ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДЕМАЛЫС КІТАПТАРЫ

Арғытарихтан атом улаған далаға дейін

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДЕМАЛЫС КІТАПТАРЫ

Адам Бернарт. «Vanitas» натюрморты. 1660 жылдар/Wikimedia Commons

Жаңа жылдың алғашқы аптасында қызықты тарихи кітаптарды оқимын деп ойластырсаңыз, бірақ мейрам алдындағы қарбаласта не оқитыныңызды анықтап үлгермесеңіз, Qalam көмегіне жүгіне аласыз. Бұл мақалада біз 2024 жылы жарық көрген он тарихи нон-фикшнды іріктеп алып, ұсынып отырмыз (авторлардың тегі бойынша алфавиттік ретпен бердік):

Мазмұны

Таласбек Әсемқұлов, "Қондыгердің бір-ақ беттік тарихы"

2024 жылы белгілі мәдениеттанушы, жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың «Қондыгердің бір-ақ беттік тарихы» кітабы бөлек басылым түрінде жарық көрді. Бұл туынды — автордың қазақ мифологиясы, тарихы, этнографиясы, мәдениеті жайлы еңбектерінің жинағы. Мысалы, оның ең қызықты мақалаларының бірі қазақ эпосындағы нарративтер мен аңыз-әфсаналық мән-мағынаға, сондай-ақ исі түркіге ортақ «Алпамыс» дастаны мен Гомердің «Одиссейінің» мазмұнындағы ұқсас тұстарға арналған. Бұдан бөлек кітапта «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырындағы махаббат драмасының мейірімсіз билеушімен күреске айналу мәселесі де сөз болады. Еңбек туралы бөлек шолуымызды мына жерден оқи аласыз.

Таласбек Әсемқұлов, «Қондыгердің бір-ақ беттік тарихы»/Meloman

Таласбек Әсемқұлов, «Қондыгердің бір-ақ беттік тарихы»/Meloman

Манан Ахмед Әсиф, «Disrupted City: Walking the Pathways of Memory and History in Lahore»

Америкалық тарихшы, Азия маманы және Chapati Mystery блогының авторы туған қаласы Лахор жайлы тамаша кітап жазды. Бұл көлемі жағынан Пәкістанның екінші қаласы және Пенжаб провинциясының астанасы. Оның мың жылдан астам тарихы Габриел Гарсиа Маркестің прозасынан кем түспейтіндей деңгейде елітіп, үйіріп әкететін қуатқа ие.

Манан Ахмед Асиф, «Disrupted City: Walking the Pathways of Memory and History in Lahore»/Meloman

Манан Ахмед Асиф, «Disrupted City: Walking the Pathways of Memory and History in Lahore»/Meloman

Лорен Бентон, «They Called It Peace: Worlds of Imperial Violence»

Кітап 15-ғасырдың басында Африкада, Азияда, Америкада, Австралияда басталған еуропалық империялық саясаттың жер-жерде көптеген дау-жанжал, кикілжің тудырғанын көрсетеді. Оның кейбірі әлі күнге ушығып тұр. «Ақ адамның ауыртпалығы» күш кімнің қолында болса, сол мықты деген жалғыз ережені білдірді және сақтап отырды.

Лорен Бентон, «They Called It Peace: Worlds of Imperial Violence»/Meloman

Лорен Бентон, «They Called It Peace: Worlds of Imperial Violence»/Meloman

Шейн Бобрицки, «The Crowd in the Early Middle Ages»

Тарихи оқиғаларды өз бетінше тудыра алатын топ-тобыр тақырыбы (Бастилияны алудан бастап «қызғылт сары революцияларға» дейін) ғалымдар мен теорияшылардың қызығушылығына әу бастан ие. Ал мына кітап ерте орта ғасырлардан сыр шертеді: ол заманда ел оңайлықпен жинала қоймайтын, бірақ басқаруға көнбейтін адамдар тобы туралы идеяның өзін қарастыратын күн келген еді.

Шейн Бобрицки, «The Crowd in the Early Middle Ages»/Meloman

Шейн Бобрицки, «The Crowd in the Early Middle Ages»/Meloman

Дейзи Данн, «The Missing Thread: A Women's History of the Ancient World»

Әйелдер соңғы үш мыңжылдықта адамзаттың дамуында біз ойлағаннан да артық рөл ойнағаны (Пандорадан бастап этруск бойжеткендеріне дейін сан түрлі жағдайда) туралы мән беруге тұрарлық кітап. Біз өткен жылы шолу жасаған еңбектің сиквелі деп қабылдауға келетіндей.

Дейзи Данн, «The Missing Thread: A Women's History of the Ancient World»/Meloman

Дейзи Данн, «The Missing Thread: A Women's History of the Ancient World»/Meloman

Стефанос Геруланос «Арғытарихты ойлап табу» (The Invention of Prehistory: Empire, Violence, and Our Obsession with Human Origins)

Біз өткенді қазіргі заманға жетелейтін алғы сөз ретінде қарастырамыз. Бірақ адамзаттың өткен тарихы деп нақты нені атауға болады? Оны дұрыс салмақтап, саралай аламыз ба? Тарихшы Стефанос Геруланос дамудың тарихқа дейінгі кезеңіне қатысты әділ көзқарас қандай бола алатынын түсіндіреді.

Стефанос Геруланос «Арғытарихты ойлап табу» (The Invention of Prehistory: Empire, Violence, and Our Obsession with Human Origins)/Meloman

Стефанос Геруланос «Арғытарихты ойлап табу» (The Invention of Prehistory: Empire, Violence, and Our Obsession with Human Origins)/Meloman

Тоғжан Қасенова, «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» (Атомная степь: Как Казахстан отказался от ядерного оружия, Atomic Steppe: How Kazakhstan Gave Up the Bomb)

Қазақстандық ғалым Тоғжан Қасенованың кітабының түпнұсқасы ағылшын тілінде беделді Stanford University Press академиялық баспасында жарық көрген болатын. Көп жылдық мұрағат зерттеулері нәтижесі ретінде қарастырылғанымен, бұл еңбек жаһандық геосаяси масштабтағы ғылыми туындыларда жиі сырт қалып жататын адами қасиет-келбетті сақтай алыпты. Мұнда қарапайым дала қазақтарының азабы да, жергілікті биліктің дәрменсіздігі де, ғалымдардың алдынан шыққан мораль дилеммасы да бар. Журналист Мәди Мәмбетов жазғандай, «ғылыми ортада белгілі автор «Атом улаған далада» қиын тақырыптарды қарапайым тілмен жеткізеді, бірақ тым жеңіл де қылып жібермейді, осылайша сөз шеберіне тән талантын анық көрсетеді. Оған академиялық бейтараптық та, шын жанашырлық сезім де ортақ». Кітап қазақ тілінде 2023 жылы жарық көрді, ал өткен жылы екінші басылымы шықты, сонымен қатар орыс тіліндегі аудармасы пайда болды.

Тоғжан Қасенова, «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» (Атомная степь: Как Казахстан отказался от ядерного оружия, Atomic Steppe: How Kazakhstan Gave Up the Bomb)/Meloman

Тоғжан Қасенова, «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» (Атомная степь: Как Казахстан отказался от ядерного оружия, Atomic Steppe: How Kazakhstan Gave Up the Bomb)/Meloman

Том МакГрат, «Яппи жеңісі» (Triumph of the Yuppies: America, the Eighties, and the Creation of an Unequal Nation)

Филадельфиялық журналист сексенінші жылдардағы АҚШ өмірі мен стилін көп жағдайда анықтап берген білімді әрі табысты қала мамандарының қалай биік жетістіктерге жетіп, артынша дағдарысқа ұшырағанын тамаша әңгімелеп қана қоймай, қазіргі трампшылдықтың тамырын неге дәл осы яппилердің даңғой субмәдениетінен іздеу керектігін де түсіндіреді.

Том МакГрат, «Яппи жеңісі» (Triumph of the Yuppies: America, the Eighties, and the Creation of an Unequal Nation) /Meloman

Том МакГрат, «Яппи жеңісі» (Triumph of the Yuppies: America, the Eighties, and the Creation of an Unequal Nation) /Meloman

Ералы Оспанұлы, «Қазақ ою-өрнегі» (Казахский Орнамент, Kazakh Ornament)

2024 жылы суретші, өнертанушы Ералы Оспанұлының «Қазақ ою-өрнегінің этнографиялық атласы» (2021) атты көпжылдық зерттеуі негізінде жазылған «Қазақ ою-өрнегі» кітап-альбомы шектеулі тиражбен жарық көрді. Бұл еңбек қазақ ою-өрнегінің тарихы, шығу тегі және санат-санатқа жіктелуі, сонымен қатар қазақтың сән һәм қолданбалы өнерінде қалай пайдаланылғаны жайлы авторлық көзқарас ұсынады. Кітапты тек оқып қоймай, керемет иллюстрацияларынан да ләззат алып қарау керек.

Ералы Оспанұлы, «Қазақ ою-өрнегі» (Казахский Орнамент, Kazakh Ornament) /Meloman

Ералы Оспанұлы, «Қазақ ою-өрнегі» (Казахский Орнамент, Kazakh Ornament) /Meloman

Питер Франкопан, «Жердің айтылмаған тарихы» (Как менялась Земля. Нерассказанная история, The Earth Transformed: An Untold History)

Британиялық тарихшы Питер Франкопанның адамзаттың өткенін қоршаған орта тарихымен шебер қиыстыра білген бестселлері 2024 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп, бәрімізді қуантты. Бұл археология, климаттану, тарихи еңбектерді зерттеу секілді түрлі ғылыми саланың мәліметін басшылыққа ала отырып, мыңжылдықтар бойында климаттың өркениеттерге қалай ықпал еткенін әңгімелеп беретін аса қызықты әрі түсінікті кітап. Еңбек адамзаттың табиғатпен ажырамас байланыста екенін айқын ашып көрсетеді.

Питер Франкопан, «Жердің айтылмаған тарихы» (Как менялась Земля. Нерассказанная история, The Earth Transformed: An Untold History) /Meloman

Питер Франкопан, «Жердің айтылмаған тарихы» (Как менялась Земля. Нерассказанная история, The Earth Transformed: An Untold History) /Meloman