Билік пен бейбастық түсі
Сары өзен, сары патша һәм порнография
Қытай мәдениеті сары түсті ерекше құрмет тұтады. Мұның сыры неде?
Cарыөзенді (Хуанхэ) «күллі Қытайдың анасы» деп атайды. Өйткені аталмыш өзен алабының орталық бөлігінде тұнба шөгінділерінен пайда болған құнарлы Лесс үстіртінде Қытай өркениеті қалыптасты. Бұл тек әншейін аңыз емес. Қытайлық археологтар Хуанхэ өзенінен оңтүстікке қарай екі шақырымдай жерде орналасқан орталық Хэнань провинциясында кем дегенде 5300 жыл бұрын болған үлкен қаланың қирандыларын тапты.
Бәлкім, дәл осы көне қала бір кездері Қытайдың алғашқы мифтік императоры Хуан Ди басқарған, халық арасында оны Сары деп те атаған екен. Қытайдағы даосизм философиясын «сөзбен сипаттауға болатын дао нағыз дао емес» философиясын құруға себепкер болған Хуан Ди бүкіл қытайлықтардың алғашқы атасы болып саналады.
Ол қай заманда өмір сүрді, тіпті ол өмірде болған адам ба, белгісіз. Оның бейнесі адамдарға аспаннан от жеткізген, сөйтіп адамзатты оттың көмегімен ас пісіріп, құмыра, кетпен, тағы да басқа тірлікке қажет құралдар жасауды үйреткен грек титаны Прометейдің бейнесіне келіңкірейді. Хуан Ди адам өмірін жеңілдеткен көптеген өнертабыстарымен де танымал. Ол адамдарға арба, қайық жасауды, ағаштан үй салудың тәсілін көрсетті. Көзеші шарығын ойлап тапты, жазуға баулыды, күнтізбе мен бамбук ағашынан флейта да жасап шығарды. Таңғалатыны жоқ, Қытай әдебиетінде көне дәуірге тап болған қазіргі адамдар туралы шығармалар бар, ондағы қаһармандар сан қилы шытырман оқиғаларды еңсеріп шыққан соң Хуан Ди атанып жатады.
Неліктен Хуан-Ди «Сары император» аталды? Иә, қытайлықтарда осы түспен байланысты идеялардың тұтас кешені бар.
Ежелгі қытайлардың көзқарасы бойынша ғаламның негізгі параметрлерін анықтайтын у-синнің бестік құрылымындаi
Бірақ, ең бастысы, қытай тілінде көптеген басқа тілдердегідей «сары» және «алтын» сөздері бір ұғымға саяды. Орыс тілінде де бұл сөздердің шығу тегі ортақ, көптеген герман тілдерінде жақын мәнді сөз ретінде қарастырылады.i
Қытайлықтар үшін «сары» (黄, хуан) шын мәнінде «алтын» (金黄, джин хуан, сары металл) дегенді білдіреді. Сондықтан көптеген халықтың алтын жүрек, алтын ғасыр немесе қолы алтын деген мақтау мәніндегі сөз тіркестеріне қытайлықтар «алтынның» орнына «сары» сөзін жалғап айтады. Ал патшаның лақап атын «Алтын патша» деп аударсақ, дұрысырақ болар еді, бірақ тарихи тұрғыдан ол басқаша болып кетті.
Қытайда сан ғасырлар бойы сары түсті киімдер киіп, аксессуарларды тағынуға тек патшалар немесе ақсүйектердің ғана хақы болған, ал қараша халық сары түсті киім кимегені анық, себебі бұл өлім жазасына кесілгендердің киімі еді.
Біздің заманымыздың екінші ғасырында болған ауқымды көтерілістің бірі «Сары шүберек байлағандар» көтерілісі деп аталды. Себебі кейін Хан әулетінің жексұрын үкіметін құлату үшін бәріне баруға дайын екенін көрсеткісі келген төңкерісшілер бастарын сары шүберек орап алды. Ол кезде бұл түске тыйым салынған-ды. Көтерілісшілер жеңісінен кейін «Зұлымдықтың көк аспаны» «Әділеттің сары аспанымен» ауыстырылады деп мәлімдеді. Жаппай тәртіпсіздік жиырма жылға жуық уақытқа жалғасты. Қара халық қатігездікпен жаншылды, мемлекет үш тәуелсіз патшалыққа ыдырап кетті. Екі тарап та жеңілді.
Соған қарамастан, ашық, қанық реңді сары түс тыйым салынған империялық түс болып қала берді.
Сары түсті патша халаты Қытай сарайында еуропалық соттардағы тәждің рөлін атқарды. Солтүстік Сун әулетінің негізін қалаушы, әскери көтеріліс нәтижесінде билікке келген қолбасшы патша Чжао Куанин (927 ж., 21 наурыз – 976 ж. 14 қараша) туралы мынадай әңгіме бар. Көтеріліс кезінде солдаттар мен офицерлер Чжао Куаниннің бөлмесіне баса көктеп кіріп, оған алтынмен кестеленген сары шапанды күшпен кигізіп, сөйтіп оны жаңа патша етіп сайлаған.
Цин династиясы кезінде (1636–1911) император ерекше еңбек еткен шенеуніктерді сары магуаi
Патша мінген күйме — «Сары үй», патша жүрген жол «Сары соқпақ» деп аталды, тексеріс сапары кезінде патшаның үстінен желбіреген жалаулар да сары түсті болған. Хандық биліктің мөрі сары матаға оралған. Ал қызыл қабырғалары мен сары тақтайшалары бар ғимараттарда тек патша әулеті ғана өмір сүретін. Мұндай ғимараттар Бейжіңдегі «Тыйым салынған қалада» әлі күнге дейін сақталған.
Ма Лиi
Тарих ғылымдарының докторы Ян Хайюнь және оның аспиранты Лю Юйхуэй былай түсіндіреді:i
1) Бақыт пен табыстың нышаны: мысалы, император болу немесе жеңіске жету — сары шапан кигізу,i
2) Ұзақ өмірдің нышаны: сарғайған шаш пен ала арқа,i
3) Жоғары адамгершілік қасиеттің символы: қарттық пен сары гүлi
Буддизм мен даосизмде сары түс — қасиет, тақуалық пен салтанаттың символы. Буддистердің, әсіресе Тибеттегі Гелугпа мектебінің киімдері сары түсті. Сондықтан болар, моңғол тілділер буддизмді «Сары дін» деп атайды.
Бірақ бұның бәрі жайдан-жай емес. Ян Хайюн мен Лю Юйхуэй атап өткендей, 黄 (сары) иероглифінің Қытайдың ауызекі тілінде жиі қолданылатын басқа да бірнеше мағынасы бар:
1) Сәтсіздік символы: кәсібі сарғайдыi
2) Өлім нышаны: сары бұлақi
3) Сырқат түрі: сары бетi
4) Пісіп-жетілмегендіктің белгісі: сары шашты қызi
5) Порнографияның символы. Қазіргі Қытайда сары түс көбіне порнографиялық материалдармен байланыстырылады, мысалы, сары түсті картинаi
Өлім мен сырқатты түсінуге болады, яғни ежелгі Қытайдың «сары» ақыретімен байланысты делік. Ал порнографияны ше? Қасиетті империялық түстің мағынасы Қытай жерінде қалайша жаман жағына өзгеріп кетті? Иә, бұған сары түске екіұшты көзқараспен қарайтын Батыс мәдениетінің шабуылы кінәлі. Айталық, «Сары үй» (психикалық науқастар ауруханасы) немесе «сары баспасөз» сияқты негатив мәнді тіркестер.
Журналист Эрвин Уордман 20 ғасырдың басында расталмаған сенсациялар мен әртүрлі лас айла-амалдар арқылы танымал болғысы келген басылымдарды сипаттау үшін қолданған «сары баспасөз» термині бүкіл әлемге тарап кетті және Аспан асты патшалығына да жетті. Бұл сөз тіркесі алғаш рет 1936 жылы Қытайда шыққан сөздікке енді, оның мағынасы «таблоидтық жаңалықтар мен төмен дәрежелі сенсацияларға құштар оқырмандарды тартатын төмен дәрежелі басылымдар» деп түсіндірілді. Бірте-бірте «сары» сын есімі порнографиялық әдебиеттерге, газеттерге, фильмдерге және телехикаяларға қатысты қолданыла бастады.
Жақында Хайнан провинциясы үкімет басшысының орынбасарларының бірі Лин Фанлюй ашуға булығып: «Сары патшаның (Хуан Ди) ұрпақтары ретінде қытайлар үшін сары түсті порнографиямен байланыстыру дегенің барып тұрған көргенсіздік. Сөз бен ресми іс-қағаздарда «сарыдан тазарту және заңсыз әрекеттермен күресу» деген сөзді қолдануды тоқтатып, оны «порнографияны жою және заңсыз әрекеттермен күресу» деген сөз тіркесімен алмастыру қажет!», – деді. Бірақ оның бұл ұсынысына әлі де жауап жоқ.