«Орта ғасырлардағы Батыс өнері» курсында тарихшы-медиевист Олег Воскобойников орта ғасырлардағы көркем мәдениеттің маңызды әрі көпшілікке таңсық ескерткіштерін танытып, оларға орта ғасыр адамының көзімен қарауға жәрдем қылады. Орта ғасырдағы суретшілер періштенің түр-сипаты қандай болғанын, яки тозақ азабын қалай бейнелеуге болатынын қайдан білген? Сауаты аз шіркеу қызметкері «Киелі кітапты оқып, витраждар мен фрескаларға ұғына көз тастай алды ма, шынында суреттің қандай қызмет атқарғанын қайдан білген?» сынды сауалдарға жауапты курстың үшінші дәрісінен біле аласыз.
Модель, топос,i
Қасиетті Жазбадағы бір-бірімен байланысты үш-төрт сөз 12–13 ғасырларда өмір сүрген адамның жады мен қиялында мағыналық синтагма туғызғанын елестетуіміз керек, бұл қазіргі заманның әдебиет жағынан білімді адамы сүйікті ақынының шығармасынан өзіне таныс үзіндіні естігенде оны түйсікті негізде дауыстап немесе іштей жалғастырып оқығанына ұқсас. Көп жағдайда бірнеше сөзде шоғырланған түрде догмат немесе бейнелер әлемі жасырылады.
Өнер осы экзегезаның және онымен байланысты еуропалық адамның ғалам бейнесінің ажырамас бөлігіне айналды:
«Ескілікте — жаңалық және жаңалықта — ескілік»
Айталық, әулие Нолалық Павлин3
Сонымен қатар храм қабырғасында немесе қолжазба беттерінде бүкіл Қасиетті Жазбаны немесе тіпті інжілдегі бүкіл оқиғаны ешкім бейнелей алмады. Демек көріністерді таңдау түсіндірмеге айналды, ал оны біз, мейлі, ол фреска, мозаика немесе миниатюралар циклы болсын, нақты бағдарламаны зерттегенде нақты контекстіде талдауға тиіс боламыз. Біз неліктен бір циклде, мысалы, Мәсіхтің балалық шағына, екіншісінде Оның жасаған ғажайыптарына, ал үшіншісінде Шабытты циклге8
Сурет қандай қызмет атқарады?
Германиядағы Оттон дәуірінде Інжіл циклін бейнелеуді ұнататын, 10–11 ғасырлар тоғысында жазылып, керемет суреттермен көркемделген қолжазбалар сақталған. Бенедикт монахтарынан бастап императорларға дейін, суретшілер мен оларға тапсырыс берушілердің биік рухани мұратына адал екенін жеткізетін көптеген көрініс шынымен жан тебірентеді. Бірақ бұл көріністер өзінше ықшам, жинақы, әрбір ым-ишараны оның мәнерлілігіне орай түсіну оңай. Шындығында, бұл жерде адамдардың фигуралары бір кездері Ганс Янцен айтқандай, өзіндік «іс жүзіндегі ым-ишараға» айналды.
Кейінгі Орта ғасырларда циклдар ауқымы кеңейіп, әңгімеге деген талғам ұрпақтан ұрпаққа күшейе түсті. Париждегі Сент-Шапельде ол шарықтау шегіне жетуге жақындады: мұнда 1240 жылдары алып ғимарат жаңа ғана Константинопольден әкелінген Тікенді шірді сақтау үшін сәулеттік жәдігерлер қоймасын қасиетті жазбадағы оқиға көріністері әйнекте іс жүзіне асқан витраждармен толық әшекейлеу керек болды. Осынау көркемдеп баяндау тәсілінің байлығы мен кемелділігі тұзақ болып шықты: бүгін де, бәлкім, ол кезде де мұндай Библияны басынан аяғына дейін оқу мүмкін емес, ал әңгіменің өзегін, негізгі ойын немесе тіпті арқауын анықтау туралы тіпті айтпаса да болады. Бұл витраждарға қарап уағыз айту ешкімнің ойына да келмес еді.
Кейде ерекше туындыда, мысалы, литургиялық қолжазбаның арнайы мұқабасында және тіпті піл сүйегінен жасалған бір тақтайшада бүкіл дерлік эсхатология, адамзаттың тағдыры мен Қиямет соты13
Осылайша бедер салушы (және оның артында тұрған тапсырыс беруші — аббат немесе епископ) бұл өмірде болған нақты оқиға — Мәсіхтің өлімі туралы әңгімеледі, ал қалған үш көріністе өлгеннен кейін Қайта тірілу туралы және осыған орай бәрімізді не күтіп тұрғаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап өтетіні, осынау өте маңызды үш көрініс жеке тақташаларға емес, дәл негізгі сюжеттің ішіне орналастырылған, бұл бір-бірімен байланысты болса да, әртүрлі оқиғалардың үндестігі емес, бұл бір мезгілде тым ұзақ және қысқа, біртұтас, «икондық» мета-бейне және мета-әңгіме.
Ортағасырлық өнердің осынау дәстүрлі тәжірибесін көрсететін қызықты мәтін сақталған. Шамамен 1200 жылы ағылшын цистерцианшысы, бәлкім, Дорлық Адам өз заманының суретшілері мен мүсіншілеріне тым көп еркіндік берілгеніне риторикалық түрде ашуланып, «Өлеңдегі суретші» (Pictor in carmine) дидактикалық поэмасында Жаңа және Ескі Келісімдердің нақты көріністерін типологиялық салғастыру ережелерін белгіледі. Қолжазбаларда Інжіл эпизоды қызыл түспен белгіленген немесе жиектерге орналастырылған және оған дәл сондай қысқа фразалар арқылы қысқаша жазылған Ескі Келісім эпизодтары қоса берілген. Дегенмен монахтар мен шіркеудің кейбір беделді адамдары суретшілердің жұмысына қалай қарағанын түсіну үшін поэманың мақсаты мен міндетін түсіндіретін шағын, бірақ айқын жеткізілген автордың кіріспе сөзі әлдеқайда қызық. Бұл мәтінді толық келтірейін.
«Құдайдың киелі орындарында әсемділіктен гөрі ойға қонымсыздық пен ұсқынсыздық жиі кездесетініне қынжыла отырып, мен шамам жеткенше дінге берік адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасына әлдеқайда өнегелі әрі пайдалы ақыл азығын беруді жөн көрдім. Біздің замандасымыздың назарына сан алуан сорақы нәрсе, жалпы пендешілікке тән ұсақ-түйек ұсынылып жатыр, ал қазіргі кездегі шіркеулерден түкке тұрғысыз суреттерді жай ғана алып тастау мүмкін болмайтындықтан, менің ойымша, кафедралық және көпшілікке арналған ғибадат ету рәсімдері өткізілетін приход храмдарында дінге адал жандарды қуантатын және қарапайым адамдарға арналған кітап сияқты жай адамдарға Құдай жіберген таңғажайып мағынаны ашатын, ал білімді адамдарды Жазбаны жақсы көруге баулитын бейнелердің болғаны жөн. Бірнеше мысал ғана келтірейік. Шынында да, қайсысы лайықтырақ, қайсысы пайдалырақ: Құдай алтарінің үстіндегі екі басты қырандарға, төрт денелі, бірақ бір басы бар арыстандарға, садақшы-кентаврларға, ашулы акефалдарға, айлалы логикалық химераға, түлкі мен әтештің ойын-сауық құрғаны туралы бос аңызға, флейтада ойнайтын маймылдарға және Боэцийдің лирасы мен есегінеi
Сонымен суретшілердің мұндай жүгенсіздігін тоқтату үшін немесе, дәлірек айтсақ, кескін жасауға рұқсат етілген шіркеулерде нені бейнелеу керектігін үйрету үшін мен Ескі және Жаңа Келісімдегі оқиғалар туралы дәлелдерді жұп-жұбымен жаздым, ал үстіне Ескі Келісімдегі оқиғаны қысқаша түсіндіретін және оны Жаңа Келісімдегі тарихпен байланыстыратын дистихтердіi
Бұл «симфония» Жазбаны өте жақсы білетін адамдарға арналған, ал оның поэтикалық формасы дәстүр бойынша дидактикалық мақсатта, есте сақтауды оңайлату үшін қолданылған. Автор Ұлы Григорийден17
13 ғасырда Францияда тараған «ақыл үйрететін» немесе «адамгершілікке тәрбиелейтін библиялар»i
1220–1240 жылдарда француздың король отбасы үшін сәнді-салтанатты көркемделген қолжазбалар сериясы жасалды және оған негізді түрде Сент-Шапель витраждары тұжырымдамасын байланыстырады. Жүздеген беттен тұратын осынау үлкен пішіндегі кодекстерде библиялық оқиғалар француз тіліндегі библия мәтініне өте қысқаша сілтемелер және бір-біріне жақын орналастырылған таңбалардағы көріністер арқылы әңгімеленген. Осы көріністердің барлығы бір-бірінен ажырамас тұтас дүниеге айналып, оқырман мен көрерменге ақыл-ой мен көзбен көру жұмысының өзіндік ырғағын береді. Сегіз таңбадан тұратын миниатюралық «витраждың» екі шетіндегі бағаналардан король қасиетті тарихтың ұқыпты жазылған үзінділерін және онымен кезектескен моральдық түсініктемелерді көрді. Ал бір парақта сегіз көрініс пен ондаған кейіпкерді қамтитын миниатюра негізінен не ол, не бұл моральдық мәселемен байланысты Ескі және Жаңа келісім сюжеттерін салыстыруға құрылған. Мұндай Библияны бізге үйреншікті тәртіппен оқып көруді елестету мүмкін емес, оның герменевтикасы тым күрделі.
