Сырмақ

Қазақстандағы ең танымал ұлттық қолөнер түрлерінің бірі

Қарапайым геометриялық өрнектермен, оюлармен безендіріліп, тығыз киізден ойып жасалатын кілемдер — Қазақстандағы ең танымал ұлттық қолөнер түрлерінің бірі. Бір кездері сырмақ әр киіз үйдің еденінен табылатын. Кеңестік дәуірдің соңына қарай қолмен сырылатын сырмақтың орнын тоқыма машинасымен дайындалатын сапалы әрі қолжетімді кілемдер басты. Соған байланысты бұл кәсіп түрі құлдырауға ұшырады. Оған қоса халықтың заманауи үйлерге көшуінің нәтижесінде баспананы ауа райының қолайсыздығынан сырмақпен қорғау қажеттілігі болмай қалды. Алайда соңғы уақытта сырмақ жасау ісі қайта жанданып келеді.

Бүгінгі таңда сырмақ тіршілікке қажетті заттан гөрі өнер туындысы ретінде көбірек бағаланады. Ол еденге төселгеннен гөрі қабырғаға жиі ілінеді. Жеті қолөнерші қолға алса, айына өлшемі орташа (2,5 м-ден 3 метрге дейін) алты сырмақ жасай алады. Сырмақтар жұптап жасалады. Алдымен киіз иленіп, боялады, содан кейін әртүрлі түсті киіз қабаттары бір-бірінің үстіне қойылып, ойылады, демек айнадан көрінгендей ұқсас өрнектер пайда болады. Содан кейін әр түсті кесектер бір-бірімен қиюластырылып, екінші төсеніштік киізге тігіледі де түрлі түсті баумен көктеледі. Нәтижесінде екі бірдей сырмақ шығады. Өрнегі неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көп еңбекті қажет ететіндіктен, мұндай өнім қымбат тұрады. Алайда дәстүрлі сырмақтың өрнектері біркелкі, қарапайым және көзге кереғар көрінетініне қарамастан, солғын түсті болып келеді. Мұның себебі, сырмақтың асыра әлеміштенген түрі бұл өнімнің дәстүрлі қолданылу мақсатына сәйкес келмейді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді