Ессіз Донья Хуана

Шәрбат айын өлген адаммен қалай өткізуге болатындығы туралы сурет

Франсиско Прадилья-и-Ортис. «Ессіз Донья Хуана». 1877 жыл/Wikipedia Commons

Сурет Мадридтің Прадо мұражайында орналасқан

Осынау ауқымды кенептегі суреттің (3,4 х 5м) 1878 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде үлкен аса танымал болды. Испанияның әйгілі суретшісі сол кездегі детективтерге, қорқынышты оқиғаларға, спиритизмге және готикалық мистикаға қатты қызығушылық танытқан еуропалық жұртшылықтың жан-жүйкесіне, санасына бойлай білді.

Осы айтылғандардың бәрі суретшінің шығармасында көрініс тапты.

Ессіз Хуана — Изабелла мен Фердинандтың төрт қызының бірі, «Еуропаның христиан патшалары» Кастилияның мұрагері болды. 1496 жылы ол Бургундия герцогы Филиппке тұрмысқа шығып, «Сұлу» деген атқа ие болды. Ол кезде қалыңдық 17 жаста, күйеужігіт 19 жаста еді. Замандастарының айтуынша, күйеужігіт тым тәуір еді, қалыңдықтың келбеті де сабырлы әрі сүйкімді болатын. Отау құрғаннан кейінгі сегіз жылдың ішінде Хуана бес баланы өмірге әкелді және жүктілік пен босану кезіндегі ауыртпалықтарын айтпағанда, өзін қор санап, махаббаттың мағынасыз машақатын бастан өткерді. Күйеуі оған адал болғысы келді — тартымды қызметшілерің, герцогқа ықыласын білдіруден тартынбайтын қарайтын асыл ханымдардың бірін де жанына жолатпады.

Біз Хуананың ақыл-ойының кеміп, санасының бұлыңғырлануының себебі бала туудан қажуы немесе қызғаныш дерті болар деп болжаймыз. Бірақ осы сегіз жылдан кейін жас әйелдің жағдайының нашарлағаны соншалық, тіпті әкесі мен шешесі де Кастилияның әлеуетті патшайымының, жұмсартып айтқанда, ештеңеге қабілетсіз екенін мойындауға мәжбүр болды. Күйеуімен арасындағы бітпейтін жанжал немесе қырыну секілді ұсақ-түйек әуре істерін ешкім елемес, бірақ Хуананың сөздері бір-бірімен байланыспайтын және мінез-құлқын болжау мүмкін емес еді. Содан кейін ата-анасы Хуананы, анасы қайтыс болғаннан кейін, Кастилияның номиналды мұрагері етіп тағайындайды. Ал оның әкесі Фердинанд нақты билеуші болады деген құжат жасады. Изабелла көп ұзамай көз жұмды. Хуананың әкесі мен күйеуі олардың қайсысы Кастилияны басқаруға көбірек құқылы екенін анықтауға кірісті. Осыны нақтылау барысында 1506 жылы Әдемі Филипп (Филипп Красивый) кенеттен қайтыс болды. Ресми деректерде оны шешек ауруынан дүние салды деп жазған, дегенмен қайынатасы Филипп герцогқа у бергізіп өлтірді деген қауесет таралды.

Содан кейін алтыншы баласы Катилина ханшайымға жүкті кезінде Хуана қалың қайғыға батты. Ол күйеуін жерлеуге тыйым салды, оның табытын бүкіл ел бойынша, монастырьдан-монастырьға апарды, мезгіл-мезгіл табыттың қақпағын ашып, қайтыс болған адамға таңданып, күйеуінің мәйітіне ешбір әйел заты, тіпті монах та жақындамасын деді. Хуана осындай қылықтар жасап, қызғаныш деген қызыл итті жеңе алмады.

Ақырында, әкесі бұл ессіз турды (мүрдені алып жер-жерді аралуын) тоқтатты. Ол күйеубаласын сағанаға қойғызды, ал Хуана барлық құрметпен ада қамалға қамауға алынып, оған сол жерде өзін керемет болуға мүмкіндік берді. Хуана тек ірімшік пен қара нанды қорек қылды, басқа адамдарға оның тамақтанғанын көруге тыйым салды. Ол жуынып-таранудан үзілді-кесілді бас тартты және қызынан өзге сөйлесетін ешкімі болмады. Катилинаны анасының қасында жасөспірім кезге дейін қалдыру туралы шешім қабылданды. Себебі ол ана жылуын сезініп өсуі керек еді. Кішкентай тентек қыз ұзақ уақыт бойы қалыпты өмірге үйренуге мәжбүр болды.

Кейіннен Хуананы үлкен ұлы қарауына алды. Ессіз патшайым өзінің қараңғы қиял әлемінде 75 жасқа дейін өмір сүрді.

Суретте бізге сол «Мүрдемен өткен бал айынан» («Загробный медовый месяц») эпизод ұсынылған. Онда қара жамылған, жесірдің киімін киген жүкті әйел Хуана тағы да сүйіктісінің суық ернінен сүйіп, онымен сезімдерімен бөлісу үшін соңғы баспанасын ашуға дайындалып жатыр. Суретшінің тарихи қателігі — свит киген әйелдер (Хуананың барлық дереккөздеріне сәйкес, ол кезде тіпті ең сенімді қызметшілерге де жақын болған жоқ). Жел шайқаған шамдар, оттан шыққан түтін, түнерген аспанның бұлттары және тағы да басқа бөлшектер суретті шынайыландыра түседі. Елес, иллюзиялық әсер, көрерменді бір сәтте екі әлемге жетелейді. Шаршаған, қатулы күзетшілер, қызметшілер мен монахтар науқас әйелдің ессіз сандырақтарына төзуге мәжбүр болатын және плащ жамылған адамдар, бір-біріне қарасқан жанашыр әрі күмәнді көздер, осының бәрі бізге таныс жер бетінде болып жатыр. Сонымен қатар өлі мен тірінің арасын ажыратпай, сүйіспеншілік болмаса, қызғанышты соңғы босағадан өткізетін Хуананың өзі табылған беймаза рухтардың түтін әлемінде тұр.

Франсиско Прадилья-и-Ортис. «Ессіз Донья Хуана». 1877 жыл/Wikipedia Commons

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді