Мезен өрнегі

Мезендіктер тұрмысқа қажетті бұйымдардың бәріне дерлік өрнек салатын болған

Мезен өрнегі қолданылған ыдыс-аяқ / Shutterstock

Өрнек салудың аталмыш техникасы 18 ғасырдың орта шенінде Мезен уездіндегі Палащелье қыстағында пайда болған (Архангель облысы, Ресей). Мезен сайгүліктері мен бұғыларын басқа бедерлермен шатастыру мүмкін емес, — қызыл түсті тікбұрышты денелер, шаян аяқтар, қара түсті ұсақ өрнектер, өрмекшінің торына ұқсайтын нақыштар... Мезендіктер тұрмысқа қажетті бұйымдардың бәріне дерлік өрнек салатын болған — ұршық, қорап, сандықтар, шкафтар, ыдыстар... Алайда ең көп өрнек салынатын бұйымдар қайың қабығынан жасалған — қобдишалар, қорапшалар және асүй ыдыстары. Сайгүліктер мен бұғылар өте ұсақ және жиі қайталанып отырады, сондай-ақ, геометриялық өрнек ішінде сырғып, қозғалып бара жатқандай әсер қалдырады. Егер дөңгелек қобдишаны алақаныңа салып айналдырсаң, суреттегі жануарлар жүгіріп бара жатқан сияқты, бейне бір қарапайым мультипликация көргендей боласың. Мезен өрнегін салу бірнеше кезеңнен тұрады және түрлі аспаптармен орындалады.

Өрнек салмас бұрын, әлі тегістелмеген бұйымға жоса бояу жағылады, бұрын оны шілікпен (екі шеті арнайы түтілген ағаш таяқ) жағатын, сосын құстың қауырсынымен күл пайдаланып жиектейтін, содан кейін адамның шашынан жасалған жіңішке бояу жаққыш қаламмен өрнек салатын. Бұйым ұзақ уақыт қызмет ету үшін бетіне жұқа етіп олифа жағылады, сол сияқты, олифа суретке алтын түс береді.

Мезен өрнегінің ең ерекше тұсы — шаруа-шеберлер бұйымдарына аты-жөнін жазатын болған, (бұл осыған ұқсас кәсіптерге тән сипат емес), сондықтан біз қазіргі кезде 19 ғасырда мезен өрнегін салған шеберлердің аты-жөнін білеміз — Аксёновтар, Кузьминдер, Федотовтар, Шишовтар, Новиковтар.

Бүгінгі күнде Северодвинск пен Архангельскіде мезен өрнегін дәстүрлі әдіспен салуды жалғастырып келе жатқан бірнеше кәсіпорын бар, олардың ең ірілері — «Беломорские узоры»  және «Декор Севера».

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы