Алматыны «абаттандыру»

Бұл туралы 20 ғасырдың басында не жазған?

19 ғасырдың аяғындағы Алматы/Wikimedia commons

19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары халықтың сауатын ашып, білім беруге белсенді кірісті. Дала және Түркістан өлкесінде қазақ тілінде газеттер мен журналдар шыға бастады. Көп өтпей іскерлік, қоғамдық-саяси, көркем өнер мен әзіл-оспақ бағытындағы баспалар пайда болды. Qalam оқырманға қазақ баспасөз мұрасының кейбір үзінділерімен танысып, өткен ғасырдың өзекті болған мәселелеріне шолу жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Алматы жолдары мен қаланы абаттандыруға қатысты шағымдар қазір ғана қозғалып отырған мәселе емес. Алматы қаласында басылып шыққан «Семиреченские областные ведомости» газетінде ластық пен батпақ, сонымен қатар биліктің бұл жағдайды өзгертуге енжарлығы жайлы тұрғындар шағымы жиі жарияланатын. Газеттің 57-нөмірінде «Өміріміздің көріністері» бөлімінде «Ат қоюды азайтып, іске көшіңдер» («Поменьше названий, побольше дела») деген тақырыппен наразы тұрғынның хаты басылған еді:

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

«Алматыда жарқыраған атаулардан көз сүрінеді. Егер біреу «Алматы қаласының гидін» шығарып, сол гид империяның астаналық немесе басқа тұрғынының қолына түссе, ол Алматыны теміржолдың және басқа да қатынас жолдарының жоқтығына көз жұма қарап, шімрікпестен бұл қаланы жердегі жұмақ деуден де тартынбас. Сол гид мынадай атаулар ойлап табар еді: «Еуропа» — Грязнова, «Византия» — Миалоблишвили, «Қонақ үй» — Прокофьева, «20 ғасыр» — Сейфуллина, «Реноме» — Румша.iдүкен, мейрамхана, қонақүй мен кинотеатрлардың атауы Егер оған «Термы» — Титова мен Жиленкова және шаштараз «Гигиена» — Белова қосылса, Алматы теміржолы бар кез келген мәдениетті қаланы шаң қаптырар еді. Көп адам Алматыға қоныс аударуға құмар болар еді, өйткені Ресейде және Сібірде гидсіз-ақ «Алматыдағы ғажайып арзаншылық» туралы аңыздар тарап жүр...».

Хат авторының ирониясы шегіне жетіп, ол бүкіл өлке жолдарының және қаланың абаттандыру жағдайын ашық сынай бастады:

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

«Біз үшін, осы жердің тұрғындары үшін, даңғаза атаулары бар мекемелеріміздің артықшылығы мен кемшілігі жайлы ой қозғау оңай. Ал енді «Алматы қаласының гидін» оқып алған қонақтардың орнына өзіңізді қойып көріңізші... Дегенмен қонақтарды уайымдаудың қажеті жоқ: Алматыға біреудің аман-есен жете қоюы екіталай, тіпті жолда келе жатып, өзіне қол салып тынуы мүмкін. Егер сондай қызба мінезді біреу Алматыға жеткен күннің өзінде, біздің өлкенің «ыңғайлы» жолдарымен жүріп өткен соң, оған Грязновтың «Еуропасы» пайғамбардың жұмағындай көрінері сөзсіз, бірақ ол тек алғашқы әсерге дейін ғана. Ал кейін... кейін бәрібір өзіне қол салуы мүмкін, өйткені сол қиын жолмен кері қайту қасіретіне бел бумасы анық.

Қаламызды жарқыраған даңғаза атаулармен безендіргеннен не пайда? Генерал Колпаковский даңғылы, Пушкин, Гоголь, тіпті Гурдэ көшесі деп атақтылардың есімдерін таңып қойғанмен, олардың басқа көшелерден қандай айырмашылығы бар?

Көшелер — сол баяғы: күлімсі иіс, батпақ, тротуарлар мен тас жолдар тағы да жоқ, әлсіз «жыпылықтаған» шамдар… Мұндай көшелерді ұлы адамдардың атымен атау — сол тұлғалардың есімдерін қорлаумен тең.

– «Әй, Пушкин мырза, саған қандай көше арнаған десеңші! Өміріңде біраз күнә жасаған шығарсың, бізге енді соларды өтеуге тура келіп отыр», – деп айтар еді қарапайым қала тұрғыны.

Базар алаңын «Келісім алаңы» деп дабыра қылып атағаннан не пайда? Атауы өзгергенімен, көшелер даңғылға, базарлар нағыз «Келісім алаңына» айналмайды ғой. Олардың бүгінгі жағдайы сол күйінде қала бермек. Бұл жағдай атауларды ойлап табуды қойып, шынайы абаттандыруға кіріспейінше оңалмайды. Ал егер атаулар керек болса, уақыт өте өзі-ақ табылады».

Семиреченские Областные Ведомости/ашық дереккөздерден

«Семиреченские областные ведомости» газеті Алматыда 1870 жылдан бастап аптасына бір, ал 1884–1918 жылдар аралығында жетісіне екі мәрте шығып тұрған. Бұл өлкенің басты баспасөзі болған. Аталған газетте әлем жаңалықтары, жергілікті оқиғалар, қылмыстық хроника, жарнамалар мен хабарландырулар басылған. Газет қос тілде шыққан және қазақ тіліндегі нұсқасының мазмұны орыс тіліндегі нұсқасынан айрықшаланған және ол «Түземдік бөлім» деп аталған.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді