Вейфан жыландары

Ұшатын айдаһарлар, тұқылар және феникстер

Вэйфандағы батпырауықтар фестивалінде ұшырылған елес батпырауығы, Қытай. 2005 жыл / Alamy

Бүгінгі таңда аспанған шарықтап ұшатын жүз батпырауықтың (әуе жыланы) сексен бесі Қытайдың Вэйфан қаласында жасалған. Қытайлар бүгінде бүкіл дүние жүзінде көпшілік ұнатқан ойын-сауықтың осы түрі сол Вэйфан қаласында ойлап табылған деп санайды. 1985 жылдан бастап қалада дүниежүзілік батпырауықтар фестивалі өткізіліп келеді, осы бір аспан тұрғындарын жасап шығаратын негізгі компаниялар сол жерде шоғырланған.

Батпырауықтар туралы алғашқы жазбаша мағлұмат біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырға жатады, кейіннен олар Қытай әскерінде белгі беру құралы ретінде жиі қолданылатын және кейде әскери жалаулардың орнына жүретін. Оларды «әуе жыланы» деп атай бастаған осы ұшқыр құрылмаларды «жыланның басы мен табанына» ұқсатқан шетелдіктер еді, ал қытайлар үшін бұл әуе жыланы, әрине, айдаһар болатын және солай болып қалды да.

Кейіннен ғалымдар батпырауықтарды атмосфералық құбылыстардың түрлі қырларын байқау үшін пайдалана бастады. Дәстүрлі мысал ретінде бұл жерде, әрине, Бенджамен Франклиннің батпырауыққа байланған мыс кілтке найзағайды тартуға тырысуын келтіруге болады. Ежелгі қытайлар сонымен қатар үлкен батпырауықтармен ұша білген. Мысалы, осылайша көтеріліп-төмендеу тәсілін кейде таудағы монастырлардың қызметшілері пайдаланған, ал 20 ғасырдың басында еуропалықтар барлаушылар мен артиллериялық атыс түзетушілерін әуеге көтеруге мүмкіндік беретін, кәдімгідей жақсы жұмыс істейтін құрылмаларды жасады да, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде батпырауықтар осылайша жиі пайдаланылды.

Қытай батпырауықтарының дәстүрлі пішіндері алуан түрлі болып келеді, олар — қазір әлемде ең кең тараған қарапайым жайпақ ромб және айдаһар, феникс немесе тұқы балық түрінде жасалған күрделі қорапты құрылмалар.

Вэйфан халықаралық батпырауық фестивалі Вэйфанда өтіп жатыр, Шаньдун, Қытай. 2021 жыл, 17 сәуір / Alamy

Әйтсе де дәл осы вейфандық батпырауықтар Қытайда ең дұрыс әрі түпнұсқа болып саналады. Вэйфан өндірісін дәстүрлі кәсіпшілік деп атаған дұрыс емес, себебі бұл өндірісті шектейтін қандай да бір қатаң ереже жоқ, кез келген өндіруші технологияларды да, материалдарды өз бетімен батыл қолдана алады. Ол да бекер емес шығар, бүгінгі жыландарды басқару тәсілдері, күрделілік дәрежесі, безендірілуі мен қозғалысы ежелгі батпырауықтардың мүмкіндіктерінен бірнеше есе асып түседі. Тек жекелеген майдагер шеберханалар ғана батпырауықтарды қазіргі заманғы материалдарды пайдаланбастан, тек қағаздан, мата мен ағаштан дәстүрлі жолмен жасап шығарады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді