Қазақ қалыңдығының киімі

1895 жылғы дала сәні

«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халықтың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam түрлі дәуірден бізге кеп жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа айдар қосты. Осы жолы қазақ қалыңдығы киімінің фотосуреттерін ұсынып отырмыз.

Ұшы-қиыры жоқ даладағы ең оңай нәрсе — жұлдыздай ағып бара жатқан қазақ қалыңдығын алыстан тану. Басқалай болуы мүмкін де емес, себебі оның көп ретте ашық көк не қызыл түстен тұратын киімінен бастап қымбат металдардан соғылған, жалт-жұлт еткен шолпы-шашбауы мен сырға-сақинасына дейінгі сырт келбеті көрінісі бірден көз тартады. Әсіресе сәукелесіне айрықша мән берер едіңіз. Конус түріндегі бұл биік бас киім адам бойының жартысы шамалас. Оны барқыт не жібек матамен қаптайды, алтын-күмістен соғылған түрлі әшекей тағады, тізбектеп моншақ іледі, бағалы тастармен көмкеріп сәнін арттыра түседі. Үкінің қауырсынын, болашақ отанасының жүзін мұнарлап жауып тұратын перде тағады. Сондықтан, әрине, мұндай киімдегі қалыңдықты ат үстінде құстай ұшып, желмен жарысқан күйде де жазбай тану — оңайдың оңайы.

Бұл фотосуреттерді 1895 жылы Ақмола облысында Жюль де Кювервиль түсіріпті. Франция теңіз әскері флоты штабының болашақ бастығы қазақ даласына Сібір мен Орталық Азияны аралаған саяхаты барысында келген екен.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді