АЛҒАШҚЫ СҮҢГУІР?

Ежелгі заманның сүңгігіштері

АЛҒАШҚЫ СҮҢГУІР?

Өзеннен жүзіп өтіп жатқан ассириялық «сүңгуір» . Б.д.д. 9 ғасырдағы барельеф/British Library

Британ мұражайында кем дегенде үш мыңжылдық тарихы бар ассириялық барельеф сақталған, ол Калхудағы Ашшурнацирипалдың Екінші сарайын қазған кезде табылды. Тас тақтайдан біз ішіне ауа толтырылған ешкінің тері-жүнінен шығып тұрған қамысқа тас кенеше жабысып, су астында жүзіп бара жатқан адамды байқаймыз.

«Алғашқы сүңгуірге» арналған мақалалар танымал басылым беттерінде жиі кездеседі, алайда мамандар бұл сүңгуір емес, құтқарудың осыған саятын ежелгі нұсқасын пайдаланып, өзеннен сүңгіп өтіп бара жатқан жүзгіш адамның бейнеленгенін алға тартады.

Ежелгі сүңгуірлер немесе губка аулаушылар мен маржан жинаушыларды замандастары өте жақсы сипаттаған, олар өздерімен бірге ауа толтырылған тері-жүнді алып шықпаған, себебі ол су түбіне тереңдеп енуге кедергі келтірер еді, ал ауыр тас немесе сені керек болса шығарып алуға мүмкіндік беретін тартып қалатын жіп өте маңызды зат болып саналады, бірақ ауа толтырылған тері-жүнмен бірнеше метрге де жүзе алмайсың, керек болса ол сені судан иектеп, шығарып жібереді. Айтпақшы аталған сарайда дәл осы тақырыпты бейнелейтін тағы бір барельеф бар, бірақ онда сарбаздардың жүн-терінің көмегімен су бөгетін кесіп өтуге ұмтылып бара жатқан бейнесі айдан анық бейнеленген.