Брюссельдік шілтер
Әлемдегі ең қымбат шілтер бір кездері шындыққа жанасқан, айтарлықтай мұңлы мифпен байланысты болған.
Шілтершілер өз қолдарымен жасаған әрбір бұйымнан кейін, сөзсіз соқыр болады деп саналды. Шілтер тоқитын ши орауыштан шыққан әрбір шәлісі немесе қыстырма жағасы оларды көз жанарынан айырған деседі. Әсілінде, жағдай мұншалықты ауыр емес еді: өте жұқа шілтер-тор жұқа зығыр жіптерден тоқылатын, жұмыс барысында жіптердің күйрек болып қалмауы үшін, оларды жарық және құрғақ жерде ұстауға болмайтын, сондықтан шілтершілер суға толы, аузы ашық қауға шелектер тұрған қараңғы бөлмелерде жұмыс істеді. Аз ғана жарық сәулесі терезенің сәл ашық саңылауынан бөлменің тек қана бір бөлігіне түсіп тұрды. Әрине, шілтершілердің көбі отыз-қырық жасына қарай дәл осындай шеберлікке қажет көз өткірлігін жоғалтатын, дегенмен көр соқыр болып қалмайтын, әйтсе де, олар бұл кәсіптен бас тартуға мәжбүр болды. Әдетте гүлді болып келетін күрделі өрнектері бар тор бір уақытта тоқылған, бірақ қабат-қабат емес, бір бұйым үшін бірнеше шілтерші ауысыммен жұмыс істеген және бір шаршы метр.
Брюссель шілтерін өндіру үшін шамамен 9000 жұмыс сағаты қажет болған және бұл шілтерді нағыз корольдік әдемілікке айналдырды.
Бүгінде станоктар екі минут ішінде бір метр осыған ұқсас шілтерді басып шығара алады, түпнұсқаны машина жұмысынан ажырату қиын, сондықтан бұл кәсіптің мүлдем жоғалып кеткені емес, тек мұражайлық-мәдени қойылым ретінде қалғанына таңғалудың қажеті жоқ: саяхатшылар шілтершілердің жұмысына таңдана қарайтын орындар бар, бірақ қазір бұл шілтершілердің өзі де машинамен жасалған торлар және машинамен тоқылған жіптермен жұмыс жасайды және мұндай шілтерлер «Брюссельдік» атауын алып жүруі мүмкін бе деген пікірталас Бельгия жұртшылығында кеңінен талқылануда. Ал, көне шілтер үлгілері мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақталған, олардың құны миллиондаған ақша тұрады. Алайда заманауи ханымдар кейде көпшілік алдында осындай қымбат бұйымдармен көрінуі мүмкін. Мысалы, 2010 жылы Швецияның тақ ханшайымы Виктория үйлену тойында швед корольдік отбасының бұрыннан келе жатқан меншігі болып табылатын Брюссельдік шілтерлі желегін киген.