Көптеген ортағасырлық ойшылдар Папа Ұлы Григорийдің үлгісімен «тарихилық» пен ұстаздық — діни өнердің басты міндеті деп білді. Шынында да ол өзінің бұл міндетін ешуақытта ұмытқан емес, бірақ ешқашан жалғыз онымен шектелген жоқ. Қажет болған жағдайда, ол христиандық Аянның мазмұнын пұтқа табынушылықтан шыққан бейнелермен немесе ресми Шіркеу мойындамаған ілімдер мен мәтіндердің, яғни апокрифтердің есебінен толықтырудан қорықпады. Ерекше кең тараған апокриф «Апостол Павелдің көрген елесінен» (Visio Pauli) иконография және о дүние туралы, әсіресе, тозақ азабы туралы жалпы түсінік пайда болды, оның квинтэссенциясы Дантенің «Комедиясы»18
Періштелердің бар екеніне ешкімнің күмәні болған жоқ, бірақ Библияның ешбір жерінде олардың қанаты бар деп айтылмайды. Адамның қиялы оларға ұшу үшін қажетті аспапты «бекітіп берді», ал антикалық көркемдік дәстүр қиялға «материалдық демеу» ретінде қанатты әйел-құдай Ника-Виктория бейнесін ұсынды.
Библияның бір әрпін де бұлжытпау мен оның рухына деген шынайы ықыластың және мол қиял мен ежелгі халықтардың мұрасына деген қызығушылықтың үйлесімінде өнер функцияларының өзіне тән ерекшелігі және оның жалпы дүниетаныммен байланысы айқын байқалды. Орта ғасыр адамы білімді де, сенімді де арман етті. Ол өзі сенетін нәрсені көргісі келді. Сондықтан оның табиғаттан көре алмағанын дін ілімі, уағызшының қиялы және суретшінің тапқырлығы беруге тиіс еді. Үстіне ақшыл киім киген, өзі жас, сұлу, қанатты періштенің сыртқы келбетін сипаттай отырып, ортағасырлық ойшыл Әкелерге де, суретшілерге де сілтеме жасаған, суретшілердің оларды қалай салғанына қараңыздаршы: «қанаты, қауырсыны бар, көзі үлкен, ән айтып тұрған, шапшаң етіп бейнелейді» деп жазды 1235 жылы Михаил Скот. Бірақ 1430 жылдары Ян ван Эйктің, неге екені белгісіз, періштелер хорын қанатсыз етіп бейнелеуге батылы барды.
Неге? Өзінің қолынан не келетінін көрсету үшін бе? Менің ойымша, бұл жердегі әңгіме жаңа заман батылдана бастаған, Орта ғасыр дәуірінің күзі келген, суретші шын мәнінде қолына қылқалам ұстаған дін маманы ретінде әрекет ететін Фландрия қалалық өркениеті туралы. Бірақ бұл суретші-дін маманы бұрынғысынша дәстүрлі функцияны атқарады: бейнелеуге келмейтін нәрсені бейнелеу, көзге көрінбейтін нәрсе туралы әңгімелеу. «Көзге көрінетін әдемілік — көзге көрінбейтін әдеміліктің бейнесі», – деп жазды 12 ғасырда Сен-Викториялық Гуго.