Асатаяқ петроглифінің жұмбағы

Екі әлем арасын жалғаған ежелгі тасымал құралы

Қарабас-1 Кластері/Ольга Гумирова

Ертегілердегі сыпыртқы мінген мыстан мен Қарабас-I орнындағы петроглифтегі асатаяқ ұстаған адам екеуіне ортақ не бар?

Біз сөз етпек болып отырған бейнені 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан, Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Тарбағатай тауларының оңтүстік сілемдеріне жасаған экспедиция кезінде тарих ғылымдарының докторы А.Н.Марьяшева бастаған топ тапқан болатын. Тауға қашалған суреттердің мол шоғыры жөнінде ақпаратты алғаш Үшарал шекара бекетінің командирі А.А.Әкімбеков жеткізген. А.А.Әкімбеков бала күнінен тарихқа қызыққанымен, бірақ әкесінің жолын жалғап, әскери қызметті таңдаған. Алайда өзге салада жүргеніне қарамастан, ол Қазақстан тарихын зерттеу ісіне де өз үлесін қосты. Тасқа қашалған петроглифтерді ол өзіне қарауға берілген аймақты кезіп жүріп байқап қалған.

Асатаяқ. Қарабас-1. Иллюстрация/Ольга Гумирова

Көпшілігіміз аталған бейнеге қарап, ежелгі адамдардың күнделікті күйбеңінен артық ештеңе жоқ деп санауымыз мүмкін (отар малды айдаған бақташыда тұрған жұмбақ не бар дейсің!). Дегенмен көзі қарақты жұрт бұл бейнені Мұса я Иса Мәсіхпен байланыстыру да мүмкін. Өйткені біздің санамызда бақташы бейнесі ежелден бері дәл осы аты аталған пайғамбарлармен астастырылып келеді.

Дегенмен аталған бейне біз ойлағандай қарапайым емес.

Аталған петроглиф христиан діні былай тұрсын, бәлки Көне Өсиеттің негізінде жатқан мифтер мен аңыздардан да бұрын пайда болуы бек-мүмкін. Аталған петроглиф ерте қола дәуірінде қашалған (біздің дәуірімізге дейінгі 2 мың жыл бұрын). Мұны бейнедегі бақташының аяғына киген етік дәлелдейді. Айталық, археологтардың айтуынша, осындай етіктерді осы бір аймақты ерте қола дәуірінде жайлаған андронов тайпаларының өкілдері киген көрінеді. Оның үстіне асатаяқ ұстаған адамның айналасындағы аңдарды мал отары деуге де келмейді. Олар қолға үйретілген жануарлар емес әрі шын мәнінде бірге жайылып жүрген жоқ.

Асатаяқ. Қарабас-1. Иллюстрация/Ольга Гумирова

Осыған қарап бас кейіпкері қолына асатаяқ ұстаған малшы мен салт атты біреу болған аталған бейне, қандай да бір мифтің көрінісі деп жорамалдауға болады. Салт атты кісінің басына мұқият зер салар болсақ, әлсін-әлсін ғана көрінетін, көп бөлігі мүжіліп кеткен қауырсын-сәуле шашқан айрықша бас киімнің болғанын байқауға болады.

Мұндай бас киім мен асатаяқ — әлеуметтік ортасында салмағы бар адамдарға тиесілі атрибуттар саналады: тайпа көсемі, бақсы, пайғамбар я Құдай.

Асатаяқ. Қарабас-1. Иллюстрация/Ольга Гумирова

Тек Қарабас-I қасиетті орынында аталған кейіпкерлер неліктен бейнелегенін анықтау ғана қажет болып тұр?

Этнографтардың айтуынша, рухтар әлеміне виртуалды сапар жасаған айрықша жоралғы кезінде Сібір халықтарының бақсылары сылдырмақ шыққанға дейін асатаяқты қолданған. Тіптен зікір кезінде асатаяқты әлі де қолданатын бақсылар бар екен. Эвенкілер мен буряттардың арасында әртүрлі ағаштан жасалған асатаяқтың екі түрлі тіркеліп отыр. Асатаяқтың бір ұшында бұғының басы тұрса, екінші ұшында аттың басы ойылған. Арғы әлемге жасайтын сапары кезінде бақсылар жолға «бұғының басын» алса, ал Жер асты әлеміне аттану үшін аттың басын қолданған.

Осы бір ақпарға қарап, жылқы жетектеп бара жатқан тасқа қашалған бейнедегі шау тартқан кісі (суретші егде жастағы адамның бейнесін шебер қашаған) негізінде, Жер асты әлеміне кетіп бара жатыр деп жорамалдауға болады. Ал оның қандай мақсатпен аттанып бара жатқаны бізге белгісіз.

Айтпақшы, еуропалық мыстандар сенбілік жиынға аттанғанда мінетін сыпыртқы — осы әлеммен арғы әлемнің арасын жалғайтын қозғалыс құралы болған біз сөз етіп отырған асатаяқтан тарағанын тілге тиек еткен жөн.

Тарбағатай табиғаты/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді