«Сұлулық үшін өлдім мен…»
Америкалық пастораль
Сұлулық үшін қиып жан,
Табытқа жатқаным сол еді,
Сұрады көршім де кенеттен:
«Өлімнің не екен себебі?»
«Сұлулық үшін де», – дедім мен,
Түнекке сіңісіп іргеміз.
«Менікі ақиқат кеселі,
Біз дағы сенімен біргеміз».
Мүк әлі ерінге тимеген,
Есімді жаппаған жағалай,
Сәтте біз жаттық та сыбырлап,
Қарындас пенен ағадай.
Эмили Дикинсон (1830–1886) — үлкен Америка поэзиясының ең маңызды, сезімтал тұлғаларының бірі. Бұған сенудің өзі қиын, дегенмен Тейлор Свифт — оның туысы (әрине, алыс туыс болып келеді, бірақ бұл да бір тарих).