ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

5-дәріс. Селжұқтардың Анадолыны жаулап алуы

Martin Siepmann / Superstock

Византия түркілермен қалай танысты, қалай күресіп, татуласты және олардың қолынан қалай талқандалды? Византиятанушы, ирантанушы және түркітанушы Рустам Шукуровтың бесінші дәрісі бізді империяның солтүстік шығысына, 11 ғасырдағы түрік-селжұқ қақтығысына қарай ойыстырады. Олар кім еді? Неліктен Византия Манзикерт шайқасында жеңілді? Бірінші крест жорығын Византия императоры ұйымдастырғаны рас па? Осы секілді сұрақтардың жауабын курсымыздың бесінші дәрісінен оқи аласыз.

Византиялықтар «селжұқтар» деген жалпылама атауды білмегендіктен, оларды «түркілер», «ғұндар», «скифтер», «парфтар», бірақ көбінесе «парсылар» деп әртүрлі атаған. Қазіргі заманғы ғылымға «селжұқтар» атауы Селжұқтар мемлекетіндегі билеуші ​​әулетті білдіретін мұсылман парсы және араб дереккөздерінен енген. Селжұқтар түркілердің оғыз тармағына жатады. Византиялықтар Балқанға шапқыншылық жасаған оғыз түркілерін (торктарды) 11 ғасырдың ортасынан бастап білген; Дунайдағы байланыстар және селжұқтардың арғы түбі саналатын оғыздар бір тайпалар конфедерациясына жататыны сөзсіз. Алайда византиялықтардың өзінде мұндай байланыстың бар екендігі туралы мәлімет болған жоқ және Анадолыдағы «парсыларды» Балқандағы уздарға ұқсатпаған.

Селжұқтар мемлекеті

10 ғасырда Сырдария ябғуының оғыз мемлекеті Бұхара Саманидтерінің11Саманидтерi875–999 жж. билік құрған әулет. Хорасан және Мәуреннахр (қазіргі Иран, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстанның көп бөлігі, Қырғызстанның оңтүстігі және Пәкістан территориялары) территориясындағы мемлекет иеліктерінен солтүстікке қарай Еділ өзенінен қазіргі Қазақстандағы Балқаш көліне дейінгі кең даланы бақылауында ұстады; оңтүстікке қарай олардың қоныстану аймағы Арал өңірі мен Сырдарияның орта ағысына дейін созылды.22Оғыз мемлекетіiОғыздар бұл жерге Моңғолиядан немесе көршілес аймақтардан 8 ғасырдың аяғында Ұлы Түрік қағанатының ыдырауына байланысты келген деп санайды. Орта Азияда оғыз тайпаларының конфедерациясына басқа түріктер — печенегтер, халаждар, чаруктар, қарлұқтар, шығыс түріктер баюндурлар, имурлар және қайлар қосылды; бұдан басқа оғыз конфедерациясына ирандық көшпелілер — аландар мен астар кірген көрінеді Оғыздар бұл жерге Ұлы Түркі қағанатының ыдырауына байланысты 8 ғасырдың аяғында Моңғолиядан немесе көршілес аймақтардан келген деген пікір қабылданған. Орта Азияда оғыз тайпаларының конфедерациясына басқа түркілер: печенег, халадж, чарук, қарлұқтар, шығыс түркі байундурлар, имурлар мен қайлар қосылды; бұдан басқа оғыздар конфедерациясына ирандық көшпелілер: аландар мен астар кірген көрінеді. Автохтондыiiяғни жергілікті, байырғы (грек.). үндіеуропалық және негізінен Иран халқымен араласқан Орта Азияның лимитрофты аймақтарындағы түркі этникалық топтары түрікмендер деп аталды. Лимитрофты, яғни жергілікті Иран халқының ықпалымен ислам дінін қабылдаған аймақтардағы исламданған түркілерді де түрікмен33Түрікмендерi«Түрікмен» атауы оғыздарға ғана емес, сондай-ақ аралас қанды және ислам дінін қабылдаған, Орта Азия шегаралық аймақтарында өмір сүрген қарлұқ, халадж және басқа да түркі тілдес тайпалардан шыққан топтарға да қолданылған. деп атаған.

10 ғасырдың аяғында әлсіреген оғыз ябғуының билігіне қарсы оғыз-түрікменнің кынык тайпасынан шыққан Селжұқ руы бастаған оғыздардың бір бөлігі көтеріліске шықты.44Селжұқтар билікке жету жолындаОғыз селжұқтары Бұхарадағы ирандық (тәжік) Саманидтер әулетіне (9–11 ғғ.), одан кейін 11 ғасырдың басында Әмудария мен Сырдария аралығын Саманидтерден тартып алған түркі Қараханидтер әулетіне қызмет етті. 11 ғасырдың басында селжұқ-оғыздардың басым бөлігі Хорасан55ХорасанҚазіргі Иранның шығыс бөлігін, қазіргі Ауғанстанды, Тәжікстанды және Өзбекстанның көп бөлігін қамтитын Шығыс Иран әлеміндегі тарихи аймақ; Хорасанның мәдени-географиялық аймағы араб жаулап алуларынан кейін ерекше маңызға ие болды, өйткені дәл осы жерде парсы мәдениеті өзінің исламдық нұсқасында қайта жандана бастады; аймақ өзінің субъективтілігін 14 ғасырда Тимурид дәуіріне дейін сақтады. билеушілері Ғазневидтерге тәуелді болды. Оғыздардың сансыз көп көтерілісі олардың Селжұқ руынан шыққан Мұхаммед Тұғрыл бектің (1037–1063) қол астына бірігуімен аяқталды. 1040 жылы Ғазневид сұлтаны І Масудтың орасан зор әскері жеңіліске ұшыраған әйгілі Данданкан шайқасынан кейін оғыздар Тұғрыл бекті жоғарғы билеуші ​​деп жариялады. Одан кейінгі жылдары селжұқтар МәуереннаһрданiАраб. «өзенiң (яғны Әмударияның) aр жағы». Орта ғасырларда Орталық Азияға берiлген атауы Сирия мен Армениядағы Византия империясының шегарасына дейінгі орасан зор аумақтарды тез жаулап алды. 1058 жылы Бағдадтағы аббасид халифасы Тұғрыл бекке ресми түрде сұлтан атағын берді.66Селжұқ сұлтанатының этникалық құрамыiiЖоғарыда қарастырылған жағдайлар сияқты, 11 ғасырдағы түркі жаулап алушыларына өз атын берген селжұқтар шапқыншылықтың қозғаушы күші болды. Селжұқтар отбасына тек көсемдер (содан кейін — сұлтандар) кірді. Селжук жасақтарының оң қанатының бектері кая мен баяттардан, сол қанаты печенегтер мен чавундарлардан тағайындалды. Түркі ордаларының құрамына тек оғыздар ғана емес, қыпшақ тектес тайпалар да кірді.

Селжұқ сұлтаны III Тұғрыл. Парсы қолжазбасынан алынған миниатюра. 15 ғасыр / Alamy

Византияға жорық

Таяу және Орта Шығыста Селжұқ мемлекетінің қалыптасуы 11 ғасырдың 40–70 жылдарында шығыс Византия шегарасында түркілер қысымының күшеюіне әкелді. Бұл 11 ғасырдағы империядағы құрылымдық дағдарыспен, сондай-ақ печенегтер мен уздардың Балқан провинцияларына жойқын жорық жасауымен тұспа-тұс келді және бұл көп жағдайда Константинопольдің өзіне қауіп төндірді.

Әуелгіде селжұқтардың шабуылы көшпенділер жорығының үлгісі бойынша жасалып, жергілікті сипатта өріс алды және халықты жаппай тонау мақсатын көздеген. Әрине, анығында, бұл да империяның қаншалықты қорғалғанын барлау әрекетіне саяды. Барлау қызметінің негізгі нысаны Византия Армениясы77Византия АрмениясыКіші Азияның шығысындағы тарихи аймақ, 387 жылы Ұлы Армения Византия мен Сасани Персиясы арасында бөлінген кезде империяның құрамына кірді. 9 ғасырдың аяғынан 11 ғасырдың ортасына дейін бұл жерлер 1045 жылы Византия қайтадан жаулап алған тәуелсіз Армян патшалығының бақылауында болды. болды. Селжұқтардың орталық билігі отырықшы экономиканы көшпенділердің тонауынан қорғау үшін көшпенділердің қолын шегаралас аймақтарға ығыстырды. Батыс шегараға ығыстырылған түрікмендерді орталық әкімшілік нашар бақылады және олар тәуекел етіп Византия аумағына жорықтар жасап тұрды.

Келесі онжылдықта Шығыс Анадолы провинцияларында билік дағдарысының күшеюімен қатар грек, армян мен сириялықтар арасындағы этноконфессиялық қайшылық шиеленісе түсті. 60-жылдардың аяғында Византияның шығыс шегарасында анархия орнады, түркілер Армения, Ивирия,iiИвирия (Иберия) — грузин және армян жерлерін қамтитын Византияның шығысындағы фема. МесопотамияныңiiМесопотамия — қазіргі Шығыс Түркиядағы Византия фемасы. шегаралық аймақтарын еш кедергісіз күйретіп, жорық жасаған сайын Анадолының орталық аудандарына дейінгі аумақтарға тереңдей түсті: Ани, Севастия, Милитен, Хон және басқа да көптеген қалаға шабуыл жасалды. Түрікмендердің қалың қолы Византия аумағына негізінен екі дәліз — Солтүстік Сирия арқылы Каппадокияға және Понт аймағының оңтүстігіндегі Ұлы Армения арқылы басып кірді.

Бұл арада Тұғрыл бектің мұрагері сұлтан Алып Арслан (1063–1072) тізгінін ұстаған жоғары селжұқ билігі Грузия мен Ұлы Арменияның Византиямен шектесетін аумақтарын жоспарлы түрде өзіне бағындырды, осылайша іс жүзінде түркімендердің империя аумағына жорық жасауына тыл базасын қамтамасыз етті.

Ішкі дағдарыстың шиеленісуі император IV Роман Диоген (1067–1071) билік құрған кезеңнің басында әскердің негізгі құрал-жабдықтың (тіпті қару-жарақ пен аттардың) жетіспеуінен, Анадолы провинцияларының түркілер тарапынан жиі-жиі жорық жасалуынан және жалдамалылардың көтеріліс жасауынан зардап шегуіне, шығыс шегара аймақтарында православие дінін ұстанушылар, армяндар мен сириялықтар арасындағы шиеленістің қауіпті шекке жетуіне әкеп соқты. Шығыс шегарадағы жағдайды түзеуге ұмтылған император гвардия бөлімшелерінен, балқандық «скифтерден», франк және армян жалдамалы әскерлері мен шығыс провинциялардың жасақтарынан құралған қолды бастап елдің шығысына бірқатар ауқымды жорық жасайды. Византиялықтар түрікмендердің тонауына тосқауыл қоюға тырысты, бірақ шешуші табысқа жете алмады, өйткені түрікмендер тура сол кезде Византия әскері болмаған жерден бұзып-жарып өтті. Гректердің шегараны жабуға әрекет жасап көшпелілердің тосыннан жасаған шабуылдарына қарсы тиімсіз стратегияны (өз еркі бойынша немесе еріксіз) ұстанғаны анық болды.

1070 жылдың жазы мен күзінде сұлтан Алып Арслан Византияның шегаралас жерлеріне басып кіріп, Манцикерт пен Арджиш қамалдарын жаулап алды. Оның өз мемлекетінің бытыраңқы және аласапыран орнаған батыстағы шегаралық аймақтарын: іс жүзінде тәуелсіз түрікмен көшпелі көсемдерінің билігіне өткен армян мен грузин аумақтарын, Солтүстік Сирияны, Жоғарғы Месопотамияны тыныштандыруды көздеп, византиялықтармен кең ауқымды соғыс ашуға ниеті болмаған сияқты. Ол мұны болашақта Фатимидтермен88ФатимидтерiОрталығы Каирде орналасқан Фатимидтер халифаты 10–12 ғасырлар аралығында өмір сүрген исмаилиттік шиит халифаты болды. Солтүстік Африканың көп бөлігінде батыста Атлант мұхитына дейін және шығыста Қызыл теңіз мен Сирияға дейін. Селжұқтар сүннит болғандықтан, фатимидтерге қарсы күресті өздерінің стратегиялық міндеттерінің бірі деп санады. соғысу үшін плацдарм жасамақ мақсатымен іске асыруы мүмкін.

600 мың

11 ғасырдың аяғындағы алғашқы көші-қон кезінде Анадолыға осынша көп мөлшердегі селжұқ түріктері келіп қоныстанған

Тұғрұл патша. Гипс рельефі. 12 ғасыр / Courtesy Philadelphia Museum of Art/Purchased with Museum funds

1071 жылдың жазында IV Роман Диоген бастаған Византия әскері шығысқа қарай аттанды. Император Ван көлінің солтүстік жағалауына қатаң бақылау орнату арқылы Армениядағы шегараны нығайтуды көздеді. Ол үшін әскердің үлкен бөлігін Хилатты қоршауға жіберіп, өзі Манцикертке шабуыл жасады. Осылайша, IV Роман түрікмендердің Әзірбайжаннан жорық жасайтын негізгі жолдарын жауып тастауды жоспарлады. Алып Арслан аз ғана күшпен Манцикертке жақын орналасқан василевсті өз әскерінің аз бөлігімен ұстап алуды ұйғарды. 1071 жылдың 26 тамызында IV Роман Алып Арсланмен бейбіт келіссөз жүргізуден бас тартып, селжұқ әскерімен шайқасқа шықты. Екі күнге созылған шайқастың нәтижесінде василевс түркілердің қолына түсіп, әскері тарап кетті. IV Роман Диоген тұтқынға ерекше құрметпен қараған Алып Арсланның ордасында 8 күн болды. Бітім шарты жасалғаннан кейін император Константинопольге аттанды.

Алып Арслан Роман IV Диогенді қорлауда. 15 ғасыр миниатюрасы / BNF

Византиялықтардың шайқаста быт-шыт болып жеңілуі сәтсіз кездейсоқ жайттар тізбегіне байланысты болды. Сұлтан әскерінің қайда жылжығаны туралы сенімді ақпарат алмаған IV Роман өз күштерін таратып, оның аз ғана бөлігін өзінде қалдырды; этникалық жағынан селжұқтарға жақын византиялық печенегтер мен уздардың бір бөлігі жау жағына өтті; византиялықтар жеңген шайқас әскердің IV Романның лагерьге оралуын қашып шегіну деп дұрыс түсінбегендіктен ғана жеңіліске айналды. Шайқас барысы көрсеткендей, селжұқтар Византия әскери машинасының жаппай шабуылына төтеп бере алмады, тек түрлі жағдайлардың тоқайласуы ғана оларға жеңіске жетуге мүмкіндік берді.


Манцикерт шайқасының барысы өткен онжылдықтарда империяны құрмаулаған құлдыраудың заңды нәтижесі болып көрінбейді. Егер әскери тұрғыдан алғанда византиялықтардың жеңілісі мүлде ауыр болмаса (жалпы әскери әлеуетке тым аз зиян келді), империяның әкімшілік және әскери саласында орнаған анархиямен жиынтықта қарастырғанда оның Анадолыдағы Византия билігінің тағдыры үшін апатты салдары болды. Сол тағдыршешті кезде құрылымдық дағдарыстың шарықтау шегіне жеткен империя Анадолыға жаппай ағылған түркілерге қарсы тұра алмады.

Анадолыға жорық жасаған түркілер енді Византия билігінің елеулі қарсылығына тап болмай, бұл аумақты еселенген күшпен күйретті. Роман Диогеннің жеңілуінің нәтижесінде империя ұзақ мерзімді саяси дағдарысқа ұшырады, таққа отырған императорлар көп ұзамай бірін-бірі ауыстырды, ал Анадолыда әскери басшылар бірінен соң бірі көтеріліс жасады. 11 ғасырдың 70-жылдарының аяғына таман шығыстағы Ұлы Армениядан батыстағы Эгей жағалауына дейінгі жерді алып жатқан бүкіл Анадолыда түркілердің талаушы отрядтары әрекет етті. Бұған қоса, көп ұзамай түркілер қалаларға кірді және атап өтетіні, бұған қаланы қоршамастан және қанды шабуыл жасамастан қол жеткізді, бүлікші генералдар олармен одаққа жасасып, қалаларға гарнизон ретінде кіргізді.

I Мәлік-Шах тақта отыруда. Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» еңбегінен алынған миниатюра. 14 ғасыр / Alamy

Жоғалған Анадолы

Византия Анадолысына түркі көшпелілерінің қалың топтары ағылып келді және олардың санын анықтау оңай емес. Сірә, басым көпшілігін гректер мен армяндар құраған Анадолының байырғы тұрғындарына қарағанда жаңадан келгендердің саны әлдеқайда аз болды. 13 ғасырдың ортасында Гийом Рубрук жергілікті «христиандар» мен келімсек «сарациндердің» сандық арақатынасын 10:1 деп анықтады. Бұл арақатынасты мұсылман Анадолысының үлкен білгірі Клод Каэн шындыққа сай келетін шама деп қабылдады. Егер шынымен де Рубруктың бағалауы 13 ғасырдағы өмір шындығына ең болмағанда шамамен сәйкес келген болса (және бізде оны жоққа шығаруға дәлелді себеп жоқ), онда 11 ғасырдың аяғында жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жаңадан келген мұсылмандар саны одан да аз болды. Типологиялық ұқсас мысалдарға назар аудару Рубрук жасаған бағалаудың шындыққа жанасатынын растайды: Жак Ле Гофф тұжырымдаған орынды пікір бойынша, 5 ғасырда Рим империясына қоныстанған варварлар өздері жаулап алған аумақтарда тұрған халықтың 5%-нан аспайтын. Егер 13 ғасырдың ортасына қарай мұсылмандар шынымен де халықтың 10 %-ын ғана құрады деп есептесек, онда 11 ғасырдың аяғында түркі мигранттарының саны екі есе аз болуы әбден мүмкін. Уоррен Трэдгольд Византия Анадолысы халқының саны шамамен 1025 жылы 12 миллион адам болған деп бағалады. Олай болса, Шығыстан қоныс аударған түркілердің бірінші легінде 600 мың адамға дейін болған, яғни автохтондық халықтың шамамен 5%-ын құраған болуы мүмкін деген болжам жасауға болады.

Жарты миллионға жуық келімсек, абсолютті түрде бұл көрсеткіш едәуір болып көрінеді, бірақ жергілікті халықтың орасан көп санымен салыстырғанда ондай емес. Шындығында, басқыншылармен салыстырғанда жергілікті тұрғындардың қаншаға көп болғаны аса маңызды емес, шеттен келгендердің қызмет етіп отырған әкімшілік және экономикалық байланыстар желісіндегі коммуникация тізбектерін қаншалықты тез және тиімді жойғаны маңызды. Византия билігінің бір сәтте күйреуінің себебі: әкімшілік-полиция және қалалық және ауылдық қауымдастықтар микродеңгейінде де тоқырап қалды. Сонымен қатар түркі шапқыншылығы халықтың табиғи азаюынан басқа (адамдардың өлтірілуі және құлдыққа сатылуы), жаппай көші-қонына көшпенділер шабуылдаған аймақтардан жергілікті тұрғындардың дүрлігіп кетуіне себеп болды. Бұл жағдай да Анадолыдағы Византия қоғамының тұтастығын сақтайтын коммуникация желісінің күйреуін күшейтіп, жеделдете түсті.

Көшпелілер миграциясының нәтижесі Анадолыдағы бірқатар аймақта, әсіресе, Орталық Анадолы үстіртінде және оның сыртқы периметрі бойынша тұрған халық санының тез азаюынан да көрініс тапты. Атап өтетіні, аумақтардағы депопуляция кейде шаруашылық жүргізудің екі түрінің — автохтондардың отырықшы егіншілігінің және жаңадан келгендердің көшпелі мал шаруашылығының соқтығысуына байланысты дүрбелең болды. Көшпелілердің мал табындары көктемде де (күздік егіс), күзде де (жаздық егіс) дәнді дақыл өнімімен қоректенген аймақтардан шаруалар тез арада, тіпті бір жылға да шыдамай кетіп қалды. Шеттен келген түркілердің бұл аумақтарды игеруінің келесі кезеңі номадизация, яғни байырғы тұрғындар тастап кеткен жерлерге көшпенділердің немесе келімсек отырықшы егіншілердің тұрақты негізде қоныстануы болды. Этномәдени тұрғыдан алғанда сипатталған процестер аумақтардың деэллинизациясына (деармянизациясына) және түркіленуіне әкелді. Осылайша Анадолының этникалық картасы біртіндеп өзгерді.

Анадолыдағы жаулап алушы түркілерде мүлдем біртұтас күш болмағанын, топ-топ болып бөлінгенін және азды-көпті әскерімен көбінесе бір-бірінен байланыссыз және қандай да бір саяси орталықтан басқарылмай әрекет еткенін атап өту маңызды. 11 ғасырдың 80-жылдарында Анадолыдағы бытыраңқы түркілер Анадолыда шашырап жатқан бірнеше күш орталығының айналасына топтаса бастады. Иран Селжұқтарының билеуші ​​үйінің кіші тармағынан шыққан және Анадолыда тәуекел етіп әрекет еткен түркі әмірі Сүлеймен ибн Куталмуш (1077–1086) Никеяда нық бекініп алды. Сондай-ақ Киликияның бір бөлігіне және Антиохияға билігін таратқан Сүлеймен ибн Куталмуштың дәл өзі Кіші Азияның урбанизацияланған аймақтарында алғашқы мұсылман квазимемлекеттік құрылымын қалыптастырды. Алайда Сүлеймен түркі Анадолысының іс жүзіндегі бытыраңқылығын еңсере алмады, бұл 1086 жылы ол қайтыс болғаннан кейін анық болды. Никеядағы билік әмірлердің бірі және Сүлейменнің мұрагері Әбу әл-Қасымға өтті. Одан кейінгі жылдары түркі топтарының билігі әдеттегідей басып алынған қала орталықтарына сүйенген бірнеше түркі көсемінің төңірегінде біртіндеп саяси бірігуінің процесі басталды.

Әлбетте, көпшілігі ұзаққа бармаған осы билік орталықтарында оғыздардан ғана емес, сонымен қатар қыпшақтардан да тұрған түркілердің әртүрлі субэтникалық және тайпалық топтары басым болуы мүмкін еді. Бұл билік орталықтары, сонымен қатар жергілікті Византия халқына және Константинополь билігіне қатысты әртүрлі саяси және мәдени стратегияларды әзірлеген болуы мүмкін, кейінгі материалдан да мұндай ретроспектив болжам жасай аламыз. Осы тұрғыдан алғанда түркі Анадолысы 11 және 12 ғасырлар тоғысында өте бытыраңқы болды. Дәстүр бойынша қазір біз 11 ғасырда византиялық Анадолыға келген барлық жаулап алушыларды «селжұқтар» деген жалпы атаумен біріктіреміз. Дегенмен түркілердің басым көпшілігі өздерін «селжұқтар» деп және жалпы тұтас бір дүниенің бөлігі деп ұғынғаны екіталай екенін әрқашан есте ұстау керек.

Антиохияның қоршалуы. 14 ғасыр қолжазбасынан алынған миниатюра / Alamy

Комниндер тұсындағы тұрақтандыру

11 ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында император I Алексей таққа отыра сала Солтүстік-Батыс және Батыс Анадолы жағалауы аймақтарында біршама жетістікке жетіп, түркілерді материктің ішкері жағына ығыстырды. Алайда Анадолы істерінде Византияның пайдасына нағыз бетбұрыс әлдеқайда кейінірек Бірінші Крест жорығы рыцарларының арқасында болды.

Крест жорығы идеясының өзін империяны құтқару және оның күш-қуатын қалпына келтіру үшін барлық мүмкін құралдарды жүйелі түрде қолданып көрген I Алексей ұсынған болуы ықтимал. 1097–1098 жылдары кресшілер түркілерді Никеяден қуып, оны византиялықтарға берді. Бұл Анадолыдағы күштер тепе-теңдігін бірден гректердің пайдасына өзгерткен ерекше жетістік болды. Византиялықтар елдің батыс жағын қорғаған ең маңызды стратегиялық тіректерді қайтадан басып алды. Шамамен 1099 жылы I Алексей Анадолының Киликияға дейінгі Жерорта теңізі жағалауын түгел дерлік қайтарды. 1101 жылдың мамырында кресшілер Солтүстік Анадолыдағы Анкираны түркілерден ұрыспен қайтарып алып, византиялықтарға берді.

Александр Эсс. Готфрид Бульонскийдің император I Алексей Комнин мен кездесуі. Шамамен 1879 жыл / Alamy

Дегенмен түркілердің кресшілер мен гректердің жеңістерінен ешбір беті қайтқан жоқ. Одан кейінгі жылдары Анадолының батыс бөлігі үшін ұзаққа созылған күрес жүрді. Түркілер Эгей теңізі мен Пропонтида бойындағы стратегиялық бекініс пунктеріне үнемі шабуыл жасап отырды. Көбінесе императордың өзі басқарған гректердің 1109–1116 жылдардағы жорықтары шегаралық аймақты тұрақтандыруға және Батыс Анадолының ішкі аймақтарын түркі шапқыншылығынан қорғауға бағытталған болатын.

I Алексейдің Анадолыны билеген соңғы жылдарындағы әскери белсенділігі ол жерде Анадолының бұл бөліктерінде бұрын болмаған айтарлықтай тұрақты шегаралық аймақтың (грекше «акрит» аймағының) қалыптасуына әкелді. Айта кететіні, 11–13 ғасырлар үшін Византия-Түркі шегарасы қазіргі заманғы мемлекетаралық шегараға ұқсайтын әлдебір сызық болған жоқ, дәлірек айтқанда, ол аймақ, буфер болды.

Эмиль Синоль. 1099 жылы 15 шілдеде кірестшілердің Иерусалимді алуы. 1847 жыл / Alamy

Шегара аймағының қалыптасуы Византияның Анадолыдағы қалған аумақтарына оң әсерін тигізгені сөзсіз, енді оларға көшпелі еркін адамдар топтарының кіруі және үнемі тұрақсыздық орнатуы мүмкін емес нәрсеге айналды. Византиялық Кіші Азияның көп бөлігі соңғы онжылдықтарда алғаш рет әлеумет пен экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті тыныштық пен қорғаныш тапты. Анадолыдағы құнарлы алқаптар мен порттардың бейбіт жасампаз өмірге оралуы, қала экономикасы мен егіншіліктің қайта жандануы I Алексей тұсында империяның қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіруде, ал оның мұрагерлері тұсында мемлекеттік қазынаның да, империя азаматтарының да әл-ауқатының тез өсуінде шешуші рөл атқарды. Бір немесе екі ұрпақтан кейін Византия қайтадан алтын, зүбаржат және жібекке кенеліп, өзінің экономикалық әлеуеті, демек геосаяси мүмкіндіктері бойынша Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы халықтардың көпшілігінен асып түсті.

11–13 ғасырлардағы Анадолыдағы жағдайға қатысты бір буферлік аймақ (түркі тілінде «удж») туралы емес, ең дұрысы, бір-бірімен өзара байланысты шегаралық аймақтардың тұтас жүйесі туралы айту керек. Бұл үнемі әскери қақтығыс болуына және көшпенділердің озбырлығына байланысты халық аз қоныстанған, бірақ бақылау жасау екі қарсылас Комниндер үшін де, Селжұқтар үшін де өте маңызды болған айтарлықтай кең аумақ еді. Шегара аймақтары ондаған фортификацияланған қоныстармен, бекініс қамалдарымен және форттармен құрылымдалған. Олар туралы біз тек археологиялық қалдықтар бойынша ғана білеміз. Батыс Анадолыдағы ондаған адамнан жүздеген адамға дейін сиятын бекініс форттарын I Алексей Бірінші Крест жорығы басталғанға дейін сала бастады. Бекітілген «әскери базаларға» негізделген дәл осы шағын бекіністер жүйесі көшпенділердің жорықтарымен күрестің бірден-бір тиімді стратегиясы болды.

Бір қызығы, көшпелілердің жорықтарымен күрестің типологиялық ұқсас стратегияларын тарих бойы басқа отырықшы қоғамдар да жасаған. Мысал ретінде Солтүстік Америкадағы үнді аумақтарымен шегаралас аймақтағы форттар жүйесін келтіруге болады (17–19 ғасырлар). Бұл әуелде дуалдармен қоршалған өзара байланысты «станциялар» мен шағын форттар жүйесі болды, бірақ 19 ғасыр ішінде олар іс жүзінде фортификацияланбаған әскери базаларға айналды. «Станциялар» мен форттар отарлаушылар қоныстанған аймақтарды қорғап, тек көлік артерияларын ғана емес, сонымен қатар дұшпан үндістердің дәстүрлі көші-қон жолдарын да бақылайтындай етіп орналастырылды. Анадолыдағы византиялық бекіністер жүйесі де сол логика бойынша құрылған көрінеді. Тағы бір мысал ретінде оңтүстік шегара мен Сібірдегі түркілердің шапқыншылығына қарсы тұрған орыстың қорғаныс жүйесін келтіруге болады. 16–17 ғасырларда бұл «засека» сызығынан, бекінілген қамалдардан және «засека» күзетшілерінің қоныстарынан тұратын «қауіпсіздік шебі» болды. Қорғаныс жүйесі I Петр тұсында дамып, күзет сызығына айналды, оған бақылау бекеттеріне және гарнизоны бар бекіністерге сүйенген үйінді топырақ қоршауы, ор, ормандағы «засека» кірді.

Анадолының батыс бөлігінде географиялық құрылым күрделірек болды: Анадолы үстіртінен Эгей аймағы мен Пропонтиданың құнарлы аңғарларына ену үшін аса маңызды табиғи кедергілер болмады. Сондықтан бұл жерде жағалау аңғарларының географиялық жолмен қорғалмағандығының орнын толтырған Византия форттарының қорғаныс шептері пайда болды. Бұл форттар Анадолы таулы үстіртінің солтүстік және батыс шетінде тұрғызылды, оның құрғақ жазық аймақтары 12 ғасыр бойы отырықшы халық толығымен дерлік тастап кеткен және көшпелілер басып алған Византия мен мұсылман иеліктерінің арасында жатқан иесіз жер болған. Византиялықтар бұл кеңістіктерді түркілердің Эгей мен Жерорта теңіздеріне және Пропонтидаға жарып өтуіне кедергі болатын буфер ретінде пайдаланды.

Ішкі Анадолыдан келген түркілер жағалауға түсетін, көп олжа табуға болатын урбанданған алқаптарға жету үшін оны бұзып өтуге тырысты. 13 ғасырдың екінші жартысында, түркілер ақырында бұл буферді бұзған кезде Эгей аймағы мен Мәрмәр теңізі жағалауының тағдыры алдын ала шешіліп қойылған еді, — ондағы Византия билігі бір сәтте құлады.

Селевк патша әскерімен. «Ұлы Александр тарихынан» алынған миниатюра. 14 ғасыр / Alamy

Селжұқ иеліктерінің консолидациясы

11 ғасырдың ең соңы мен 12 ғасырдың басында мұсылмандық Анадолы көшпелі халықтардың алуан-алуан топтарын біріктіре алған және азды-көпті нәтижемен оларды қала орталықтарынан Византия және мұсылман иеліктері арасында қалыптасқан шегаралық аймақтарға бағыттаған орнықты мұсылман князьдіктері арасында бөлді. Селжұқ мемлекетінің қалыптасуына шешуші үлесті Сүлеймен ибн Куталмуш, одан кейін орталығы Коньяда (Иконий) болған орта Анадолыға мықты бақылау орнатқан оның ұлы I Қылыч-Арслан (1092–1107) қосты. 11 және 12 ғасырлар тоғысында Солтүстік-Шығыс Анадолының маңызды қалалық орталықтары: Сивас (Севастия), Амасья (Амасия), Никсар (Неокесария) төңірегінде, тағы бір маңызды күш орталығы — Данишмандид әмірлігі қалыптасты. Княздіктің негізін Сүлеймен ибн Куталмуш әмірлерінің бірі Данишманд (парсы тілінен аударғанда «ғалым, білімді, дана адам») ол қайтыс болғаннан кейін қалады.

12 ғасырдың бірінші үштен бірінде Бағдат халифасы Данишмандтың ұлы Гюмюштегин Газиге (1104–1135) «патша» (араб. malik) деген құрметті атақ берді. 12 ғасырдың бірінші жартысында Конья Селжұқтары мен Данишмандидтер мұсылмандық Анадолы жерінде билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Кіші Азияның ең шығысындағы осы екі негізгі күш орталығынан басқа 12 ғасырдың бірінші жартысында орталығы Эрзинджан мен Дивригиде орналасқан Мангуджак әмірлігі және орталығы Эрзерумда орналасқан Сальтукид әмірлігі пайда болды. Селжұқтар мен Данишмандидтер 12 ғасырда Шығыстағы Византия саясатының негізгі контрагенттеріне айналды, ал Мангуджактар мен Сальтукидтер өздерінің күштірек көршілерінің ықпалына түсіп, үлкен саяси ойында өте қарапайым рөл атқарды.

I Алексейдің мұрагерлері — II Иоанн мен I Мануил тұсында қарсыласу схемасы өзгеріссіз қалды. Византиялықтар шегара аймақтарын нығайтып, Анадолыны толық қайтарып алудың алғы шарттарын дайындады. Гректердің мұсылман аумақтарына қысымы, әсіресе, I Мануил тұсында күшейді. 1176 жылы I Мануил мұсылмандардың бақылауындағы Анадолы үстіртіне бұзып-жарып өтуді көздеп, Иконийге ауқымды жорық жасады. Алайда Циврица шатқалында (түркі тілінде Джибрилджимани) иесіз қалған Мириокефал қамалының жанында түркілер бірнеше километрге созылған марштағы Византия әскеріне шабуыл жасады. Византиялықтар үлкен шығынға ұшырады, адам шығынымен қатар, жау бүкіл обозды, соның ішінде Иконийге шабуыл жасауға арналған қоршау техникасын жойды. I Мануил қайтуға мәжбүр болды. Мириокефалдағы жеңілістен келген психологиялық зиян әскери шығыннан да ауыр болды. Византияның Анадолыны толық қайтарып алу мақсаты ешқашан жүзеге аспады.

Qalam редакциясы

Қос Анадолы

11 және 12 ғасырларда орын алған оқиғалардың нәтижесінде Анадолы кеңістігі екі негізгі аймаққа: Византия үстемдік еткен христиан аймағына және Селжұқ сұлтандығы үстемдік еткен мұсылман аймағына бөлінді. Балқандағы сияқты византия-түркі әскери-саяси қарым-қатынасының ерекшеліктері Кіші Азия түбегінің әртүрлі бөліктеріндегі ландшафт пен климат ерекшеліктеріне тығыз байланысты болды. Дегенмен Кіші Азия Балқанға қарағанда ауданы жағынан әлдеқайда үлкен және табиғи-климаттық тұрғыдан алғанда әлдеқайда алуан түрлі.

Анадолының орташа есеппен көп бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан кең-байтақ Кіші Азия таулы өлкесі сияқты. Кіші Азия таулы өлкесінің ішкі жағы Анадолы таулы үстірті шығысында Кіші Азияның ең биік және көбінесе жету қиын бөлігі болып табылатын кең-байтақ Армян таулы өлкесімен шектеседі. Анадолы таулы үстіртіндегі шоқылар батыстан (800–1000 м) шығысқа қарай (1500 м-ге дейін) жоғарылайды. Таулы үстірттің ең құрғақ және тасты аймақтары егіншілікке нашар немесе мүлде жарамсыз. Дегенмен кейбір аудандарда егіншілікпен айналысу мүмкін болды және ол өркендеді.

Солтүстіктен Анадолы таулы үстірті Понт тауларымен, ал оңтүстігінен Тавр тауларымен шектеседі. Қара теңіз жағалауын бойлай 1000 км-ге созылған Понт тауларының биіктігі 4000 м-ге жуық. Понт тауларының ұзындығы Қара теңізге тік жартас болып тіреледі; теңіз бен тау арасындағы кейбір аудандарда ғана егіншілікке қолайлы азды-көпті кең жазық жер бар. Понт тауларын кесіп өтетін ірілі-ұсақты өзендердің (Қызылырмақ, Ешілірмақ, Чорох және т.б.) бойындағы аңғарлар өте құнарлы.

Оңтүстігінен Анадолы таулы үстіртін Тавр таулары, шығысында Евфрат өзенінен бастап, батысында Кария тарихи аймағына дейін орманмен жабылған Жерорта теңізі жағалауындағы үздіксіз тау тізбектері (биіктігі 2000–3000 м дейін) шектеп тұр.

Батыста Анадолы таулы үстіртіне Жерорта, Эгей және Мәрмәр теңіздерінің бойымен орналасқан көптеген өзен және көбіне құнарлы кең алқаптар кесіп өтетін ауқымды таулы кеңістіктер тиіп тұр. Ең урбандалған жерлер теңізге тиіп тұрған аймақтар (таулы тізбектері мүмкіндік беретін жерлер), әсіресе, Кіші Азияның батыс бөлігі, сондай-ақ Шығыс Анадолы болды. Бұл аймақтарда урбанизация жоғары дәрежеде болуына байланысты магистральді және жергілікті маңызы бар жолдардың ең тығыз желісі қалыптасты.

11 ғасырдың аяғына қарай Анадолы үстірті түркілердің билігіне өтті, Византия билігі Кіші Азияның теңіз жағасындағы ареалдарында ғана сақталып отырды. Қара және Жерорта теңіздерінің бойындағы жағалау жерлер орталық үстірттен тау тізбектерін қалыптастырған табиғи тосқауылмен бөлінген, бұл түркілердің жағалау аймақтарына кіруін қиындатты. Понт таулары мен Таврдың арқасында Солтүстік-Шығыс Анадолының жағалау маңы аймақтарында орталығы Трапезундта орналасқан Понт аймағында гректер, ал оңтүстік-шығыста Киликияның армяндары мен гректері шоғырланып, ұзақ уақыт ішкі үстірттен түркілердің жасаған шабуылдарына нәтижелі тойтарыс беріп отырды.

Бақшадағы музыканттар. Кесе. 11 ғасырдың соңы – 13 ғасырдың басы / New York. The Metropolitan Museum of Art

Көшірілді