Салдан сұлаған тән

19 ғасырдың ең даулы картинасы — трагедия, каннибализм мен саясат

Теодор Жерико. «Медуза салы». 1819/Louvre Museum/Wikimedia Commons

Луврда тұр (Париж)

Дәстүрлі түрде өтетін ірі көркем сурет көрмесі — Париж Салоны 1819 жылы енді ғана қалпына келтірілген монархияның сырлы бояуға тұнған гимніне айналды.i1815 жылы француз корольдік Бурбон әулеті Наполен мұрагерлерін тақтан тайдырып билікті қайтарып алған еді, бұл дәуір Реставрация деп аталады Мұнда келтірілген марғасқа авторлардың көбі роялист еді және таққа адалдығын туынды арқылы дәлелдеуге барын салған-ды. Тарихи тақырыптағы көп картинада маңызды оқиға кезіндегі ұлы монархтар бейнеленетін... Шіркеуді де ұмыт қалдырмады, Революция жылдарында оның да басына бұлт үйірілген еді ғой. Енді революционерлер сондай сүйетін антика тақырыбын – Киелі Кітап алмастырса, Гераклдар мен Венераларды — Соломондар мен Магдалиналар ығыстырды.

Франсуа Жозеф Эйм. Король Карл X 1824 жылы Париж салонында марапаттарды таратуда. 1827 жылғы сурет/Musée du Louvre/Wikimedia commons

Осынау монарх парадына Теодор Жериктің «Медуза салы» туындысын өткізу бұдан да асқан таңғаларлық жәйт еді. Дәлірегі, оны көрмеге алмау ыңғайсыз болғанға ұқсайды, себебі бұл ғаламат әрі көкейкесті арт-жоба жайындағы қауесеттің тарағанына, ендігі жылдан аса уақыт болып еді.

Монументал (5х7 метр) кенепке «Медуза» салының трагедиясы салынған болатын.

«Медуза» — Наполеон соғысы аяқталған соң жолаушы тасымалдайтын кемеге айналдырылған француз әскери кемесі. Оны бірбеткей роялист капитан Гюг Дюруа де Шомарей басқарды. «Медуза» 1816 жылы шілдеде шағын флотилия құрамында ең әуелі француз шенеуніктері мен әскерилерінен құралған жолаушыларды француздардың жаңа отары Сенегалға тасымалдады. Кемеде Сенегалдың су жаңа губернаторы, король тағының жақтасы Жюльен Дезире-Шмальтц та болған.

«Медуза» әскери кемесі 1816 ж. Нақыш/Wikimedia commons

«Медуза» флотилияның флагман кемесі еді, оның қозғалыс бағыты навигатормен басқаралатын құрылғының қате бағыттауына орай «Медуза» 2 шілдеде Сенегал жағалауына 50 километр жетпей қайраңға батып қалды. Орнынан қозғалту мүмкін болмады, флотилия құрамындағы қалған кемелер тәуекел етпестен жағалауға қарай жүре берді. Адамдарды олқы-солқы әрі тиімсіз эвакуациясы басталды, жолаушының барлығына бірдей қайық жетпейтін, сондықтан сал құру жайлы шешім қабылданды.

Қырсық шалғанда «Медузаның» корпусы жарыла бастады, кеменің суға бату қаупі туды. Капитан, губернатор мен команданың бір бөлігі қайықтарға ауысты, ал қалған жолушылар мен әскерді салға жайғастырды. Қайықтар салды сүйреп шығады деп күтілген еді, бірақ дауыл тұрып, жығылғанның үстіне жұдырық болды. Салды тартып жағаға сүйреу мүмкін емесін түсінген команда арқанды үзіп тастап жағаға ұмтылған еді. Сау саламат жетіп те алады.

Басқарусыз қалған әрі шамадан тыс жүкті көтере алмаған салда азық-түлік атымен жоқ еді, ал ішетін су қоры да шамалы. «Медузадағы» 240 адамның 147-сі осындай жағдайда ажалмен бетпе-бет қалды (тағы 17 адам салға мінгеспей батып бара жатқан кемеде қалуды ұйғарса керек, қалғаны қайықпен кетіп қалғанын білеміз). Асау толқын адамдарды салдан құлатып та жатты, ортадағы қауіпсіз орын үшін төбелес те басталады алғашқы түннің өзінде 20 адам өлім құшты. Келесі күндері дауыл күшейе түсті, адамдар он-ондап суға құлай бастады. Төртінші күні салдың үстінде бар-жоғы 67 адам қалды, оның көбі ендігі қимылдауға шамасы қалмай әлсіреп, жаралы жатқан. Тірі қалғандардың ішінде жанын сақтау үшін мерт болғандардың етін жеуден тартынбайтындар да табылды қалғаны қарсыласуға дәрменсіз күйде еріксіз каннибалдардың ісін бақылауға душар болды. Сегізінші күні ең күшті әрі дені саулары жаңбыр жауғанда әрең жинаған суды бөліспес үшін әлсіз әрі жаралыларды салдан лақтыра бастады.

«Медуза» салының жоспары/Wikimedia commons

Бұл уақытта жағадағылар салдағы жандардың жанын сақтап қалуға тырыспаған да еді. Он үшінші күн болды дегенде флотилия құрамындағы кеменің бірі бриг «Аргус» қана қайраңда қалбалақтап әрең тұрған, мұнысының өзі ғажайыптай көрінген «Медузаға» қарай қозғалды. Олар онда аман қалғандарды құтқару үшін бармағаны тағы түсінікті. «Аргус» тобына жүктелген міндет желкенді көтеріп «Мезудаға» жетіп колония қазынасына тиесілі алтын мен күміс толы бөшкелерді алып қайту болды.

«Медузада» алтыннан бөлек, қалған он жеті адамның ішінен тірі қалған үшеуін де тапты қалған он төрті осы екі аптаның ішінде өздері қолдан сал жасап сонымен жерге жетпек болып, батып кеткен болса керек. Қайтар жолда «Аргус» алғаш қалдырылған салды көреді, үстінде құр сүлдесі қалған, есінен айырылған адамдар жорғалап әрең қозғалады. Ол жерден он бесін мінгізіп алады, оның бесеуі тойып тамақ ішкен соң сол жерде жан тапсырады (аш адамға бірден көп тамақ беруге болмайтынын «Аргустың» дәрігері білмеген).

Болған жайдың қорқынышты жай-жапсары Францияға жетті. Тергеу жүргізіліп, сот болады. Міне, осы жерде сот француздардың наразылығын туғызды. Кеме мен жолаушыларды қалдырып кеткен капитан де Шомарей теңіз бен жер атаулының заңына сәйкес өлім жазасына кесілудің орнына, бар-жоғы үш жылға түрмеге отырды. Отарлаушы құрамды құтқаруға ешбір әрекет жасамған губернатор болса, бар болғаны қызметінен босатылып, жазадан құтылды. «Медуза» оқиғасы роялистердің сұмпайылығы мен арсыздығының дәлелі ретінде қабылдана бастағаны бір бөлек, республикашылдардың қолындағы басты көзірге де айналған еді.

Міне сол үшін «Медуза салының» корольға бас ұрғандардың көрмесіндегі бұл қадамы ең әуелі таққа қарсы жасалған жарқын қарсылық еді. Ірі дау.

Команда мүшелерінің бірі көкжиекте тұрған кемені байқады. «Медуза салы» суретінің үзіндісі/Wikimedia commons

Жерико бұл туындысына аса байыппен кірісіп еді. Апаттан аман шыққан жандармен кезігіп, оқиғаның егжей-тегжейін сұрастырып шықты. Моргта түрлі мәйттердің суретін салып шыққан еді, мұнысын өліктің анатомиясы мен сан түрлі қырын терең меңгеру үшін жасады. «Медузадан» аман шыққан ұстаға дәл сол салдың шағын макетін жасап беруді өтінді, сосын жүннен қалыптар жасап оны әлгі ұста жасаған салдың үстіне орналастырды. Жан жағынан жарық түсіре отырып, әр фигураны әбден зерттеп, осы композицияның негізінде суретін салды.

Теодор Жерико. Суға сырғып бара жатқан жалаңаш мәйіт. Эскиз/Wikimedia commons

Билікке бүйрегі бұратын сыншылар көрмеден соң Жериконың қоғамдық адамгершілік қағидаларына керағар іс қылды деп айыптады. Картинаны жиіркенішті, ардан безген адамның ісі әрі күнәһарлықтың көрінісі деп атады. Кенепте кескінделген өлі денелердің көптігі үшін суретішіні айыптау қиын (көрмеде «Айқышқа шегеленген», «Айқыштан алынған» және «Қабірге қойылған» туындының жетіп артылатынын еске алар болсақ), әңгіме мұндағы дененің көбі шынымен де жартылай желінген болып суреттелгенінде болып тұр.

Ешбір галерея «Салмен» істес болғысы келмеді, есесіне картинаны Англияда құшақ жая қарсы алды, тіпті тұрақты экспозиция етіп алып келді. Ағылшындар шедеврмен жүздесуге жомарттық танытып ақша төледі, француздардың теңіз жолы мен сот ісін жүргізудегі құбыжық ережелерін рақаттана талқыға салды және галлдық (жабайы деген мағынада) мінезі мен әдетін әбден сынға алды. Суретші қайтыс болған 1824 жылдан кейін картина Францияға оралып Луврға қойылды.

«Сосын бөгелместен соңы жоқ шағын бөлмелер арқылы өттік. Жарқыраған алтын түстен көз қарықты. Олар кенепке қадала қалды: картиналар тым көп еді, бәрін көріп шығу мүмкін еместей. Жете түсіну үшін әрбіріне кемі бір сағат уақыт арнау керек қой. Құдайым-ау неткен көп! Шегі жоқ! Осыған қанша ақша кетті десеңші. Кенет Мадинье «Медуза салының» алдында тосылып қалды да сюжетін түсіндіруге кірісті. Барлығы таңырқап, қозғалмай үнсіз тыңдады. Ары қарай жүре бастағанда, Бош көпшіліктің таңданысын «Ғажап!» деген бірауыз сөзбен түйіндеді».i«L'Assommoir» Эмиль Золя.

Теодор Жерико. «Медуза салы». 1819/Louvre Museum/Wikimedia Commons

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді