бірінші болып сынап көрді... бүгінгі Беларусияның бүкіл аумағы және бүгінгі Украинаның барлығы дерлік ҰЛК құрамында болғанын ескерсек, мұндай мәлімдеме бір нәрсені білдірді: соғыс.

15 ғасырдың соңғы ширегінен бастап Мәскеумен болған қақтығыстар қалыпты жағдайға айналды: 1492–94 шегара соғысы, 1500–03 соғыс, 1507–08 соғыс, 1512–22 соғыс және солай бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы жалғасты. Адамдар бір соғыс кезінде дүниеге келді, ал екінші соғыс кезінде қайтыс болды (немесе соғыста өлді). Әрі қарай идеология факторы күшейе түсті: сенім мен «орыстыққа» баса назар аударды. 17 ғасырда-ақ мұндай пропаганда Речь Посполитаяда латинизацияны нығайту саясатын жүргізуде тыңдарманын тауып, сәтті өтіп жататын: 1651 жылы Могилев тұрғындары московиттерге өздері қақпаны ашып берген, дегенмен 10 жылдан кейін казактар мен атқыштар гарнизонының күл-талқанын шығарған.

Ганс Крель “Орш шайқасы” 1514 г. /Warsaw National Museum/Wikimedia Commons

15–16 ғасырлардағы жағдай мүлде басқаша еді. ҰЛК-ның «орыс» элитасы ешқайда жоғалып кетпеді: олар мемлекеттік механизмге еніп, өздерінің құқығы үшін күресіп жатты. 1492 мен 1569-жылдар аралығында шамамен 40% мемлекеттік қызметте, тіпті этникалық Литов пен Жемайтиде дәл осы «орыстан» шыққандар отырды. Сапегтер, Воловичтер, Гольшанскийлер немесе Пацтардың түп тамыры балтық еді, бірақ олар православияны ұстанды, сол үшінде номиналды түрде олар «орыстар» болатын.

Православиелік «орыс» элитасының өкілдері өздерін толықтай ҰЛК-мен идентификациялағаны туралы көптеген дәлелдер бар, ал Мәскеу мен Қырым хандығын олар экзистенциалды жауды көрді. Бұған 1514 жылы Орша түбіндегі шайқаста московиттерді жеңген Волыниядан келген ең бай магнат Константин Острогский мысалы. Острогский православиелік шығу тегі ғана емес, сонымен бірге православие мәдениетінің демеушісі, жеке басын қорғаушы және «орыс партиясының» жетекшілерінің бірі болды. Сол жолды оның ұлы мен мұрагері — Константин де жалғастырды (оларды жиі шатастырады). Острожскийдің екеуінің біріншісі тек ҰЛК-ның ұлы гетманы емес, сонымен бірге Трокскийдің басшысы болды, яғни ол сол кезде ұлы князьден кейінгі мемлекеттегі маңызды лауазымдарды атқарды, бұл зайырлы билік тұрғысынан мансаптың шыңы десек болады.

Белгісіз автор. Константин Острожскийдің Портреті(1460-1530) XVII ғасыр/Wikimedia Commons

Алайда православтық орысшылдарға саясаттағы шектеу көбейе түсті. Католицизм беки түсті, ал православтық сол кезде-ақ бөтен деп танылып, тіпті Московиямен байланысы болуы мүмкін деген күдік туғызатын (билік үшін талас пен өсек үшін таптырмайтын нәрсе). Литовтық Радзивилл, Гаштольд, Заберезинский, Кезгайл және басқа да биліктегі тайпалар орысшылдармен билікті бөлісуге құштар емес еді және конфессиональді риторикаға жиі жүгінетін.

Белгілі бір топқа тиесілі болу қиындығы 16 ғасырдың ортасындағы Реформация кезінде ушығып кетті. Литвалық және орыстық магнат рулары көбінесе жаңа протестанттық сенімді қабылдады. Нәтижесінде «орыс» = «православие», ал «литвин» = «католик» критерийі, егер нөлге көбейтілмесе, күмән тудыра бастады. Ұлы князь Сигизмунд II Август 1563 жылғы Вильна сеймінле православтардың ең жоғары лауазымдарға қол жеткізуіне шектеулерді алып тастады. Литов зиялылары, негізінен, қарсы болмады, өйткені сол кездегі Радзивиллдер протестант еді, олар католиктерді әлсіретін дүниенің бәрін жаны сүйетін.

Сонымен бірге элитаның жеке басын орыстан католиктік-литовтыққа ауыстыру процесі қызу жүріп жатты. Жаңа идеологияны қабылдау жақсы инвестиция болды, өйткені ол тек ҰЛК-да емес, Корона Польскаяда өсуге мүмкіндік берді. Батыс саяси және мәдени жағынан тартымды еді: салыстырмалы түрде біртұтас мәдени және саяси кеңістік, ренессанс өнері, университеттер, экономика, сән, әдептілік, тас палаццо және керемет ғибадатханалар — дүниенің бар жақсылығы сол жерде шоғырланған.

1569 жылғы Люблин униясы. «Орыс партиясы» жеңді ме, әлде жеңілді ме?

1569 жылы Литов пен Польша арасында аса маңызды Люблин униясы болды. Нәтижесінде «одақтас мемлекет» — Речь Посполитая пайда болды. «Орыс» бекграуды бар магнаттар унияға күдікпен қарады, бірақ шалт қимыл жасамауға тырысты. «Орыс» магнаттары поляктармен құқығы тең болғанын қалады және ол жүзеге асты да. Острожскийлер, Збарскийлер, Вишневецкийлер, Заславскийлер, Чарторийлер, Сапегтер, Ходкевичтер және т.б., көп ұзамай Речь Политаяның жоғарғы саясатына кірді, сондықтан олар өз таңдауына өкінді деуге келмейді.

Орыс дворяндарының, әсіресе Сапег сияқты олигархаттың өкілдерін өздерінің православиелік сенімдері мен дәстүрлеріне қандай да бір «сатқындық» жасады деп айыптамаңыз: адамдар мүлдем басқа координаттар жүйесінде өмір сүрді және өз отбасыларының мүддесін, аймақтағы пайда мен қауіпсіздік мәселесін ойлады. Қалай болғанда да ҰЛК-да, одан әрі Речь Политаядағы «орыс жобасы» жабылды. Ұзақ тарихи перспективада «орыс мұрасына» иелік ету тұрғысынан барлық көзір Мәскеудің қолында қалды. Католицизмді полонизациялау және қабылдау біржақты перспективаға айналды.

Люблин униясына сәйкес 1569 жылы Украина мен Подляшья жерлері тікелей Польшаға кетті, ал қазіргі Беларусь жерлері Литвада қалды. Осылайша Литва Ресей Әкімшілік жағынан бөлінді. Әрі қарай полонизация, 1596 жылғы Брестк цервон униясы болды, ол бірқатар православиелік епископтарды Рим папасына бағындырды, Украинадағы шектен шыққан жағдай Богдан Хмельницкийдің көтерілісіне және оның Московиямен одақтасуына әкелді... Бұл — енді басқа әңгіме.

Ұлы Литов кінәздігі тарихының екінші және үшінші бөлімін оқыңыз.

Александр Киркевич

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Көшірілді